Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 маусым, 2020268

«Қазақфильм» киностудиясы Marché du Film Канн кинонарығына қатысуда

Канның ең беделді кинофильмдер нарығының бірі өз жұмысын бастады. Marché du Film биыл маусымның 22-сі мен 26-сы аралығында өтетін болады. Онлайн форматта өтетін шараға «Қазақфильм» киностудиясы да қатысып жатыр.

Жыл сайын Канн кинофестивалімен бірге өткізілетін Marché du Film биылғы жылы жеке шара ретінде ұйымдастырылып отыр. Кинофильмдер нарығын ұйымдастырушылар 1200-ге жуық кинокөрсетілім мен 2300 толықметрлі картиналардың тұсаукесерін өткізбек. Сондай-ақ, бес күндік шарада 8500-ге тарта қатысушы болады деп күтілуде. Оларға арнап онлайн-концерттер, виртуалды «дөңгелек үстелдер» мен панельдік пікірталастар өткізілетін болады. Кино нарығы шеңберінде сонымен қатар, Канн кинофестивалі бағдарламасына енгізілген жаңа фильмдердің жабық премьераларын өткізу жоспарланған.

Биылғы жылы әлемге тараған індеттің салдарынан дүниежүзінде жарияланған карантин кино саласындағы талай маңызды шаралардың форматына өзгертулер енгізді. Дей тұрғанмен, отандық киноөнімді алға тарту жұмыстары тоқтаған жоқ. «Қазақфильм» киностудиясы қазақстандық фильмдерді күллі әлем тануы үшін осы бағытта әлеуетті әріптестермен жаңа байланыстар орнатып жатыр.

Айта кетейік, Marché du Film – бұл әлемдік киноиндустрияның барлық салаларындағы кәсіби шеберлердің, продюсерлердің, сатып алушылардың, бағдарламашылардың, дистрибьютерлер және тағы басқалардың бір алаңда кездесуі үшін ұйымдастырылатын жыл сайынғы шара. Алаңда бизнес үшін мүмкіндіктер ұсынылып, халықаралық танымалдылықты нығайтуға жағдай жасалған. Әрі кино нарығы лезде өзгеріп отыратын саланың соңғы жаңалықтарымен танысуға мол мүмкіндік бермек.

Автор:  Зарина Смагулова, дерек көзі: kazakhfilmstudios.kz

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы