Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 тамыз, 2020207

Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл

Еліміздің Конституциясына биыл 25 жыл толып отыр. Биыл  Ата Заң күні қалай тойланбақ? 

Ата Заңымыз 1995 жылы Тамыздың 30 жұлдызында ұйымдастырылған бүкілхалықтық референдумда қабылданған. Әр жылы Ата Заңның қабылданған күні ел қалаларында көптеген мерекелік шаралар мен концерттер, мәдени іс-шаралар және театрлық қойылымдар ұйымдастырылатын. Бірақ биыл 2020 жылы бүкіл әлемде орын алған жағдайларға, карантин режиміне байланысты Конституция күні қалай тойланады? Еліміздің бас қаласында қандай іс-шаралар өтеді? Осыған байланысты, алдарыңызға мерекелік шаралар тізімін ұсынамыз. Карантин жағдайында өмір сүрген көрерменнің көңіл-күйі үшін өнер адамдары барынша өз қабілеттерін салатын болмақ. Халық назарына ұсынылатын қойылымдар мен концерттер тізімі қала әкімдігінің сайтында жарияланған болатын. Қала әкімдігінің хабарлауы бойынша, Конституция күніне орай ұйымдастырылатын концерттер мен қойылымдардың, іс-шаралардың басым бөлігі онлайн-форматында өтетін болады.

Онлайн-іс-шаралар:

- 10-29 тамыз аралығында елордада "Конституция – бостандық кепілі" атты музыкалық челлендж өтеді.

- Орталық кітапханада 15-31 тамыз аралығында "Конституция-тәуелсіздіктің негізі" онлайн – инсталляциясын көруге болады.

- 28 тамызда "Наз" мемлекеттік би театры "Ата заң-елдің айбыны, еркіндігі, байлығы" онлайн – концертін ұсынfды.

- Ұлттық банк Конституцияның 25 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарды.

- "Жастар" театры 30 тамызда әлеуметтік желілерде "Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң" онлайн-концертін ұсынады.

- Сол күні Nomad театрының актерлері онлайн-құттықтаумен өнер көрсетеді, олар патриоттық әндерді орындайтын болмақ. 

- 26 тамыз күні әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында "Ата заңым – ардағым" атты ақындар байқауы өтті.

- Нұр-Сұлтан мемлекеттік архивінде 27 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Конституцияның 25 жылдығына арналған көрме өтеді.

- Сонымен қатар, 28 тамызда балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында чемпионат өтеді.                                      

- 29-30 тамызда аз қамтылған отбасылар үшін қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылады.

Конституцияның 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысы, қоғам өкілдерін "Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл" және  "Қазақстан халқының Ассамблеясына 25 жыл" мерейтойлық медальдарымен салтанатты марапаттау рәсімі жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 30 тамыз Конституция күні - мемлекеттік мереке болып табылады, бұл күні қазақстандықтар үшін демалыс күні болып жарияланған.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы