Размер шрифта:

Цветовая схема:

01 қыркүйек, 2020350

Пусанда қазақстандық «Әбіл» фильмінің сценарийі ұсынылады

«Қазақфильм» киностудиясының «Әбіл»/«Авель» драмасының сценарийі Азиядағы ең ірі киножобалар нарығына жол тартады. Отандық жоба Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін Asian Project Market шарасында ұсынылатын болады.

Киножоба режиссері Елзат Ескендір үшін Оңтүстік Корей елінің аренасы таңсық емес. 2016 жылы ол Пусан Халықаралық кинофестивалінде өзінің дебюттық «Өліара» қысқаметражды картинасын ұсынып, үздік атанған. Фильм қазақ жазушысы Оралхан Бокейдің аттас повесі негізінде түсірілген болатын. Өліара – бұл ай ортасындағы кезең. Дәл осы кезеңде бас кейіпкер әйелінің оның көзіне шөп салғанын біліп, туған елінен біржола кетуге бел буады. Фильмдегі бас рөлдерді Асылболат Смағұлов, Баян Қажынабиева, Дулыға Ақмолдалар сомдады. Енді оның көне өсиетке толы қазақстандық шопан жайындағы жаңа жобасы да таңғы балғындық еліне жол тартады. Мұнда осы жылдың қазан айында жоба сценарийі әлемнің түпкір-түпкірінен жиналатын инвесторлар назарына ұсынылады.

Картинаның бас продюсері - Анна Вильгельм. Ол осыған дейін режиссер Эмир Байғазиннің «Раненый ангел» және режиссер Катерина Суворованың «Завтра море» фильмдеріне продюсерлік еткен.

Айта кетейік, Asian Project Market кинонарығы Пусан Халықаралық кинофестивалі аясында өткізіледі. Бұл шараға тек болашағы зор жобалар ғана қатысады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhfilmstudios.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы