Размер шрифта:

Цветовая схема:

09 ақпан, 2021224

Қазақстандық деректі фильм алтын медальге ие болды

Қазақстандық режиссер Бану Рамазанованың «Преодолевая Барьеры» деректі лентасы Түркияда өткен Andromeda Film Festival 5-ші Халықаралық кинофестивалінде алтын медальмен ерекшеленді. Жағымды жаңалықпен картина режиссері әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Andromeda Film Festival кинофестивалі - Халықаралық кинематограф жанында құрылған фестиваль. Оның басты мақсаттарының бірі әділетсіз бәсекелестікпен күрес болып табылады. Дәстүрлі шара осымен бесінші рет ұйымдастырылып, биыл онлайн форматта өтті.

Халықаралық кинофестивальге қатысқан «Преодолевая барьеры» картинасы алтынмен ерекшеленген бес фильмнің бірі болды. Отандық деректі лента «Бабалар мұрасы» топтамасынан енгізілген. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы киностудияда түсірілген фильм Жамбыл маңындағы Луговое ат зауытында туылған, Кеңес одағының ат жарысының аңызына айналған Абсент атты ақалтеке жылқысы жайынан сыр шертеді.

Картинаның негізгі кейіпкері - мықты қазақстандық бәсекелес спортшылардың бірі Александр Тишков 35 жылдан аса уақыттан бері ат спортымен айналысып келеді. Белгілі жағдайларға байланысты оған бір емес, бірнеше жеңіс сыйлаған атымен қоштасуына тура келді. Алайда осыған қарамастан, ол берілмей, өзінің ісіне адал бола білді. Осыдан екі жыл бұрын чемпион Дос Фантом атты жаңа атымен кезекті жарысқа қатысып, қазір ары қарайғы мансабына жоспар құруда.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Banu Ramazanova (@banuwadreamer)

 

«Преодолевая Барьеры» деректі лентаның түсірілімдері 2019 жылдың жазында Алматы облысында басталған еді. Дәл сол кезде «Дегерес» кентінің 100 жылдығына арнап ат  жарыстары өткізілген болатын. Картина түсірілімдері бұдан бөлек, Тараз бен Шымкент, сонымен қатар Ташкент пен  «Свердлов облысы Губернаторының Кубогі» үшін Бүкілресейлік ат жарысы өтіп жатқан Екатеринбург қалаларында жүргізілді.

Айта кетейік, фильм сценарийін оның режиссері Бану Рамазанова мен Диас Құлмақовтар жазды. Бас кейіпкерлерді спорт шеберіне кандидат Шыңғыс Малықаждар, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Александр Тишков және Нурила Тұрысбековалар сомдады.  

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы