Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 қазан, 2020411

Қарлығаш Мұхамеджанова түскен фильмдер

Еліміздің белігілі актрисалар қатарына кіретін шебер киногер Қарлығаш Мұхамеджанова көптеген танымал отандық және шетелдік картиналардан бой көрсетіп жүр. Талантты актриса түскен фильмдердің топтамысын назарыңызға ұсынамыз.

Лавэ, 2009 жыл

Криминал жанрында түсірілген блокбастер 2009 жылы үлкен экрандардан көрсетілді. Картина режиссері Ануар Райбаев. Бұл режиссердің алғашқы жұмыстарының бірі болған еді. Операторлық қызметте Максим Задарновский еңбек етті.  Фильмдегі оқиғалық желі бойынша, бала кезден бері дос болып келе жатқан төрт жолдас ақшаны лас жолмен табуды көздейді. Ақшаны табыстау кезінде мафия басшысының баласы қайтыс болады. Қылмыскердің кім екені белгісіз. Мафия арнайы киллерді жалдап, қылмыскер мен ақшаны ұрлағандарды іздеуге салады.

Рывок, 2010 жыл

Спорт бағытында түсірілілген отандық картина көптің көңілінен шықты. Қанағат Мұстафин түсірген кинофильмнің ұраны: «Шыдамдылық және еңбек- табыстың басты көзі» болды. Картинаның сценарий авторлары: фильм режиссері Қанағат Мұстафин, Ержан Рүстембеков, Ерлан Нұрмахамбетов. Ал продюсерік қызметте болғандар қатарында Ермек Аманшев пен Айдархан Адильбаевтар бар. Операторы Максим Задарновский. Мотивацияға толы фильмді әдемі музыкамен сүйемелдеп шыққан композитор Армен Мартиросян. Картина бюджеті 500 мың долларын құраған. Фильм премьерасы 2010 жылдың 28 қаңтарында өтті. Картина сюжеті бойынша басты рөлдегі кейіпкер спортта табысты әрі болашағынан үлкен үміт күттірер спортшы еді. Алайда, сынақ оны айналып өткен жоқ. Оның мансабын көреалмаушылық құртты. Аурухана төсегіне танылған спортшы өз орны осы жерде, спортқа енді қайта орала алмайтындығын ойлап өмірінен түңіледі. Алайда сондай уақытта балалық шағында ештеңеден қорықпай, тек алға қарай жүретіні есіне алып өз-өзін қара түнектен құтқаруды шешеді.

Махаббат тәлкегі, 2010

Ресей және Қазақстан біріге отырып түсірген кинокартина «Махаббат тәлкегі / Ирония Любви» деп аталады.  Романтикалық картина Александр Черняев режиссерлік етті. Ержан Рүстембеков, Данияр Күмісбаев, Владимир Забалуев  және тағы басқалары картинаның сценарий авторлары ретінде еңбек етті. Халықаралық кинофильмнің басты рөлінде Әсел есімді бойжеткен. Ол өз күнделікті күнін бағалы бұйымдарды сатып алудан, шопингтан бастаса, кешке қарай қымбат мейрамхананың верандасында мохито ішіп күн батырады. Зиялы қауымның өкілі саналатын Әселге кейде тіпті жан құрбыларының өздері қызғанышпен қарайды. Әселде барлығы бар: мұнай бизнесінде жүрген күйеу жігіті, Мәскеудің орталығындағы пәтер және ләззатқа толы өмір. Және ең бастысы ол ер азаматтарды өзіне баурап алатын қасиеті бар. Бірақ телевизиялық жобаға түсуі үшін ол өте ерекше бір жігітті өзіне қаратуы қажет. Фильм бюджеті екі миллион АҚШ долларын құраған. Басты кейіпкерлер рөлін Алексей Чадов, Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Фархад Абдраимов сынды елге белгілі киногерлер сомдаған. Әлемдік премьера 2010 жылдың 25 наурызында болған. Әлемдік кассалық жиын 4 миллионан астам АҚШ долларын құраса, тек Ресей мемлекетінің өзінде, 4 миллион АҚШ доллары қаражаты жинақталған болатын.

Ликвидатор, 2011 жыл

Режиссер Ақан Сатаевтың түсірген «Ликвидатор» кинолентасы үлкен табысқа кенелгені рас. Фильмнің премьерасы 2011 жылы сәуір айының 7 жұлдызында өтті. Жобаның бюджеті 3 миллион АҚШ долларын құрады. Ренат Гайсин композиторлық еткен туындыға Ермек Аманшаев, Алия Увальжановалар продюсер болды. Оқиға Арсен есімді басты кейіпкердің өмірінен басталады. Ағасының қазасынан кейін бұл өліммен байланысты күмәнді деректер табылады. Ол бұл құпияның шешімін тауып, ағасының өліміне себепкер қылмыскерлерді іздеуге кіріседі. Алайда, бұл ол үшін және өз өмірі үшін үлкен қауіп төндіретін күрделі мәселе. Арсеннің күші шындықтың ашуға жете ме?

Семь майских дней, 2011

Ермек Тұрсынов сценарист әрі режиссері болған кинолентаны Қазақстан және Ресей елдері біріге отырып түсірген. Картина танымал Мухлисов бандасының кимноверсиясы болды. 2001 жылдың мамыр айында Алматының коммерциялық банктерінің бірінің инкассаторлық машинасы тоналған болатын. Алматыдағы Америка елшілігінен 50 метр қашықтықта болған бұл шабуыл барысында бірнеше адам қаза тапты. Шабуылшылар 700 мың долларды иемденіп, содан кейін оңтүстік астананың айырбастау пункттері мен ұйымдарына бірқатар рейдтер жасады. Қылмысқа қатысы бар күдіктілер көп уақыт өтпей тұтқынға алынды. Дегенмен, бұл оқиға бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де жадында ұзақ уақыт уақыт бойы сақталып қалғаны рас. 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы