Размер шрифта:

Цветовая схема:

07 сәуір, 2021393

Қарлығаш Мұхамеджанова мен Дәурен Айдарқұлов жаңа жобаға түседі

Елімізде тағы да бір жаңа веб-сериал түсірілгелі жатыр. Романтикалық телехикаядағы басты рөлді елімізге белгілі әрі дарынды киноактриса Қарлығаш Мұхамеджанова сомдайтын болмақ.  

Сериалдың сценарилік сюжеті бойынша, бұрынғы сыныптастар Берік пен Салтанат арасындағы болған махаббат сезімі мен олардың айырылысуы жайлы баяндайды.  Олардың жолы баяғыда екіге бөлінген. Салтанат тұрмыс құрып, қазір екі балғынның аяулы анасы. Ал Берік әлі шаңырақ көтерген жоқ, есесіне ол бүкіл өмірін хирург мамандығына арнап карьерасына ден қойған. Бір күні Берік кездейсоқ Салтанат кездестіреді, оның бұрыннан ажырасқанын біледі және олардың бұрығы қарым-қатынасын қалпына келтіруге тырысады. Алғашқы махаббат жаңа күшпен басталады. Алайда, ол өзіне қуанышты емес балғындармен тіл табыса алады ма?

Жобаның режиссері-Модияр Әбдіқадыров. Ал операторы - Диас Абдрахман. Сериалдың продюсері-Дархан Ақылбек. Сценарий авторлары-Дархан Кәріпов және Алтынбек Қырықбаев.Сондай-ақ, сериалда Аида Құрманғалиева, Шоқан Чупанбаев және Марат Достаевтар жұмыс истейтін болады. Сериалдың премьерасы 2021 жылдың жазына жоспарланып отыр.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы