Размер шрифта:

Цветовая схема:

22 маусым, 2020508

Продюсер Қуралай Анарбекова карантин туралы фильм түсірмек

Продюсердің жаңа туындысы «Вирусные гости» деп аталмақ. Бұл туралы танымал тұлға өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Елімізде коронавирус індеті тарап, карантин жарияланған кезде чаттарға түрлі қисынсыз әңгімелер де жіберілген еді. Осындай әңгімелердің бірі Қуралай Анарбекованың жаңа туындысына арқау болып отыр.

«Естеріңізде ме, карантин енді басталған кезде кей қалаларда коронавирус оқиғаларына байланысты дәліздер жабылған болатын? Сол кезде жеңіл жүрісті қызды үйіне шақырып, онымен ұзақ уақытқа қамалып қалған жігіт туралы ертегі өрбіген болатын. Ия, WhatsApp-қа маған да мұндай әнгімелер жіберілген еді», - деп жазды продюсер.

«Біз Әлішер Утевпен бұл хикаяны талқылай отырып, ақырында түрлі адамдар бір бөлмеде қамалып қалуға мәжбүр болатындай бұл оқиға фильм сюжетіне барып құйылатындай қалай өрбитін еді деп елестетіп көрдік. Кенеттен үйінің есігін қағып келген «тапсырыс берушінің» әйелі болмағанда, барлығы жақсы болар-еді. Қандай тосынсый күтіп тұрғанын білмей келген әйел мен осынау «киын кезеңде» қалып қойған «еріне» не болатын еді», - деп толықтырады ол.

Айтуынша: «Сценарий дайын, біз түсірілімге кірісеміз. Ерекше әрі көңілді кино болуы керек. Бірден ескертіп қояйын, ешқандай көргенсіздік пен интимді көріністер болмайды».

Жаңа туынды көрермен назарына қашан ұсынылатыны белгісіз. Алайда, қызықты болады деп сенеміз. Ал, әзірге белгілісі - фильм режиссері Әлішер Утев болмақ. Сценарийін Әнуар Тұржігітов, Әлішер Назаров, Әсел Қадырсейіт пен Әлішер Утевтер жазды. Продюсері – Құралай Анарбекова.

«Кинотеатрлар қашан ашылатынын білмеймін, алайда мұның барлығы аяқталатынына сенемін. Тек шыдап, қауіпсіздік шараларын сақтауды жалғастыру керек. Сол кезде «ТойХананы да, Карантин туралы жаңа фильмді де қызықты кампанияда көре алатын боласыздар», - деп жігерлендіреді Қуралай Анарбекова.

Айта кетейік, продюсердің «ТойХана» атты туындысы сәтін салса, кинотеатрлар ашылатын болса, 1 шілде күні көрермендерге жол тартады деп жоспарланған.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы