Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 мамыр, 2020327

Қазақстанда кинотеатрлар 15 маусымнан бастап ашылады

Маусым айының 15 жұлдызынан  бастап елдегі кинозалдар санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда толыққанды жұмысына кірісе алады.

Ол туралы бүгін ҚР премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирусты таратуға жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.

Кино сүйер қауым алғашқы релиз ретінде ең алдымен отандық «Базар жоқ, Мексика» фильмін тамашалай алады. Жеңісхан Момышев түсірген картина Мексика мемлекетінде түсірілген. Сондай-ақ, «Жаным, ты не поверишь», «Пышка» сияқты картиналардың прокаты карантин кезіне түсіп қалғандықтан, көрсетілімдері әріқарай жалғасын таппақ. Алдағы уақытта елдегі бірашама киногерлер туындыларының прокат уақытын күтіп отыр. Олардың қатарында продюсер Нұртас Адамбай «Келина Сабина» картинасы және эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген түсірген «Где мое кольцо?» туындылары бар.

Еске сала кетейік, әлемде орын алған жағдайға байланысты қауіпті вирустың алдын алу мақсатында еліміздегі кинотеатрлар 12 наурызда жұмысын тоқтатқан болатын.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы