Размер шрифта:

Цветовая схема:

06 ақпан, 2020317

Қазақстанда «Абай» атты телехикая түсіріледі

Қазақстанда һәкім Абай Құнанбайұлы туралы жаңа туынды  түсірілмек. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай таспаланатын тарихи картина телехикая ретінде жарық көрмек. Ұлттық туынды «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының төл өнімі болмақ.  

Демек, қазақстандық телехикаялар қоржыны енді қазақтың бас ақынының өмірі мен шығармашылығына арналған картинамен толығады деген сөз.  

Ұлттық арна телехикая актерлеріне байқау өткізді. Оның шарты бойынша актерлік қабілеті бар 17 мен 40 жас аралығындағы қолаң шашты, қою қасты қыз-келіншектер талап етілді. Ал, ер-азаматтарға жасы 15 пен 50 аралығында болуы әрі кескін-келбеті келіскен, атқа міне білетін қабілеттерінің болғаны ләзім еді.   

Осыған дейін телехикаяның сценарийіне байқау жарияланып, отандық тәжірибелі өндірушілерден үш ай бойы өтінімдер қабылданған екен. Телерадиокорпорацияның шығармашылық бірлестігі мен арнайы құрылған Көркемдік кеңестің қабылдаған нұсқасы бойынша ақпанның басынан түсірілім жұмыстарына әзірлік басталған.

Кастингке қатысу туралы үміткерлер өтініші мен өздері туралы ақпараттар ақпанның 6-нан 15-не дейін қабылданды. Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, Һәкім Абай Құнанбайұлы жайындағы төл туындыға түсіп, тарихи картинаға өз үлесін қосқысы келген халық көп-ақ.  Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, байқауға Қазақстанның түпкір-түпкірінен 1000-нан аса өтініш түскен екен.

Енді бірер уақыттан соң бас ақынның жаңа образы белгілі болып, қазақстандықтарға жаңадан танылатын болады.   

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы