Размер шрифта:

Цветовая схема:

13 қыркүйек, 2020471

Қазақстандық киноға Түркия жұлдызы Кадир Догулу түсті

«Бизнес по- казахски Түркияда» кинофильмінің түсірілім жұмыстары басталып кетті. Аталған жоба енді Түркия елінің Ыстамбул қаласында жалғасын табатын болмақ. Нұрлан Қоянбаевтің бұл жолғы кинокартинасында Түркия елінің танымал жұлдызды актері Кадир Догулу бой көрсететін болмақ. 

Елімізге танымал қазақстандық әйгілі кинопродюсер, тележүргізуші және актер Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по- казахски» кино-жобасын біршама елдерде түсіріп келгені белгілі. Бұған дейін фильм Дубай, Америка Құрама Штаты, Африка, Оңтүстік Корея сияқты елдерде түсірілген еді. Бүгінде аталмыш лента табиғаты әсем, жайма-шуақ Түркия елінде өз жалғасын табатын болмақ. Күні кеше ғана жоба продюсері Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по- казахски Түркияда» картинасының алғашқы түсірілімдері басталғаны туралы инстаграм әлеуметтік желісіндегі өз жеке парақшасында бөліскен еді. Дәстүрдегідей тәрелке сындыру рәсіміне Қазастанның Ыстамбулдағы Бас консулы Әлім Байел жеке қатысып, Қазақстан мен Түркия елдерінің ынтымақтастық қатынастары нығайып, екі ел арасындағы өнер әлемінің бір көпірге айналып, жаңа белеске жеткендігімен құттықтаған болатын. Ел қызметшісіне продюсер және жоба қатысушылары ерекше алғыс білдіретіндігін жеткізді.

Нұрлан Қоянбаев – актер, продюсер: 

«Бизнес по-казахски Түркияда» фильмінің алғашқы түсірілім күніне Қазақстанның Ыстамбулдағы Бас консулы Әлім Байел мырза келіп, киногерлер арасындағы міндетті дәстүр тәрелке сындыру салтанатына қатысты. Қолдауыңызға рақмет!»,- делінген жазбада.

@nurlankoyanbayev

Сондай-ақ, «Бизнес по- казахски Түркияда» кинофильмінің ерекшелігі бұл ғана емес. Кинокартинадан Түркия елінде ерекше танымал актер әрі продюсер, белігілі жұлдыз Кадир Догулуны көре аламыз. Актердің «Маленькие тайны Стамбула / Küçük Sırlar», «Плохая семерка / Pis Yedili»,«Два лица Стамбула / Fatih Habriye», «Моя история / Bir Hikayem Var», «Повергнутый любовью / Sevdam Alabora», «Великолепный век: Кесем Султан / Muhteşem Yüzyıl Kösem»,«Научи меня любить / Bana Sevmeyi Anlat»,«Грехи моего отца / Babamin Gunahlari»,«Вуслат / Vuslat» секілді танымал фильмографиясы бар. Сонымен қатар, Кадир Догулу өз инстаграм парақшасында қазақстандық жоба туралы ой бөліскен болатын.

@neskadfanss 

Кадир Догулу – актер, продюсер: 

«Жақында қазақстандықтарды керемет жоба күтуде. Біз «Бизнес по-казахски Түркияда» кинофильмінің түсірілімдеріне кірісітік. Бұл жоба - түркиялық "Alim Yapim" компаниясы және қазақстандық киногерлермен біріге отырып жұмыс істеген ортақ еңбегіміз. (Түркияда фильм көрсетілімі болмайды). Талантты продюсер әрі актер Нұрлан Қоянбаевпен танысқаныма және тағы бір өнерлі дос тапқаныма мен өте қуаныштымын. Осы жоба түрік халықтар арасындағы ынтымақтастық мен ауызбіршілігіне тікелей дәлел бола алатыны сөзсіз. Бауырлас екі елдің достығы қашанда берік болсын!»

@neskadfanss 

Жоба режиссері ретінде бірнеше отандық картиналарға режиссерлік етіп жүрген белігілі киногер Анвар Матжанов жұмыс істейтін болмақ. Бұған дейін Анвар Матжанов «Бизнес по- казахски в Африке» бөлімін түсірген болатын. Режиссер бүгінгі күнге дейін “Гудбай, мой бай!”, “Өз үйім” телехикаясына, “Кино по понятиям”, “Аташка на хайпе”, “Гудбай мой бай!” секілді кинокартиналар үшін режиссер ретінде еңбек еткен. Картинаның басты рөлдерінде тұрақты қалыптасқан кейіпкерлер: Гүлназ Жоланова, Нұрлан Қоянбаев, Жанат Байжанбаев, Дариға Бадыкова, Рамазан Амантай, Қажет Смағұловтар сомдаса, бұл жолғы бөлімде жаңа рөлдер де қосылмақ. Түркиялық хикаяда дарынды Жахан Отарғалиев және өнерлі Қайрат Әділгерей сынды белгілі актерлер бой көрсететін болмақ. Фильм не туралы болатыны әлі белігісіз. Жоба авторларының айтуынша, бұл кинолентада жаңа бір хикая бейнеленетін болмақ.

@neskadfanss 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы