Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 сәуір, 2020366

Қазақстан киноритиктері қауымдастығы жаңа мүшелерді қабылдады

Қазақстандық кинорежиссерлердің Қауымдастығы 2015 жылдан бастап жыл сайын отандық кино саласында алға шыққан әрі үздік атанған картиналар мен оны дүниеге әкелген киногерлердің еңбегін бағалау мақсатында  "Сыншылар таңдауы" премиясын ұйымдастырып келеді. 

Қазақстанның киноритиктері қауымдастығы 2020 жылы үш жаңа қатысушыларды қатарына қабылдады:

 

Молдияр Ергебеков - өнертану докторы, Сулейман Демирел университетінің қауымдастырылған профессоры.

 

Молдияр Ергебеков кинематографиялық білімін Анкар университетінде, Қоғамдық ғылымдар институты жанындағы Радио-теледидар және кино кафедрасында алып, кино саласында өз біліктілігін жетілдірген. Магистрлік диссертациясын "Андрей Тарковскийдің кинематографиясы" тақырыбында қорғап шықты. Докторлық диссертациясында "Ұлттық мемлекеттің құрылу процесіндегі кинематографтың рөлі: тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ киносының мысалы ретінде" атты тақырыбын жете зерделеді. Ергебеков кино теориясы, кинодағы әйелдердің репрезентациясы, сондай-ақ кино және медиа бойынша білім беру мәселелері туралы еңбектерін жарыққа шығарып, отандық кино саласының қарқынды дамуына өз үлесін қосып келе жатыр.

 

Келесі отандық кинокритиктері қатарына енген жаңа қатысушысы - Дана Әмірбекова. 

Дана Әмірбекова – кинолог әрі кинокритик. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының докторанты, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері.

 

Дана Әмірбекова халықаралық және республикалық, сонымен қоса аймақтық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларының белсенді қатысушысы. Дананың еңбектері мынадай журналдарда: "Территория кино","Аңыз адам" , "Мәдениет", "Киноман", және т.б. сондай- ақ "Жас Алаш", "Айқын", "Жаңа фильм" және "Алматы ақшамы" сияқты газет беттерінде басылып шыққан. Дана Әмірбекова Massaget.kz,  Oner.kz және Forbes.kz секілді  интернет сайттарында да өте белсенді. Сонымен қатар, Дана телевизиялық арналардағы фильм туралы бағдарламаларына жиі шақырылып тұрады. Мысалы: "Жаңа күн","Ашық көрсетілім", "Ғибратты ғұмырлар",  "Алтын қор" және "Кешкі кездесу" атты түрлі телебағдарламаларда кино тақырыбында ойын білдіріп жүреді. 

 

Қауымдастықтың келесі мүшесі кинолог, Baiqonyr International Short Film Festival бағдарламалық директоры, Shymkent Short Film Festival-ның ұйымдастырушысы және  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушысы - Ержан Жұмабеков. Ержан кино саласында әртүрлі халықаралық және республикалық конкурстар мен конференциялардың қатысушысы. Көптеген халықаралық кинофестивальдерде қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырту алған. Еңбектері 2007 жылдан бастап  жариялана бастаған. Мерзімді баспасөз беттерінде отандық кино тақырыптары мен мәселелері бойынша 100-ден астам мақалалары мен  қазақ киносының жетекші шеберлерімен бірге жүргізілген сұхбаттары және тағы да басқа еңбектері жарияланған. "І-ІІ кинокритика күнделігі" (Үздік студенттік фильмдер жинағы, 2013 ж.) жобасының ұйымдастырушысы және ҚР Журналистер Одағының (2008 ж.) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен (2010 ж.) марапатталған.

 

Жаңадан қосылған қатысушыларды есепке ала отырып, қазіргі уақытта отандық  киноритиктері қауымдастығында 16 сыншы бар. Олар: Қауымдастық президенті Гүлнар Әбікеева, Ольга Малышева,Олег Борецкий, Ғалия Байжанова,Кәрім Қадырбаев, Баубек Нөгербек, Төлеген Байтукенов, Назира Мұқышева, Гүлажар Машрапова, Дмитрий Мостовой, Инна Смаилова, Мәди Мәмбетов және Александра Поршнева.

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  brod.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы