Размер шрифта:

Цветовая схема:

08 қазан, 2020357

«Преодолевая барьеры» картинасы Филиппин еліне жол тартады

Отандық режиссер Бану Рамазанованың «Преодолевая барьеры» қысқаметражды картинасы Филиппин мемлекетінде өтетін Cebu International Film Festival Халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі. Қазақстандық картина фестивальдің шорт-парақшасына кірді. Бұл туралы кинофестивальдің Facebook-тегі парақшасында жарияланды. 

«Преодолевая барьеры» картинасының халықаралық фестивальге қатысуы бұл бірінші рет емес. Биылдың өзінде қысқаметражды лента АҚШ, Түркия, Грекия, Ресей мемлекеттерінде өткен фестивальдерге қатысты. Енді отандық фильм Филиппин елінде де бақ сынамақ. Cebu International Film Festival Халықаралық фестивалі осы айдың 20-ы мен 21-і аралығында өтеді. Картина «Үздік ұзақ әңгіме/деректі фильм» секциясына қатысады.

Cebu Халықаралық кинофестивалі  кинематографистерді жинай отырып, олардың киноөндірістегі өнері мен шеберлігін шыңдауға бағытталған. Сол арқылы әлем елдерінің тарихымен бөлісіп, құнды мәдениетаралық әріптестікті дамыту көзделген.  

Естеріңізге сала кетейік, «Преодолевая барьеры» деректі фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясымен түсірілген. «Бабалар мұрасы» топтамасына жататын фильм асылтұқымды Абсент атты ақалтеке жылқысы жайында баяндап, Қазақстандағы ат жарысының әлеуетін көрсетеді. Деректі лентаның түсірілімдері өткен жылы Алматы облысында, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінде – Тараз бен Шымкент қалаларында, сонымен қатар Ташкент (Өзбекстан) пен Екатеринбург (Ресей) қалаларында өтті.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы