Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 қазан, 2020262

Қазақстанда кастинг-директорлар қауымдастығы құрылады

Жаңа бірлестік актерлер мен оларды таңдау жұмысымен айналысатын жауапты мамандарды іздеу сияқты киноиндустрияда өзекті болған мәселелермен айналысатын болады. Қауымдастықты құруға Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бастамашы болып отыр. Ұсыныс Kazakhcinema days іскерлік алаңы аясында өткен «дөңгелек үстел» барысында айтылды.   

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы КЕАҚ басқармасы төрағасы Гүлнар Сәрсенованың ойынша, отандық кинематографияның салауатты дамуы үшін актерлер мен кастинг-директорларының қызығушылықтарын қорғау маңызды. Отандық актерлер халықаралық деңгейде алға жылжуы үшін аталған статустың болғаны жөн. Бұл бірінші кезекте оларға деген сұранысты арттырады, жоғары табыс әкеліп, беделінің зор екендігін көрсетеді.    

«Кастинг-директорлар және жалпы кинодағы кастингтер әлемдік кинода шешуші рөл атқарады деп есептеймін. Берлин кинофестивалінде кастинг-директорларының бір үлкен әлемдік ұйымға біріккеніне таңқалдым. Бұл ұйым бес жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Олар белсенді түрде әріптестік етуде, әр мемлекет өздерінің алдыңғы қатарлы актерлерін әлемдік кастингке ұсынуға құқылы. Біздің талантты актерлерімізге жұмыс беру үшін оларды халықаралық кинонарығына шығуына ықпал ете алатын Кастинг-директорлар қауымдастығының құрылғанын қалаймын. Америка не себепті күшті? Ол жақта осындай гонорар керек десе болды, онымен саудаласа алмайды. Сондықтан біздің де актерлерді «екінші деңгейлі» ретінде қабылдағанын қаламаймын, біз де шарттарымызды қоя білуіміз қажет. Біз бұған лайықпыз. Біздің өзіндік кинематографиямыз бар және өзгелердің бізді тиісті деңгейде қабылдауларына лайықпыз», - деді кино орталығының басшысы Гүлнар Сәрсенова.

Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі әрі белгілі кастинг-директор Жанна Қуанышева болса, кастинг-директорлар жұмысының шарттарына көңіл аударды. Оның пікірінше, бұл қиын жұмыс әрі онымен көбінесе кәсіби емес адамдар айналысады. Сол себепті де түсірілім алаңына дилетанттар таңдалып алынып, картинаның сапасы көп жағдайда сын көтермейді.    

«Біз - режиссерлер мен продюсерлердің кеңесшілеріміз. Біздің иығымызға жұмыстың көп бөлігі артылатынын бәрі біледі. Кастинг-деректор деген кім? Бұл - синопсисті оқитын бірінші сарапшы. Екінші – бұл адам, қоюшы-режиссерге менталитеті мен рухы жағынан жақын адам. Кастинг-директорлар одан не қалайтынын, қай актер қай рөлге сәйкес келетінін нақты білуі керек.Ол үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатын кәсіби тәжірибе қажет. Барлық позицияларға 40 орындаушы адам жинақталды делік. Бұдан кейін видеокастинг басталады. Бұл дегеніміз актерге мәтінді жаттаттырып, мизансцена жасап, бұл үрдісті өзің түсіруің қажет. Ары қарай актерлерді бекіту бар. Режиссер болса, актерді қалай таныстыратыныңды, ол жайында не айтатыныңды күтеді. Көп нәрсе осыған байланысты. Кейін келісім шарттармен, бұл актерлердің күнтәртібімен мәселе туындайды. Нәтижесінде кастинг-директор түсірілім алаңында мәтінді ала жүгіріп, коуч сияқты біресе біреуін, біресе екіншісін үйретумен болады. Мұның барлығы, төмен жалақыға жасалады. Бұл мәселелерді шешу қажет», - деп бөлісті өзінің ойымен Жанна Қуанышева.   

Талай жылдық тәжірибесі бар кастинг-директор Мадина Әлімқан да кинонарығында кадрлық тазарту жүргізу қажеттігін атап өтті. Оның ойынша, режиссерлер және актерлермен тиісті біліп алып, ол білімін дәлелдеген кәсіпқойлар жұмыс істеуі керек.  

Кино саласының мамандары жиналған «дөңгелек үстелге» қатысушылар түйіндемеге жаңа Қауымдастық айналысатын бірнеше тармақты енгізді. Атап айтқанда:    

Қазақстан актерлеріне олардың тәжірибесіне, біліміне, тілдерді білуіне және басқа да ерекшеліктеріне қарай тарификациялық кесте әзірлеу;
Актерлік мамандыққа деген менсінбеушілікке мүмкіндік беретін режиссерлер мен продюсерлер үшін айыппұл қарастыру;
Кастинг-директорлар үшін олардың тәжірибесіне, кейсіне және біліміне қарай тарификациялық кесте әзірлеу;
Кастинг-директорлар үшін нарыққа шынайы қажетті мамандарды даярлайтын шеберлік-сыныптарын ұйымдастыру.

Ұсынылған барлық бастамалар кино орталығы тарапынан қолдау тапты.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы