Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 маусым, 2020358

"Қанатсыз құстар" телехикаясының жалғасы түсіріледі

Алматы қаласында  "Қанатсыз құстар" хикаясының екінші маусымы түсіріліп жатыр. Бұл жолы қоюшы режиссер-продюсер ретінде бұрын жобаға атсалысқан Ұлпан Құрайысова болды.

Бірінші маусым сюжеті бойынша автомобиль апатында әйелі мен болашақ баласын жоғалтқан Алтай есімді ер адамның өмірі туралы баяндалады. Ол 13 жасар қызымен жалғыз қалды. Алтай өз өмірінің жолында түрлі азаппен, әділетсіздікпен және басқалардың жасаған қатігез қадамдарымен бетпе-бет кездесіп, сағы сынуына дейін барады. Бірақ ол бұл қиындықтардың тек бастапқы кезеңі екенін білген жоқ. Уақыт өте оның қызы бой жетіп, анасының яғни Алтайдың жұбайының және туылмаған сәбиінің өліміне себепкер болған ер азаматқа тұрмысқа шығады. 

Ұлпан Құрайысованың айтуынша, түсірілімге бұрын дәл осы жобамен жұмыс жасап, өз таланттарын көрсете білген дарынды киногерлер қайта жұмылдырылған. Алайда, Ұлпан кейіпкерінің біраз өзгерістерге ұшырағанын хабарлады.

Телесериалда көрермендер белгілі актер Нұрлан Әлімжанов, Айдос Бектеміров, Олжас Бекбауов, Ерлан Әли, Әлия Жанатқызы, Гүлшарат Жұбаева және тағы да басқа актерлер мен актрисаларды да көре алады. 

Сериалда басты кейіпкерлердің рөлін отандық танымал актерлер сомдайды. Солардың бірі Нұрлан Әлімжанов. Ол 1984 жиырма тоғызыншы сәуірде қазақтың көркем жерлерінің бірі Бурабай даласында туған. Елімізідің белігілі актері, әншісі, композиторы әрі тележүргізушісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған болатын. "Елбасы жолы" киноэпопеясында Қазақстан Республикасының Тұғыш Приезиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдап, отандық киногерлер арасында беделді актерлердің қатарынан көрінген еді.  Ол «Шолпан», «Бақсы», «Ағайынды», «Менің балалық шағымның аспаны», «Мың бала», «Ағайынды 2», «Темір тау», «Елбасы жолы» және «Разрывая замкнутый круг» сынды картиналарда басты және қосалқы рөлдерді сомдаған болатын. Оның түсірілімдегі әріптесі Айдос Бектеміров те дарынды актерлердің тізімінің қатарынан. Ол 1950 жылы жиырма бесінші мамырда еліміздің Қарағанды облысында жарық дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының беделді актері. Оның фильмдер тізімінде: “Цунгцванг”, “Құнанбай”, “Алдар Көсе”, “Біржан сал”, “Нан дәмі”, “1984 Шоқан Уәлиханов”,“Көшбасшы жолы” және де “Ағайындылар” сияқты картиналары кездеседі. 

Ұлпан Құрайысова, режиссер: 

«Неліктен дәл мен осы жобаға режиссер ретінде шақыртылдым? Бәлкім, оның бір ғана себебі бар шығар. Өйткені, әйелдің көзқарасы мен ер адамның көзқарасы ерекшеленеді. Не дегенмен, ер азаматтар терең логикаға беріле бермейді. Сондай-ақ, ситуациялық жағдайға тіке қарап, басқа да әмбебап шараларды қолданысқа енгізіп, жағдайға басқа тұсынан көз сала бермейтіні жасырын емес. Мен отандық режиссурада өз еңбек жолымды енді ғана бастап келе жатырмын. Қасымда әріптесім Алмат Есім қолдау білдіріп, білмегенімді  көрсетіп, кеңес беріп жүреді. Оның қысқа метражды фильмдер мен сериалдарды түсіруде өте үлкен тәжірибесі бар. Біз екеуміз бірге тандемде өте жақсы жұмыс істеп келе жатырмыз».

Әлемде орын алған пандемия жағдайларына байланысты телесериал түсірілімдері карантин режимінде түсіріліп жатыр. Телехикая режиссерінің айтуынша, қазіргі таңда фильм авторларының жұмыс кестесі өте белсенді. Ол жобаның қатысушылары мен авторларына және де түсірілім тобына жұмыс процессіне белсене қатысып, талмай еңбектеніп, картинаның түсірілімдерінің орын алуына барынша жағдай жасап, жобаның сәтті шығуына қолдан келгенше беріліп жұмыс атқарып келе жатқандары үшін алғысын білдірді.

"Біз көрермендердің сенімін ақтаймыз деп үміттенемін және қоюшы-режиссер ретінде барлық шығармашылық команданың еңбегін ақтаймын", - деп толықтырды ол.

Еске сала кетейік, "Қанатсыз құстар" телехикаясының екінші маусымы телеэкранға болашақта қашан  шығатыны әзірге белгісіз.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  qazaqstan.tv

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы