Размер шрифта:

Цветовая схема:

17 шілде, 2020291

Қазақстандық режиссердің картинасы Локарно Кинофестиваліне жолдама алды

Жаннат Алшанованың History of Civilization атты картинасы Locarno film festival-ға жолдама алды.

Локарно кинофестивалі - жыл сайын тамыз айында Швейцарияның Локарно қаласында өтетін кинофестиваль. 1946 жылы негізі қаланып, бүгінгі күнге дейін жүйелі түрде жоғары деңгейде ұйымдастырылып келе жатқан әлемдік киногерлер арасында белді байқау болып саналады.  Фестиваль фильмдерді түрлі бәсекеге қабілетті және терең мағына беретін жоғары сапалы кинокартиналарды, соның ішінде толықметражды повесть және деректі, қысқа метрлі, авангард және ретроспективті бағдарламалары бойынша назарға ұсынады. Пьяцца Гранде секциясы әлемдегі ең үлкен ашық аспан астындағы алаңдарда өткізіліп, 8000 көрерменді қабылдайды.

Фестивальдің бас жүлдесі - Халықаралық конкурста үздік фильммен марапатталған «Алтын барыс». Басқа марапаттар қатарына мансаптық жетістіктері үшін Құрметті барс және Prix du Public UBS қоғамдық таңдау сыйлығы кіреді.

Режиссер Жаннат Алшанованың бүгінгі таңда History of Civilization қысқа метражды фильмімен белді Locarno film festival қатысушысы атанып үлгерді. Кино жоба Pardi di domani 2020 негізгі конкурстық арнайы бағдарламасына іріктеліп алынған.

"Бұл фильм маған өте қымбат, себебі ол үлкен махаббатпен және зор қолдаудың арқасында дүниеге келген" (Орфография мен пунктуация сақталған), - деп жазады режиссер Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Аталған картина бойынша продюсер Евгения Морева, португалдық оператор Леандро Ферран, қоюшы-суретші Саша Шегай, монтажшы Ғалымжан Санбаев және басқалары еңбек еткен болатын. Кинодағы басты рөлдерді Айдар Әлімбаев пен Ақмарал Зыкаевалар сомдаған.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Жаннат Алшанова тағы бір "Паола загадывает желание / Паола тілек тілейді" атты қысқа метрлі еңбегі Locarno Film Festival конкурстан тыс бағдарламасына және Sundance Film Festival конкурстық бағдарламасына еніп, көреремен назарына және шетелдік қазылар алқасының зор ықыласына кенелген болатын.

Жаннат Алшанова 2007 жылы Қазақстандық менеджмент, Экономика және болжау институтын (КИМЕП) "Іскерлік әкімшілік және бухгалтерлік есеп" бакалавры дәрежесімен үздік бітірген болатын. 2009 жылы Испания еліндегі Бизнес және маркетинг жоғары оқу орнында Маркетинг мамандығы бойынша магистратура деңгейін алды. Бірнеше жыл бюджеттеу, бизнес жоспарлау, маркетинг және менеджмент саласында жұмыс істегенімен көңілі өнер әлемін, кино саласын таңдады. 2011 жылы киномен айналыса бастайды. Нетфликс өнімі саналатын "Марко Поло" картинасының түсірілімдерінде ассистент қызметін атқарады. Кейін режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" кинтуындысының алаңында фотограф болып жұмыс істейді. Сонымен қатар, актерлік шеберлік сабақтарын алады, кино классикасы мен драматургия негіздерін зерттейді, фотосурет дағдыларын жетілдіреді, шағын әңгімелер мен сценарийлер жаза бастайды. 2015 жылы Жаннат Лондондағы белді кино мектепке "Киноөндірістің шебері (Master of Arts Filmmaking)" бағдарламасына қабылданады. 3 жыл ішінде Жаннат бірнеше қысқа метражды фильмдерді - "Заноза" (Түркия), "Қайың" (АҚШ) және Оңтүстік Африкада түсірілген "Біз ризамыз" толықметражды фильмдеріне продюссерлік етті.

Оның алғашқы фильмі "Отель Белая Орхидея" Польшада ұйымдастырылған операторлық өнер саласындағы ең беделді фестиваль саналатын Camerimage кинофестивалінің негізгі конкурсынан сәтті өтіп, зор қошеметке ие болды. Сондай-ақ, аталған кинокартина Пекин киноакадемиясының 16-шы Халықаралық студенттік Кино және бейне фестивалінің, сондай-ақ Америка Құрама Штатындағы Чикагода өткен "Фотоувеличение" Халықаралық артхаус фестивалінің бағдарламасына іріктелініп алынған.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  http://celamko.blogspot.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы