Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 қаңтар, 2021169

«Қазақ хандығы» Түркия мен Қытай елдерінде көрсетіледі

Режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Алмас қылыш», «Алтын тақ» тарихи фильмдерін және «Қазақ хандығы» сериалын енді түркиялық және қытайлық көрермендер тамашалайтын болады. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Отандық тарихи фильмдерге сұраныс артып келеді. Оларға қазақстандық көрермендер ғана емес, өзге елдер де қызығушылықтарын білдіріп отыр. Мәселен, 2017 жылы жарық көрген «Алмас қылыш» және 2019 жылы шыққан «Алтын тақ» тарихи картиналары мен «Қазақ хандығы» сериалының екі маусымының дистрибуция құқығын Түркияның «Duru Filmcilik» және Қытайдың «Magic Fair» компаниялары сатып алған. Ал, бұдан бұрын 2017 жылы «Алмас қылыш» фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Кореялық «Амаdеus» компаниясы сатып алған болатын. 

Етеріңізге сала кетейік, аталған жобалар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Centaurus Rustem Abdrashev production компаниясының қатысуымен түсірілген. 

Аталған фильмдер қазақтың тұңғыш хандары Керей мен Жәнібектің және олардың ұлдарының Абулхайыр Шайбанимен күресі және Ұлы далада қасірет пен қиындықта жаңа мемлекеттің – «Қазақ хандығының» құрылуы туралы баяндайды.   

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы