Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 қазан, 2020380

«Қазақфильм» тарихи блокбастер түсірмек

Жуық арада Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Қасым хан туралы толықметражды фильм жобасын жүзеге асыруға кіріспек. Бұл туралы киностудия әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Жаңа тарихи блокбастердің режиссері Қазақстанға ғана емес, шетелге танымал болған киногер әрі «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Ақан Сатаев болмақ. Режиссер бастаған команданы алда қиын да қызықты еңбек күтуде.

Қасым хан жайында бірер ақпарат. Қасым хан - Қазақ хандығын құрған алғашқы хандардың бірі Жәнібек ханның ұлы әрі Шыңғыс ханның ұрпағы. Ол 16-шы ғасырдағы Қазақ хандығының төртінші билеушісі болған адам. Оның билік еткен тұсында мемлекет мықты күш жинап, жерлерін айтарлықтай кеңейтіп алды. Нақтырақ айтқанда, Шығыс Дешти-Қыпшақтың ұлан-ғайыр даласына басшылық орнатты. Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати сол кезде Қасым хан жайында былай деп жазған еді:«Қасым хан бүкіл Дешті-Қыпшақтың әміршісі атанды, Жошы ханнан кейін ешкімде болмаған атақ пен алып қүшке ие болды».  

«Қазақфильм» киностудиясының хабарлауынша, атақты хан жайындағы тарихи туындыны 2021 жылдың желтоқсанына дейін түсіріп аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, режиссер Ақан Сатаев биылғы жылдың ақпан айында Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев жайында «Боксер» атты биографиялық фильмнің түсірілімін бастаған. Карантинге байланысты түсірілім жұмыстары бірер айға кідіріп, жазда қайта жанданған. Қазір «Боксердің» түсірілімдері қызу жүріп жатыр.  

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @kazakhfilm_official

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы