Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 қазан, 2020564

Қазақ киносының саңлағы Шәкен Аймановтың 10 фильмі

Қазақ кинематографы Шәкен Айманов есімімен егіз. Дәл осы тұлға ұлттық киноматографтың бастауында тұрып, қазақ киносын өзгелерге танытқан жанның бірі. Мейірім мен жақсылыққа толы картиналарын сағынған болсаңыз, тағы бір естеріңізге салып өтейік.   

«Дала қызы»/«Дочь степей»

 «Дала қызы» картинасындағы оқиғалар желісі Кеңес мемлекеті енді-енді өмір сүре бастаған жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары өрбиді. Қазақ ауылында Ақтанбай есімді бай кулактар жала жаппай тұрғанда бар мал-мүлкін алып, шетелге әкетпекші. Отар жүре алатын қауіпсіз жолды тек қой бағушы Малғабар ғана көрсете алады. Қойшының еріп жүруі үшін Ақтанбай оған жетім бойжеткен қыз Нұржамалды сыйға тартпақ. Алайда қыз тұрмысқа шыққысы келмей, Малғабардан оны жіберуін өтінеді. Жігіт келісіп, қызға Ақтанбайдан қашуға көмектеспек болады. Жылдар өткен соң, Нұржамал туған өлкеге қайта оралады. Алайда енді ол медицина институтының түлегі.

«Дала қызы» картинасының режиссері қазақ киносының мэтрі Шәкен Айманов. Фильмде бас рөлдерді Малғабар мен Нұржамалды кеңестік актерлер - Сайфулла Телғараев пен Бибигүл Төлегеновалар сомдайды. Сценарийін жазған Роман Фатуев болды. Кинолентаның премьерасы Кеңес Одағында 1954 жылы өтті.    

«Біз осында тұрамыз»/«Мы здесь живем»

Жергілікті биліктің бұйрығы бойынша Қазақстанға тың жерлерді игеру үшін жұмысшылар тобын жібереді. Алайда бұл ауданда барлығы бір көрінгендей оңай болмайды. Оны жергілікті орманшы да ескерткен болатын. Тың игерушілерге табиғи жағдайлармен ғана емес, тың жерлерді өңдеуге қарсылық білдіретін совхоз директоры Қуаныш Қорқытовпен де күресулеріне тура келеді. Екі жақты шиеленістің нәтижесінде Қорқытовты лауазымынан шешеді. Ал совхозға басқа идеяларға толы тың игерушілер келеді.

Картинаны 1956 жылы Шәкен Айманов режиссер Матвей Володарскиймен бірігіп түсірген. Фильм сценарийін Владимир Абызов, Михаил Блейман мен Шахмет Хусайыновтар жазды. Түсірім жұмыстары Қазақстанда жүргізілген, нақтырақ айтқанда, сол кездегі Көкшетау облысы, Симферопольский совхозында өтті. Картина 1958 жылы өткен бірінші Бүкілодақтық Мәскеу кинофестивалінде бірден екі жүлдеге ие болды.  

«Біздің сүйікті дәрігер»/«Наш милый доктор»

«Біздің сүйікті дәрігер» музыкалық кинокомедиясы дәрігер Лавров туралы сыр шертеді. Оның мерейтойына арнап емделушілер мен санаторий қызметкерлері концерт ұйымдастырмақ болады. Бүкіл ел бойынша халық әртістерін іздеп әбігер болады. Алайда мейрам күні ешбірі бос емес болып шығады.  

Бұл дәрігер үшін адамдарды емдеу қаншалықты маңызды болса, оларды қуанту да соншалықты еді. Өзінің мінезі бойынша Анатолий Николаевич қарапайым әрі жасы егде тартқан адам. Оны сомдаған актер Юрий Померанцевке түсірілім кезінде гримнің көмегімен екі есе қартаюына тура келді. Себебі фильм түсіріле бастағанда Юрий Померанцев небары 33 жаста еді, ал оның кейіпкері 60-тың асқарына жеткен. Биыл белгілі кеңестік әрі қазақстандық кино және театр актері 97 жасқа келді.    

Бүкіл фильм музыкалық қосындардан тұратындықтан, ондағы актерлер де қарапайым адамлар емес. Хатшы, әріптес, шақырылған қонақтарды шынайы өмірде Алматының кәсіби бишілері, әншілері мен музыканттары орындайды. Ал олардың рөлдеріне ән жазған композитор Александра Зацепина. Ол үшін «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі кино әлеміндегі дебюттық жұмысы болды.  Картина 1957 жылы жарық көрді, ал 2011 жылы «Қазақфильм» киностудиясы оны қайта жаңартты. Биыл атақты кинолентаның екінші бөлімі түсіріле бастады. Оның режиссері - Асқар Бисембин.

«Бір ауданда»/«В одном районе»

Картинаның бас кейіпкері – Сабыр Баянов. Бүкіл еңбек жолында ол барлығына қол жеткізді: партияның аудандық комитеті хатшысы қызметін атқарды, жоғары жалақы алып тұрды, әріптестері арасындағы құрметке ие болып, тұрақты басқару жүйесін ретке келтірді. Алайда уақыт өте мұның барлығы оны жалықтырып жіберді. Ұзақ ойлана келе, Сабыр қарапайым адамдардың арасына барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен таныспақ болады.

«Бір ауданда» - бұл драма жанрындағы ақ-қара түсті фильм. Сабыр қарапайым адамдар арасына барған соң, ол бұл азаматтардың тұрмысына еніп, қызмет еткен жылдары қабылдаған шешімдердің барлығын қайта қарастырады. Бас кейіпкердің психологиялық желісі мен тебіренісінен бөлек, режиссер әрі сценарийші Шәкен Аймановтың картиналарына тән қарапайым шаруалар еңбегі де кадрдан тыс қалмады.

«Бір ауданда» картинасының сценарийін Шәкен Айманов пен Игорь Саввин жазды. Фильм түсірілімдері 1960 жылы Қазақстанда жүргізілді. Кинолентаның бірнеше сахнасы Баянауылдағы балалар пионер лагері маңындағы Жасыбай көлінің жанында түсірілді. Алайда лентаның соңғы нұсқасына пионерлермен түсірілген кадрлар кірмей қалды.

«Ән шақырады»/ «Песня зовет»

Ауыл белсендісі Әйгүл өзінің әуесқой театрын ашып, оған халық арасынан талантты адамдарды тартпақ болады. Алайда бұл іс қыз тұрып жатқан ауылға Досай Нұрланов есімді белгісіз ер адам келген соң ғана өрге жүзе бастайды. Кейін белгілі болғандай, Досай Нұрланов атақты әнші болып шығады. Әйгүлдің идеясы оны қызықтырғаны соншалық, ол осында қалып, қызға көмектесуді жөн көреді.   

Фильм ауылдағы жұмысшылардың қарапайым өмірін көрсеткеннен бөлек, музыкалық сахналарға да толы. Картинадағы бірқатар көріністердің саундтректері де бар. Оларды жасаумен композитор Александр Зацепин айналысты. 1962 жылы картина екі ерекшелік белгісіне ие болды. Оның бірі  - Р.Мухамедьярованың актерлік ойны үшін, екіншісі – Е.Додоновтың дыбысты жақсы жазғаны үшін алды. Кинолента 1961 жылы жарық көрді.   

«Жол түйісі»/ «Перекресток»

Шұғыл медициналық көмек көрсетудің кезекші учаскесіне жол апатынан зардап шеккендер туралы қоңырау келіп түседі. Бұл шақыртуға Ғалия Ысмайылова аттанады. Бірақ жалғыз бос көлік жөндеуде екендігі белгілі болады. Жүргізушіні келістіріп, Ғалия сынып тұрған көлікпен науқастарға барады. Кенеттен көліктің тежегіші істемей, жол түйісінің бірінде жедел жәрдем жаяу жүргіншіні қағып өлтіреді. Жүргізушіні Галияның сүйіктісі соттайды. Сол себепті бас кейіпкердің алдында қиын таңдау тұр. Бірі – қалай болғанда да әріптесін құтқару, екіншісі - сот шешімімен келісу.

Фильм сценарийін Ольга Бондаренко мен Николай Бондаренколар жазды. Картина 1963 жылы көрермендерге жол тартты.

«Алдар Көсе»/ «Безбородый обманщик»

Бұл Алдар Көсе туралы қызықты хикаялардың бірі. Өзінің айлакерлігі, тапқылығы және мейірімділігімен танымал Алдар Көсе бай мен кедей арасындағы теңсіздікпен күреспек болады. Оның негізгі қаруы – сөз. Алайда, көсенің барлық ойлағандары сәтті болып шықпайды. Қарашаш есімді сұлуға ғашық болған Алдар көсенің  сезімдеріне қыз жауап бермейді, себебі қарапайым және шынайы Такен есімді жігітке ғашық. Бір қызығы Қазақстанда лента «Алдар Көсе» атауымен танымал. Кейіпкердің рөлін Шәкен Аймановтың өзі орындайды. Картина 1964 жылы экранизацияланды. 2011 жылы Александр Разаренованың жарық көрген аттас сериалының актерлері дәл Аймановтың ойынынан шабыт алған екен.  

«Туған жер» / «Земля отцов»

Қария мен оның жетім қалған немересі соғыстан қайтпаған ұлының денесін жер қойнына тапсыру үшін оны іздеуге аттанады.Олардың жолдары солтүстікке қарай бағыт алады. Дәл сол жақта ер адам қанды шайқаста қаза табады. Кейіпкерлердің бұл сапары оларға өмірлік құндылықтар мен өмір мәнін қайта түсінуге көмектеседі. Шәкен Аймановтың бұл жұмысы режиссердің ең үлкен кассалық жиын жинаған екінші еңбегі әрі «Қазақфильм» киностудиясының он үздік фильмінің қатарына енген туынды болды. «Туған жер» картинасының сценариі жазушы Олжас Сүлейменовпен бірлесіп жазылған. Кинолента 1966 жылы түсірілген.

«Тақиялы періште»/ «Ангел в тюбетейке»

География пәнінің мұғалімі Тайлақтың әлі де болса басы бос. Бұл оның анасы Тананы қатты мазалайды. Содан Тана ұлына қалыңдық іздеуге кіріседі. Іздестіру кезінде ол өзіне көңіл бөле бастайтын Ниязбен танысады. Тайлақ болса, өзі Айша есімді қызды кездестіреді. Алайда бұл таңдауын анасы құп көрмейді, себебі көптен бері қыздың әкесіне өкпелі. Қалай болғанда да, фильм соңы екі тоймен аяқталады.   

«Тақиялы періште» картинасы жеңіл, көңілді әрі музыкалы комедия. Фильм 1968 жылы түсіріліп, Орталық Азиядағы кинематографшылар арасындағы байқаудың диплом иегері атанды. Фильмде сол кездегі жас Алматының көріністері суреттеледі. Барлық кейіпкерлер ұлттық киім киген. Ондағы музыкалық композицияларды композитор Александр Зацепин жазды. Экранға картина 1969 жылы шықты. Фильмде орындалатын халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер жеке жинақ болып шықты.  

«Атаманның ақыры» /«Конец атамана»

Бұл шытырман оқиғалы фильм 1920 жылы Қазақстанда болған шынайы тарихи оқиғаларға негізделіп жасалған. Жаркент Төтенше комиссиясы атаман Дутовтың ақ гвардияшылар бандасын жою бойынша операция дайындайды. Оны орындау чекист Чадьяровтың мойнына артылған. Атаманның штабына еніп, сенімдеріне кірген ол, өмірін тәуекелге тігіп, тапсырманы орындап шығады. «Атаманның ақыры» фильмі Чадьяров туралы трилогияның бірінші бөлімі болды. Одан кейін «Транссібір экспресі», «Манчжурский вариант», «Кімсіз, Ка мырза?» картиналары шықты. «Атаманның ақыры» фильміне Шәкен Айманов режиссерлік етті. Туынды 1970 жылы жарық көрді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы