Размер шрифта:

Цветовая схема:

26 ақпан, 2021343

Қазақша аударма мен дубляжға қатаң талаптар қойылады

Қазақстанда фильмдердің  мемлекеттік тілге аудармасына және дубляжға қатаң ережелер қойылатын болады.  Қойылған талаптар мен ескермелер толыққанды сақталмаған жағдайда авторлар 2 ай көлемінде прокаттау куәлігінен айырылады.

Еліміздің кинотеатрларында көрсетіліп жатқан шетелдік кинофильмдер немесе басқа тілдегі отандық картиналардағы қазақша аударма және дубляжға енді ерекше көңіл аударылатын болады. Мұндай норма көрнекі ақпарат мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетулер қамтылған.

Мәжілісте құжатты талқылау барысында депутат Зульфия Сүлейменова Кинематография туралы қолданыстағы заңында айтылғандай, қазақ тілінде түсірілмеген кинофильмде қазақша субтитрлар немесе дубляж болуы міндетті екенін еске салып кетті.

 «Заң жобасы бойынша, сөздер құрамы мен сөйлемнің құрылысы, орфография бойынша қазақ тіліндегі сөздер мен дыбыстардың дұрыс айтылуына ерекше талаптар қойылған. Осы тұста бұл ережелердің дұрыс сақталуы қандай әдістермен бақыланып, тексерілертіні қызықты болып отыр»,- деген мәжіліс депутаты Мәдениет және спорт министрлігінің басшысына сұрағын жолдады.

⠀Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт  министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуы бойынша, заң аясында Қазақстанда көрсетілетін кинокартиналар дубляждалып, субтитрлермен немесе кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ақтоты Райымқұлова - Мәдениет және спорт  министрі

«Қазақ тіліне аударылатын фильмдерді дубляждау барысында сөз тәртібін сақтау, олардың дұрыс құрастырылуы, айтылуы, дұрыс мазмұндалуы және орфографиялық нормаларды сақтау үшін біз осындай норманы қарастырдық. Аталған нормалар бұзылған кезде немесе көптеп шағымдар түскен жағдайда, онда осы Заңға сәйкес біз прокаттау куәлігін екі айға тоқтата аламыз», – деді министр.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы