Размер шрифта:

Цветовая схема:

10 тамыз, 2020660

«Папа поневоле»: Жаңа жыл алдындағы премьера!

Отбасылық «Папа поневоле» отандық комедиясы 2020 жылдың соңғы күнінде көрермендерге жол тартады.

Карина есімді жалғызбасты ана ұлы Әли және қызы Данамен жаңа жылды басқалар сияқты емес, сәл ертерек – күндіз қарсы алуына тура келеді. Барлығына оның жұмысы себеп болып отыр. Өйткені Карина Ақшақар киімін киіп, жаңа жылда өзгелердің балаларының көңілін аулауы мәжбүр. Әли мен Дана әкелері болғанда жаңа жылды жалғыз емес, сонымен бірге өткізер едік деп армандайды. Балалардың бұл тілектері орындалады. Олардың пәтерлерінің балконына қайдан екені белгісіз Айдар есімді жігіт келіп құлайды. Балалар мұны мерекенің сиқыры деп қабылдаса, көктен түскен жігіт бұл жағдайды артынан қуған полицейлерден құтылудың тиімді жолы деп біледі. Сөйтіп жағдайды пайдаланып, балаларға өзін олардың әкелері деп таныстырады. Осылайша Айдар зейінді әрі пысық екі баланың тұтқынына айналып, «еріксіз әке» атанады. Айлакер жігіт полициядан осылай оңай құтылып, жасырынып жүре ала ма? Балаларды қаншалықты ұзақ алдап жүре бермек? Алда кейіпкерлерді талай тосынсый күтіп түр. Картина шынайы өмірмен астасқан әзіл-сықаққа толы болмақ.

«Папа поневоле» комедиясының продюсері - Тимур Бақтыбаев, режиссері - Олжас Ибраев. Фильмдегі бас кейіпкерлерді актер Тәуекел Мүсілім, Жанель Мақажан, Олжас Алжанов, Ернар Сакупов, Бейімбет Бақытқадыров, Ерболат Жанабылов, Самал Төлегенова мен Амир Исмаиловтар сомдайды. Ал кішкентай кейіпкерлердің рөлін жас актерлер Айбар Таңғыт пен Әлима Дүйсен орындайды.

Сәтін салса, отандық «Папа поневоле» комедиясы 2020 жылдың 31 желтоқсанында қазақстандық прокатқа шығып, көрермендер назарына ұсынылады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  фильм авторларының жеке мұрағатынан

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы