Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 ақпан, 2021332

«Қазақфильм» жаңа жоба дайындап жатыр

Отандық «Қазақфильм» киностудиясы режиссер Райымбек Әлжановтың «Таутай-Лақ» атты қысқаметражды фильмін көрерменге ұсынуға дайындалып жатыр.

Бұл біздің тарих бен мәдениетте тәрбие, үлкенге деген құрмет пен сыйластық қашанда алғашқы орында болғаныдығын көрсететін кинокартина.

Кинофильмнің сюжеті бойынша орта ғасырда өтіп жатқан жазық дала соғысы. Отбасы қорғаушысы әрі асыраушысы болған әкесінің қамқорынсыз қалған жанұя. Мерген есімді жас балаға енді отбасының қамын ойлап, жақындарын қорғауға тура келеді. Мергеннің бақсы әжесі өз немересінің бойына қасиетті дарытпақ болады. Бірақ кей жағдайлар бұған әсер етіп, күтпеген дүниелер орын алады. Соңында бұл оқиғалар кейіпкерлердің өміріне қауіп төндіреді.

Ұлттық ертегі фольклоры мен қызықты визуалды безендіру картинаның сценарийіне енген терең мағынаны керемет толықтырады, деп санайды Райымбек Әлжанов:

«Мен сұрақтарға жауап бермеймін, керісінше көбіне сұрақ қойғанды қалаймын. Шыны керек, бұл оқиға ер жету туралы айтылады. Кішкентай бала өз қорқынышын жеңіп, үлкендердің қамқорлығынан бас тартып әрі қарай өзі шешім қабылдауы керек.

Шын мәнінде, тарихи декорация – бұл жай ғана декорация. Мен оларды пайдаланбасам да болатын еді, бірақ мен дәл осы оқиғаның жеткізгісі келген ойды барлық керекті мүмкіндіктерді пайдалана отырып аша аламын деп шештім. Дәл осы кинокартинаға қазақ фольклорын енгізгім келді. Маған біздің ертегілеріміз, әңгімелеріміз өте қатты ұнайды. Мен әлі де тәжірибе жасағым келеді. Режиссер ретінде мен әлі өзімді іздейтін боламын, өз жанрымды, өз көрерменімді, өз ұсыну тәсілімді тапқым келеді. Сондықтан осыған үңіліп сценарий жаздым. Бірақ мұның бәрі мен үшін өте жеке әңгімелер», - дейді режиссер.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен әріптестіктің алғашқы тәжірибесі болған «Таутай-Лақ» киножобасы табысты және пайдалы болғаны айтылды. Атап айтқанда, келесі питчингтерде кинорежиссерге дебюттік картиналардың кейбір ережелерін өзгертуді ұсыну туралы ұсыныс бар.

Райымбек Әлжанов – режиссер:

«Мен перфекционстпін. Кез-келген жұмыстың қорытындысы әрқашан нәтижелі және пайдалы болғанын қалаймын. Мен ойластырған барлық жоспарларымды жүзеге асырғым келеді. Бірақ түсірілім алаңында кей ойлаған дүниелерді жасауға мүмкіндік болмады. Оған басты себеп- предпродакшн кезінде аз уақыт берілгендігінде. Сондықтан мүмкіндікті пайдалана отырып, кино саласында қадамын  енді ғана бастап келе жатқан дебютанттардың әрқайсысына жеке-жеке қарым-қатынас болса екен деймін. Әсіресе, егер олар тарихи жанрда немесе ғылыми фантастика жанры бойынша түсіргелі жатса, онда ол басқаларына қарағанда үлкен жапапкершілікті талап етеді. Көп жағдайда әр детальді жіті ойластырған жөн. Ал егер аз ғана уақыт болса, импровизация жасауға тура келеді. Ал мен оған мүлде жоқпын»,-дейді режиссер.

Фильм авторларының айтуы бойынша, картинаға жарнама жасап, көрерменге таныстыру үшін барлық қажет деген амалдар қолданылатын көрінеді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы