Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 шілде, 2020189

Қазақстандық продюсер Еуропалық киноакадемияның мүшесі атанды

Отандық продюсер Ольга Хлащева Еуропалық киноакадемияға мүше болды. Бұл қуанышты хабармен қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Достар, керемет жаңалықты хабарлауға қуаныштымын – біздің барлық фильмдерімізде жұмыс істеген біздің тұрақты продюсеріміз Ольга Хлащева Еуропалық Киноакадемияның мүшесі атанды», - деп жазды режиссер.

«Командамыздағы тағы бір адам еуропалық әріптестеріміз тарапынан ерекше назарға ие болғаны көңіл қуантады!

Мен өзім 2018 жылдан бастап Киноакадемия мүшесі болғанды абырой санаймын әрі уақыт өте бұдан да көбірек әріптес-жерлестеріміз бізге қосылады деп үміттенемі!», - деп толықтырды Ержанов.

Айта кетейік, Ольга Хлащева режиссер Әділхан Ержановтың «Хозяева», «Чума в ауле Каратас», «Ласковое безразличие мира», «Черный, черный человек», «Бой Атбая» сияқты көркем фильмдеріне продюсерлік етті.

Еуропалық Киноакадемия жайында бірер сөз. European Film Academy 1988 жылы еуропалық кинорежиссерлерімен Берлинде құрылған болатын. Академия өзінің жыл сайынғы сыйлығымен танымал. Бүгінде киноакадемияға Германия, Франция, Украина, Ресей, Италия, Испания, Дания, Нидерланды, Польша және тағы басқа көптеген елдердің киногерлері мүше болып отыр. Олардың саны жылдан-жылға артып келеді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы