Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 мамыр, 2021323

Қазақстандық каскадерлер Ресейде үздік атанды

12 мамырда Мәскеуде ең мықты каскадерлерге жыл сайын ресейлік каскадерлер гильдиясы тағайындайтын «Альтер ЭГО» сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Онда Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмі 2019-2020 жылдардағы «Үздік шетелдік каскадерлік фильм» номинациясын жеңіп алды.

 

Жыл сайын сыйлыққа ресейлік және шетелдік фильмдерде орындалған үздік трюктер мен трюк қоюшылар ұсынылады. Марапаттау рәсімі –номинацияға ұсынылған трюктер экранда көрсетілетін, арнайы эффектілер мен  шебер трюктер орындалатын, сондай-ақ бірінші дәрежелі жұлдыздар – киноактерлер мен шоу-бизнес өкілдері қатысатын керемет шоу.

Жеңімпаздарды сарапшылар кеңесі анықтайды, оның құрамына каскадерлік киноларда жұмыс істеген танымал ресейлік және шетелдік киногерлер (режиссерлер, актерлер, операторлар, каскадер-режиссерлер) кіреді, оның ішінде: режиссерлер – Владимир Хотиненко, Алла Сурикова, Мурад Алиев, Василий Мищенко, актерлер – Игорь Петренко, Александр Домогаров, Кирилл Сафонов, Сами Насери (француз актері, «Такси» фильмдерінің басты жұлдызы, Чак Норрис (АҚШ актері), Карл Торфалио (каскадер-режиссер, 1999-2006 жылдардағы Голливуд каскадерлер ассоциациясының президенті), Бенни Уркидес (актер, АҚШ-тағы каскадер), Гари Дэниэлс (АҚШ актері, каскадері), Эванс Деби (каскадер-орындаушы АҚШ) және т.б.

Сыйлық 2017 жылдан бері беріліп келеді. Мүсінше «Nomad Stunts» компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновке табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл марапат «Томирис» фильміндегі жұмысы үшін Nomad Stunts каскадерлық командасының алғашқы сыйлығы емес. Өткен жылы оларға Бүкіләлемдік каскадёрлар академиясы «Таурус сыйлығын» табыстаған болатын. Кәсіби деңгейде бұл марапат ткаскадерлік Оскар деп аталады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы