Размер шрифта:

Цветовая схема:

06 тамыз, 2021374

«Қазақфильм» студиясы түсірген ең алғашқы фильмдер

Отандық киноленталар көрерменге дәл осы студиядан жол тапқаны рас. Қазақ кинематографиясының  қара шаңырағына айналған мекенде талай фильмнің тағдыры шешіліп, талай таланттарды халыққа танытты. » «Қазақфильмде» түсірілген алғашқы кинолента – 1939 жылы жарыққа шыққан «Амангелді» көркем фильмі. . Киностудия құрылғалы алғашқы 10-20 жылы Екінші дүниежүзілік соғыспен, одан кейінгі қиын-қыстау кезеңмен сәйкес келді. Соғыс уағында Мәскеудегі біраз шығармашылық ұжымдар Алматыға дислокацияланды. Осы тұста   «Қазақфильм» өнімді еңбек етіп, кеңес әрі қазақ кинематографиясының алтын қорына енетін, қиын заманда елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан  талай картиналарды  түсірді. 

 «Антоша Рыбкин» (1942 ж)

«Антоша Рыбкин» фильмін режиссер Константин Юдин түсірген үздік кинокомедиялардың бірі саналады. Фильм №3 «Жауынгерлік кино жинағы» еңбегінің басты кейіпкері, аспазшы Антоша Рыбкиннің әскери ерліктері туралы әңгімесін баяндайды. Кинолентаның сюжеті бойынша фашистер басып алған ауылға шабуыл жасамас бұрын, командир дұшпандарды тұзаққа түсіретін әдісті қолданбақ. Командирдің жоспары бойынша майдандағы  әскерилер ұйымдастыруымен өтетін концерттік қойылым жау назарын аудартуға  тиіс еді. Ал аспазшы Антоша Рыбкин кей әскерилердің аздығына байланысты неміс ефрейторының рөлін сомдап шығуы керек болған. Жау киімін киіп, ол жаудың ту сыртынан тап беріп, ауылды азат етуге көмектеседі.

Фильмнің актерлік  құрамы: Николай Крючков, Владимир Грибков, Татьяна Говоркова, Борис Чирков, Елизавета Кузюрина, Людмила Шабалина, Марина Ладынина, Григорий Шпигель, Константин Сорокин, Николай Трофимов, Евгений Тетерин т.б.

Сценарий авторы:  Анатолий Гранберг. 
Режиссері: Константин Юдин.  
Операторы: Борис Петров. 
Қоюшы-суретшілері: Георгий Гривцов және Владимир Егоров. Операторлары: Юрий Милютин және Оскар Сандлер. 

«Парень из нашего города» ( 1942 ж)

Бұл кеңестік кинолента Константин Симоновтың пьесасының желісі бойынша түсірілген.Сергей Луконин есімді саратовтық жігіт 1932 жылдың жазында облыстық маңызы бар қаладан Омбыға, танк мектебіне білім алуға  аттанады. Саратовта оның көп жылдар бойы жарасқан сүйіктісі әрі қалыңдығы қалып қояды. 1936 жылы Сергей бұйрыққа сәйкес Испанияға соғысқа аттанады. Жау жерінде ол  немістердің тұтқынына түсіп қалады. Бірақ ол жауға өзінің француздық азамат екенін көрсетіп, тұтқыннан босап кетуді жоспарлайды. Алайда немістер оның сөйлеу мәнерінен  оның, шын мәнінде,  кім екенін  аңғарып қалып, орыс екенін мойындаттыруға тырысады. Дегенмен небір құйтырқы әрекетке барған Сергей ақыры амаланып тауып, тұтқыннан қашып шығады. Сергей «танк үйренем» деген ниетінен әлі де бас тартпаған. Мақсатына жету үшін енді тағы да бір  жоспар құрады. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталып,  Отанын қорғауға  майданға әр өңірден миллиондаған жауынгер аттанды. . Сол миллионның ішінде  Сергей де болды. Ол жауға қарсы шайқаста  аянып қалмады.

Сценарий авторлары: Александр Столпер және Константин Симонов. Режиссерлері::Александр Столпер, Борис Иванов және Александр Птушко. 
Қоюшы операторлары: Сергей Яковлевич, Самуил Яковлевич. Қоюшы суретшілер:Арнольд Михайлович, Иосиф Аронович. Дыбыс режиссерлері мен композиторлары: Наталья Кончаловская, Николай Николаевич, Константин Симонов. 
Дыбыс инженері: С. Ключевский. 

«Убийцы выходят на дорогу» ( 1942 ж)

«Убийцы выходят на дорогу» кинофильмі Бертольд Брехттің «Үшінші империядағы қорқынышы мен үмітсіздігі» деп аталатын пьесасы негізінде түсірілген. Бұл фильмнің режиссерлері Всеволод Пудовкин мен Юрий Таричтер. 

Кинолентаның бірнеше сюжеттік бөлімдерден тұрады. Бірден көптеген біршама маңызды оқиғалар мен басты кейіпкерлер бастан өткеретін қызықты оқиғалары көрсетіледі. 

Алғашқы көріністе  үшінші рейхтің мас сарбаздары қараңғы көшелермен жүріп, ұлттық бірлік туралы ой бөлісіп келе жатады. Олар өздерін бейтаныс жерде екенін түсініп, қаруларын қабынан ағытып, дайын тұрады. Кенет үйлердің бірінің терезесінен қарт кісі атып шығады. Қорыққан сарбаздар оны жаралап, көмек сұрап айқайлап қашады.Екінші көріністе бір немістің  үйіне екі сарбаз келіп, оларға "Фюрерден сыйлық" табыстайды. Қысқы азық ретінде көмекке келген қапшықта картоп пен  бірнеше алма бар екен. Оны көрген қарт апа алмадан жаңағы әскерилерге таратады. Алайда мұндай жомарттыққа  кемпірдің аяғы ауыр қызы онша  қуана қоймайды. Анасының айтуынша, күйеу баласы елдегі тым қымбатшылыққа наразы көрінеді. Солдаттар бұл жағдайды тексермекке, екіқабат әйелді зорлықпен алып кетеді. Қарт апа көмекке келген алмаларды  солдаттардың өзіне қарай атып, қызын тұтқыннан жіберуді  талап етеді. 

«Воздушный извозчик» ( 1943 жылы)

«Воздушный извозчик» фильмін Евгений Петровтың сценарийі бойынша режиссер Герберт Раппапорт түсірген. Түсірілімдер 1943 жылы Алматы қаласында өткен. 

Фильмде ұшқыш пен опералық әншінің адал махаббаты және шынайы сезімдері көрсетіледі. «Аэрофлот» ПС-84 ӘКК  ұшқышы Иван Баранов опера әншісі Наташа Куликоваға бір көргеннен-ақ ғашық болып қалады. Екі жас бір-бірін әуежайда жолықтырады. Олар әрқашан бірге болып, болашаққа бірге жоспарлар құрады. Алайда олардың қарым-қатынасына Наташаның анасы қарсылық танытады. Оның ойынша, қызына мүлде басқа адам сай келеді. Ол- танымал әнші әрі болашақ лауреат Светловидов еді. Алайда, шын ғашықтар бір-бірі үшін жаралғанына және бірге бақытты болатынына сенімді. Бірақ бәрі де олардың ойындағыдай бола қоймайды. Екеуінің қосылуына тағы бір тосқауыл пайда болады. Соғыс басталғалы жатыр, Иван Баранов тез арада ұшқыштар командасын жинап, белгіленген пунктк жетуі қажет. Тылға оқ-дәрілерді жеткізу және жаралыларды эвакуациялау тапсырмасын орындау барысында аспан тумандап, көзіне мүлде ештеңе көрінбей кетеді. Бағытынан адасқан ұшқыш командир Баранов радиодан өз сүйіктісінің дауысын естіп, тез арада есін жинап алады. 

Фильмдегі актерлер құрамы: Людмила Целиковская, Борис Блинов, Михаил Жаров, Людмила Шабалина, Григорий Шпигель, Татьяна Говоркова, Константин Сорокин, Федор Курихин, Михаил Кузнецов, Георгий Гумилевский, Владимир Шишкин, Нина Петропавловская, Георгий Светлани, Александра Данилова, Нина Петропавловская, Галина Фролова, Елизавета Кузюрина, Манеф Соболевская  т.б. 

Фильм режиссері: Герберт Раппапорт. 
Сцеенарий авторы: Евгений Петров.
Композиторы: Юрий Бирюков. 
Операторы: Александр Халперин. 

«Она защищает Родину» (1943 ж) 

1943 жылы Орталық біріккен киностудияда Алексей Каплердің сценарийі бойынша режиссер Фридрих Эрмлер «Она защищает Родину» фильмін  түсірді.  Әйел адамның фашистік басқыншыларға қарсы партизандық күреске қатысқанын  суреттейтін көркем фильм 1943 жылы 20 мамырда  жарыққа шықты. Бас кейіпкер – Прасковья Лукьянованың өмірі уайым-қайғысыз өтіп жатқан. Бірақ соғыс басталып,  тұтқиылдан келген фашистік басқыншылар елдің берекесін кетіріп, аяусыз жаныштады. Соғыстың алғашқы күнінде-ақ Прасковияның күйеуі қаза тапты. Оның ұлын фашистер тұтқындап әкетеді. Кеңес халқының бейбіт әрі бақытты өмірін бұзған жауға  ашу мен кек Прасковияның жүрегіне шорланып жинала берді. Прасковиян  дұшпаннан қайтсе де кек алмай жүрегі тыныштық таппайтынын сезді. Ол орманда партизан отрядын ұйымдастырып, жаумен қойың-қолтық ұрысқа бел буды. Прасковияның жауды жеңуге үлкен сенімі партизандардың рухын күшейтті. Көрші ауылдарда немістер Мәскеуді жаулап алыпты деген сыбыс таратып жатқан кезде тек Прасковья ғана барлық ауылды жаяу жалғыз өзі аралап шығып мұның  жалған екенін, әлі де жеңіске үміт барын, айтып, ел-жұртты жауға қарсы бас көтеруге үндеумен болды. Арадан көп уақыт өтпей Прасковья мекен ететін ауылға немістер басып кіріп, партизан әйелді  тұтқындыққа алды. Алайда соңғы сәтте партизандар Прасковияны босатып алады. 

Фильмдегі актерлер құрамы: Вера Марецкая, Николай Боголюбов, Инна Федорова, Лидия Смирнова, Александр Виолинов, Юрий Коршун, Алексей Чепурнов, Петр Алейников, Владимир Орал, Елизавета Кузюрина, Евгений Немченко, Иван Пельцер, Владимир Гремин, Евгений Григорьев, Георгий Семенов, Борис Дмоховский т.б. 

«Иван Грозный» ( 1945 ж)

«Иван Грозный»  –  кеңестік режиссер С.М. Эйзенштейннің соңғы картинасы. Фильм екі сериядан тұрады: біріншісі 1945 жылы, екіншісі 1958 жылы жарық көрді. Ресей тарихындағы алғашқы патша Иван Грозный туралы фильм жасау түсіру идеясына Иосиф Сталиннің өзі түрткі болып,  осы жұмыс үшін шебер-режиссерді таңдауды тапсырған.  Андрей Жданов пен Иван Большаковтың таңдауы Сергей Эйзенштейнге түсті. Эйзенштейн жазған фильмнің сценарийімен Сталин жеке өзі танысып, бекіткен-мыс. Бірінші серияның түсірілімі Ұлы Отан соғысы жылдары  Алматыдағы ЦОКС студиясында жүрді. И.Г. Большаков фильмдегі жұмысқа белсене араласып, түсірілім тобынан кинолентаны мүмкіндігінше тез аяқтауды талап етті. Мысалы, бас режиссер С. Эйзенштейн сырқаттанып қалған кезде де түсірілім жұмыстары тоқтамай жүріп жатты. Бас режиссер орындығында С. Эйзенштейннің ассистенттері жайғасып, басшылық етті. Сол үшін С. Эйзенштейн Сталинге түсірілім аяқталғанға дейін тағы 2-3 ай беруді сұрап хат жазған. Фильм соғыс кезінде түсірілгендіктен,  актерлердің көпшілігі жиі аш құрсақ жүретін. Тіпті түсірілім үшін алынған үстелдегі  тамақты ешкім жемеуі үшін олардың сырты керосинмен майланып қойған деседі. Екінші бөлімге тыйым салынғаннан кейін фильмнің жұмысы тоқтатылды. Туындының үшінші сериясында тек сценарийде, дайындық сызбаларында, жұмыс жазбаларында және фильмге түсірілген бірнеше фрагменттерде болды. Бірінші бөлімі Мәскеу мен бүкіл Ресейдің ұлы герцогі Иван Васильевичтің патша тағына отырып,  үйленуінен басталады. Ол өз-өзін патша деп жариялайды және Ресейді ұлы держава ретінде көргісі келмейтін ішкі және сыртқы жаулардан қорғау қажеттігін  айтады. Митрополит Пименнің өзі жас Иванға үлкен мұра мен билік береді,  ол патшаның мұндай батыл сөзіне қатты  таңырқаған еді. Ұлықтауға боярлар мен шетелдік елшілер билікке мықты әрі қаһарлы басшының келгенін көріп, көңілдері кәдімгідей алаңдайды. 

Басты рөлдерде: Николай Черкасов, Михаил Кузнецов, Серафима Бирман, Михаил Жаров, Павел Кадочников, Андрей Абрикосов, Людмила Целиковская, Амвросий Бучма, Павел Массальский, Максим Михайлов, Александр Мгебров, Михаил Названов, Всеволод Пудовкин, Андрей Абрикосов, Михаил Названов, Максим Михайлов, Ада Войцик, Всеволод Пудовкин т.б. . 

«Абай әндері», 1945 жылы

«Абай әндерін 1945 жылы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясында режиссер Григорий Рошаль және Ефим Арон түсірген. Бұл Мұхтар Әуезовтің осы аттас «Абай» романының экранизациясы болған еді.  Фильмнің премьерасы 1946 жылы 20 қаңтарда өтті.  Қазақтың бас  ақыны, композитор, ағартушы әрі ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев образы фильмде  халқының бақыты үшін күрескер, орыс халқының досы ретінде ашылған. Абай орыс ғалымы Нифонт Долгополовпен тамаша дос болады. Олардың берік достығының арқасында Абайдың ағартушылық мұралары қалыптасады. Бірақ ақын ескі патриархалдық тұрмыстың тұрлауынан  әлі толық арыла алмаған. Қазақ даласындағырулық тартыс пен, қатігездік, құрбаны жастар болды. Абай  осының бәріне қарсы шығып,  өз ортасында ірілігімен көрінеді. 

Режиссерлері: Ефим Арон, Григорий Рошаль 
Сценарий авторлары: Григорий Рошаль, Мұхтар Әуезов. 
Бас оператор: Галина Пышкова.
Қоюшы-суретші: Қ. Ходжиков.
Дыбыс операторы: К. Гордон. 

Актерлер  құрамы: Қапан Бадыров, Жағда Оғызбаев, Қалыбек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Камал Қармысов, Сералы Қожамқұлов, Олег Жаков, Марат Сыздықов, Шолпан Жандарбекова, Рахия Қойшыбаева, Әмина Өмірзақова, Сайфулла Телғараев, Зоя Таджитдинова, Шәкен Айманов т.б. 

«Золотой рог», 1948 жылы

«Золотой рог» немесе «Алтын мүйіз»  атты  кинофильм 1948 жылы Алматы қаласында көркем және хроника фильмдер киностудиясында түсірілді. Режиссер Ефим Арон түсірген кинокартинаның премьерасы 1948 жылы 24 маусымында өтті. Фильм кеңес ғалымдарының мал тұқымын асылдандыру, меринос қойларын және жабайы арқар қошқарларын будандастыру жолындағы күресі туралы.  Уақиға Іле Алатауының баурайындағы  қазақ мал шаруашылығы институтының тәжірибе станциясында өрбиді.  Қойдың жаңа тұқымында меринос қойының биязы  жүні және тау арқарының төзімділік қасиеті  болуы керек.

Рөлдерде: Шәкен Айманов, Ләйлә Ғалымжанова, Рахия Қойшыбаева, Петр Алейников, Сералы Қожамқұлов, Қалыбек Қуанышпаев, Елубай Өмірзақов  т.б. Режиссері-Ефим Арон. 
Сценарий авторлары: С. Шатров және Е. Шатров. 
Бас оператор: Александр Петров. 
Қоюшы-суретшілер: Павел Зальцман, Б. Багаутдинов. 

«Жамбыл» ( 1952 ж) 

«Жамбыл» кинокартинасы белгілі қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Кең байтақ қазақ даласында жас ақын Жамбыл өмір сүреді. Сүйінбай ақын қайтыс боларда өзінің үздік шәкірті Жамбылға мұра ретінде домбырасын табыстайды. Қорқыту мен қудалауға, алтын мен қымбат бұйымдарға қарамастан  Жамбыл өлеңмен біреуді  өтірік айтып, біреуді өтірік қаралауға қарсы болады. Тек шындық пен адалдықты ту еткен ақынды Патша үкіметі тұтқындайды. Түрмеде ол орыс солдаты, большевик Василиймен танысады. Осы таныстықтан кейін ол қарапайым  орыс жұрты  мен қазақтарды біраз нәрсе ортақтастыратынын аңғарады. Жылдар өтеді. Ақын қартайған сайын оның өлең-сөздері де  ел аузынан  сирей бастайды. Қазан төңкерісі туралы жаңалық оған жаңа серпін береді. Жамбыл өмірде жаңа заманды көрген халықтың бақыты туралы жырлайды. Ол Мәскеуге сапарлап, астананың көрікті жерлерін тамашалайды әрі сол туралы әндер жазады. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау күндерінде Жамбыл ұлын майданға жібереді. Отандастарын  майданда, тылда жауға жойқын соққы беруге шақырады. Қоршаудағы ленинградтықтардың жігерін жандыру үшін  ақын «Ленинградтық өренім»  деген  әйгілі жырын жолдайды. Ақын өз халқымен бірге Жеңіс күнін қарсы алады. Қолында сол  баяғы қазақтың қара домбырасы. Қан қасаптан аман қайтқан жеңімпаздарды қарсы алады.  

Бұл туындының түсірілімі 1952 жылы Алматы көркем және хроника фильмдер киностудиясының көмегімен жүрген   болатын. Режиссер Ефим Дзиган түсірген  көркемфильм көрермендерге жылы 25 мамырында үлкен экраннан ұсынылды. Жамбыл рөлін Шәкен Аймановтың өзі сомдаған. Қадырбай рөлін Құрманбек Жандарбеков ойнаса, Василий Власовтың образын сомдау Герман Ховановқа бұйырған. Шаймұхамед рөлін Ғарифолла Құрманғалиев алып шыққан.  

Рөлдерде: Хафиза Әбуғалиева, Атайбек Жолымбетов, Кененбай Қожабеков, Нұрсұлу Тапалова, Василий Меркурьев, Константин Адашевский, Жагда Оғызбаев, Эраст Гарин, Нина Никитина, Әмина Өмірзақова, Дариға Тналина, Семен Деревянский, Евгений Попов, Елубай Өмірзақов және Нұрмұхан Жантөрин бар. Шығармашылық ұжым: Ефим Дзиган, Владимир Егоров, Әбділда Тәжібаев, Николай Крюков, Николай Большаков, Николай Погодин, Мұқан Төлебаев, Евгений Еней, Игорь Гелейн, Семен Деревянский, Исаак Каплан және Евгения Абдиркина  т.б. 

«Там, где цветут эдельвейсы» (1965 ж)

«Там, где цветут эдельвейсы» –  режиссерлер Ефим Арон мен Шәріп Бейсембаевтың еңбегі. Сюжет бойынша, Шығыс шекара округінің шекара заставасының командирі Петр Соловьевтің анасы бұрындары бастамашылармен шайқаста қайтыс болған. Тау бөктерінде оның қабірі жатыр. Командирдің жас әйелі Вера, дәрігер, ол да күйеуі секілді заставада қызмет етеді. Шегарашылардың міндеті  застава маңайы мен тау бөктерін аралап, тексеріс жүргізу қажет. Таулы аймақта әдемі гүлдер өседі, соның бірі  «эдельвейс (еңлік) деп аталатын ерекше өсімдік. Дәл осы гүл бір күні әлде бір жағдайдың таяп келе жатқанына  белгі бергендей көрінеді. Шекара қызметкерлері мазасызданып, алда не боларын  болжай алмай қиналады. Ақыры көп қиындықтан өткен . олар  гүлге сенгенінеөкініп қалады. Алайда мұның бәрі жай «дауыл алдындағы тыныштық»  еді..  Бұл фильм бұрынғы шекарашы Сергей Мартьяновтың сценарийі бойынша түсірілген. Түсірілім жұмыстары 1966 жүргізілген.  КСРО кинопрокатында көш бастаған фильмді  алғашқы жылы 25,3 млн көрермен тамашалаған. Сондықтан «Там где цветут эдельвейсы» «Қазақфильм» киностудиясының ең танымал 10 фильмінің қатарына кіреді.

«За нами Москва» (1967 ж)

«За нами Москва» жазушы-панфиловшы Бауыржан Момышұлының «За нами Москва» кітабы мен материалдарының желісі бойынша түсірілген. Фильмнің түсірілімі «Қазақфильм» киностудиясында 1967 жылы өтті. Бастапқыда режиссер Мәжит Бегалин фильмді Александр Бектің "Волоколамское шоссе" шығармасы бойынша түсірмек болған көрінеді. Фильмнің біраз  көрінісі түсіріліп болған кезде,  кино авторлары жұмысты тоқтатуға мәжбүр болған.  Себебі түсірілген кадрлар Бектің өзіне ұнамай қалған көрінеді. «Басқа халықтың ерлігін көрсетудің қажеті жоқ, бұл орыстар мен немістер арасындағы соғыс» - деп Бек наразылығының себебін осылайша түсіндіріпті. Дегенмен бұл шайқаста қазақстандық батырлардың рөлі зор  болғаны  баршаға мәлім,  өйткені генерал Панфилов дивизиясы дәл Алматы қаласында жасақталған. Жалпы фильм 1941 жылы Мәскеу маңындағы Волоколамск бағытында соғысқан, фашистерге тойтарыс беріп,  қарсы шабуылға көшкен аты аңыз  Панфилов дивизиясына арналған еді. Мәжит Бегалин тығырықтан шығудың жолын іздей бастады. Ол Бауыржан Момышұлының көмегіне  жүгінді. Фильм үшін материал ретінде әйгілі қарт жауынгер  өзінің романын ұсыныпты. Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың қыркүйек айынан  генерал-майор И.Панфиловтың басқаруындағы дивизия құрамында шайқасқа қатысқан. Вермахттың Мәскеуге екінші  шабуылы кезінде 1941 жылы 16-18 қараша аралығында Бауыржан Момышұлының басқарған  батальон Мәскеу маңындағы Матронино ауылының жанындағы Волоколам тас жолында ерекше  ерлік танытып, жауға қарсы төтеп береді. Одан кейін аға лейтенант Бауыржан Момышұлының батальонын қоршауды бұзып шығады.  1942 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы  берілуі керек еді.  Алайда  бұл атақ   батыр атамызға  қайтыс болғаннан кейін,  1990 жылдың 11 желтоқсанында ғана берілді.

Фильмде Генерал Панфиловтың рөлін Всеволод Санаев сомдаған еді. Ал даңқты қаһарман Бауыржан Момышұлының бейнесін Кәукен Кенжетаев  ойнайды. Батырдың жас  шағын Асанбек Өміралиев сомдаған.

Сонымен қатар, рөлдерде: Қуатбай Әбдірейімов, Борис Быстров, Нұржұман Ихтымбаев, Анатолий Голик, Сергей Юртайкин, Вячеслав Подвиг, Олег Мокшанцев, Олеся Иванова, Иван Савкин. 
Сценарий авторлары: Василий Соловьев,  Мәжит Бегалин. 
Операторы: Асхат Ашрапов. 
Қоюшы суретшілері: Ыдырыс Қарсақбаев, Виктор Леднев. Композиторы: -Эдуард Хагагортян. 
Дыбыс режиссері:  Стефан Першин. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы