Размер шрифта:

Цветовая схема:

02 маусым, 2020359

Елімізге танымал әнші Бүркіт жаңа туындысын түсіре бастады

Қазақстандықтарға Бүркіт есімімен танымал әнші, музыкант, режиссер әрі актер Айбек Жансейітов кино түсіруге кірісті. «Супер агенты» атты фильмі экшн-комедия жанрында болмақ.

Осыған дейін танымал тұлға «Логово» және «Загадай желание» сияқты фильмдер түсіріп, онда өзі де өнер көрсеткен еді. Бұлардан бөлек, әнші басқа да отандық картиналарда рөл сомдады. Олардың бірі – продюсер Құралай Анарбекованың шілдеде отандық прокатқа жол тартатын «Тойхана» комедиясы. Енді, міне, Бүркіт режиссер Дамир Тастамбековпен бірге тағы бір төл туындысын түсіріп, жарыққа шығармақ.

Комедия не жайында болатыны әзірге белгісіз. Тек фильмдегі бас рөлдерді әлеуметтік желіде кеңінен танымал болған вайнерлер Серғазы Тоқтарбек пен Мейірхан Шерниязовтер орындайтыны анық. Кейінгісінің кинода тәжірибесі бар. Талай қазақстандық телехикаялар мен фильмдерде өнер көрсеткен. Ал, Серғазы Тоқтарбек болса, бұдан бұрын киноға түспеген. Бұл оның толықметражды картинадағы дебюттік рөлі болмақ.

Фильм операторы – талай қазақстандық картиналарды таспалап, әдемі кадрларымен көзге түскен Азамат Дулатов. Сценарий авторлары - Әли Жансейіт пен Бүркіт.

«Супер агенты» фильмі биылғы жылдың желтоқсан айында көрермендерге жол тартады деп жоспарланып отыр.   

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы