Размер шрифта:

Цветовая схема:

13 сәуір, 2021221

"Qajymuqan" фильмінің көрсетілімі осы жылдың күз мезгіліне жоспарлануда

Режиссер Қанағат Мұстафин ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі туралы «Qajymuqan» фильмін түсірген болатын. Фильмді осы жылдың қыркүйек айында прокатқа шығарып, көрермен назарына ұсыну жоспарланып отыр. Бұған дейін картина халықаралық кинофестивальдерде көрсетілетін болады.

Фильмдегі басты рөлдерді Жүргенов атындағы академияны бітірген ағайынды Ербол мен Дияс Төлепбергеновтер сомдаған болатын. Дияс жас Қажымұқанды, ал Ерболды ересек кезінде сомдайды. Кастинг өте ауқымды болды, команда күрес бойынша спорт секцияларында Қазақстанның барлық өңірлері бойынша актерлерді іздестірген.

«Міндет оңай болған жоқ. Қажымұқандай алпауыт болған, бойы екі метрден асып жығылатын киноактерлерді тауып іздестіру өте қиынға түсті. Бойы екі метрден жоғары биік актерлерді саусағымызбен санауға болады», - деп атап өтті картинаның режиссері.

Түсірілім процесіне дайындық бір жарым жылдан астам уақытқа созылды, түсірілімнің өзі Жаркент, Шундж, Алматы, Қапал, Қарой, Қайыңды көлінде және Минск қалаларында өтті.

Сценарий жазуда Қажымұқанның немересі Бақытжан Қажымұқанов кеңес берді. Ол сонымен қатар аталмыш фильмдегі эпизодтық рөлді сомдап шыққан болатын.

Қажымұқан - қазақ палуаны және цирк әртісі. Бірнеше рет кәсіпқойлар арасында классикалық күрес бойынша әлем чемпионаттарында жеңіске жетті. Француз күресінен әлем чемпионы атағын алған алғашқы қазақ палуаны; ауыр салмақтар арасындағы классикалық күрестен әлемдік, ресейлік, өңірлік, содан кейін жалпыодақтық чемпионаттарда бірнеше рет жеңіске жетті. Ол елуге жуық түрлі марапаттар мен медальдардың иегері.

Еске сала кетейік, режиссер Қанағат Мұстафин «16 кыз», «Самая красивая» және «Той любой ценой»  сияқты толықметражды фильмдерді, сондай-ақ "Бақталас", "Бір кем дүние", "Телепорт" және басқа да көп сериялы телехикаяларды түсірген болатын.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы