Размер шрифта:

Цветовая схема:

04 наурыз, 2020512

Қазақстанда «Қажымұқан» атты фильм түсіріледі

Қазақстандық режиссер Қанағат Мұстафин жаңа кинокартинаны таспалауға кірісті.

Отандық тарихи киноленталар қатары тағы бір туындыға артады. Қазақстандық режиссер Қанағат Мұстафин жаңа кинокартинаны таспалауға кірісті. Фильм қазақ даласында аты аңызға айналған батыр Қажымұқан Мұңайтпасов жайында болатыны анық. Палуанға арналған фильм «Қажымұқан» деп аталады.

Кинотуынды сценарийін Жанат Қасабеков пен картинаның қоюшы режиссері Қанағат Мұстафиндер жазды. Ал, кинокартинаның қоюшы операторы - Еркінбек Птыралиев.

«Қажымұқан» фильмінің кейіпкерлерін кімдердің сомдайтыны әзірге белгісіз. Алайда, тарихи туындының түсірілімі басталып кетті.

Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов ХІХ ғасырдың аяғында дүниеге келген қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны.  Дүние жүзіне Қажымұқан, Муханура, Қара Иван, Қызыл бетперде, Ямагата, Қара Мұстафа сияқты лақап аттарымен танымал. Ол француздық күрес бойынша әлем чемпионатын жеңіп алған тұңғыш қазақ баласы. Сан мәрте әлемдік, ресейлік, аймақтық, кейін жалпыодақтық чемпионаттарға қатысып, елуге жуық наградалар мен медальдерге ие болды.

Ал, қазақтың Қажымұқанының өмірінен сыр шертетін тарихи туындының режиссері Қанағат Мустафинге келер болсақ, оның қоржынында жиырмаға жуық фильм мен сериал бар. Сәтін салса, аталған картина сол қоржынды толықтыратын болады. Қазір режиссердің соңғы еңбегі – «Бақталас» атты телехикаясы республикалық арнаның бірінің эфирінде жүріп жатыр. 

Автор:  Зарина Смағұлова

Фото:  режиссердің жеке мұрағатынан

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы