Размер шрифта:

Цветовая схема:

04 мамыр, 2021379

Қазақстан vs Украина: отандық актерлер спорттық додада жеңіске жетті

Алматы қаласында халықаралық деңгейде өткен спорттық додада ел намысын қорғаған отандық өнер майталмандары жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақстандық киноактерлеріміз Тәуекел Мүсілім, Ерік Хамидуллаев және Еркебұлан Тоқтар кинода ойнап, ән айтудан бөлек алпауыт спорттық іс-шараларда да лайықты өнер көрсетіп, бұл бағыттан да кенде емес екендіктерін тағы бір рет дәлелдеді. Отызыншы сәуір күні Almaty Arena орталығында көпке танымал BITVA үлкен спорттық шоуы ұйымдастырылған болатын. Бұл сайыс осыған дейін Украина, Ресей және басқа да шетелдік елдерде өткізіліп келе жатыр. Осы жылы алғаш рет біздің елде BITVA үлкен спорттық шоуының кезекті сегізінші кезеңі жоғары деңгейде өтті. Украина жерінен танымал жұлдыздар және блогерлер қатысқан болатын. Олардың қатарында: Маргарита Авраменко, Гера, «Саня» тобы, Жека, әйгілі пранкер әрі блогер Денис және тағы да басқа елге белгілі өнер майталмандары бар.

Ал Қазақстанның намысын қорғаған отандық үздік фильмдерден бой көрсетіп жүрген, көрерменнің сүйікті өнер жұлдыздарына айналған Тәуекел Мүсілім, Ерік Хамидуллаев және Еркебұлан Тоқтар болды. Олар украиналық қарсыластарымызға тойтарыс беріп, әділ түрде жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Жобаның ұйымдастырушылары Тадеуш Муратов және Владимир Юрченко.

Бұл додада отандық әртістеріміз кинодан бөлек те, осындай үлкен спорттық байқауларда халық намысын қорғап, өздерінің жоғары деңгейдегі дайындықтарының бар екендігін көрсетті. Сондай-ақ, өнер жұлдыздары алдағы уақыттарда да осы секілді спорттық жарыстардарды халықаралық деңгейде жалғастыра беруге ниетті екенін жеткізген болатын.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы