Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 мамыр, 2021415

Қазақстандық ең үздік веб-хикаялар топтамасы 2

Соңғы 1-2 жыл көлемінде ютуб арнасында зор танымалдыққа ие болған көрермен сүйіп тамашалайтын үздік қазақстандық веб-хикаялар топтамасын әрі қарай жалғастырайық.

«Сәке» веб-сериалы

Режиссері: Олжас Нұрбай

Бөлім саны: 16

Орташа ұзақтығы: 23 минут

Орташа қаралым саны:  1,6 миллион

Желіге жарияланған уақыты: 15 қазан 2020 – 4 наурыз 2021 жж.

«Сәке» веб-хикаясы желіге жарияланған алғашқы аптада-ақ 1 000 000-нан астам қаралым жинап, мессенджерлер мен Instagram парақшаларда таралып кетті.  Бүгінде хикая жарыққа шығатын, «Жүз досың болғанша, бір сенімді ағатайың болсын» деа мысқылдайтын «Саке» арнасының 250 мың жазылманы бар. Веб-хикаяның халық арасында тез танымалдылыққа ие болуы біздің елде жалпы бұрынғы кеңестік республикалар арасында көтеріле бермейтін табу тақырыптардың бірі – саясат, билік адамдарының қызметі туралы болған соң ерекше талқыланды деп болжаймыз. Бұл хикаяда барлығы керемет – актерлер де, режиссерлік, монтаж, операторлық және саундтректер де сәтті таңдалған.

Басты кейіпкер – Омаров Саят Саматұлы, достары үшін жәй ғана Сәке, Чапаев ауданының әкімі. Бір қарағанда ол күндіз-түні қарапайым халықтың қамын ойлайты, ел жағдайының жақсы болуы үшін қолдан келгенінің бәрін жасайтын адам мемлекет қызметкері болып көрінеді. Алайда бұл тек оның сыртқы имиджі ғана. Шын мәнінде ол өз билігін  қалай пайдаланады? Ақша жасап/жеп қалу үшін қандай қадамдарға баруға дайын? Шығында да халықтың жағдайы оны алаңдата ма? Көрермендер фильмдегі мемлекеттік мекеменің жұмыс істеу жүйесі шын өмірден алынған деп жиі айтады. Алайда кино туындының авторлары мұның бәрі ойдан шығарылған оқиға екенідігіне сендіріп бағады.  Фильмнің алғашқы эпизодтарындағы Саят Саматұлының образы қазіргі қазақстандық әкімдердің бейнесін дәрл көрсеткендей. Бірақ біздің тілегіміз Саят секілді шын өмірдегі билік өкілдері де – жеп тапқан, арам жолмен келген ақшаның қадірі жоқ екенін түсініп, тура жолға түссе екен.

Басты рөлдерде ойнаған актерлар өз кейіпкерлеріне сендіре білгенімен, кей эпизодтағы әртістердің ойынына сену қиын. Актерлер: Саят Саматұлы – Рүстем Омаров; Дәурен – Ерболат Әлқожа; Азамат – Асан Мәжит; Арман – Азамат Әбділдинов; Талғат – Нышанбек Жұбанаев, Ләззат – Карина Кудекова. Фильм продюсері – Ақылбек Досжанов, сахна режиссері – Олжас Нұрбай, идея авторы – Рүстем Омаров, Марат Оралғазин, сценарий авторы – Ильхан Исхакбаев, сурет қоюшы режиссері – Бақыт Сәтбек, екінші оператор – Кемелби Диас, композиторы – Nazzarbeck, қоюшы-суретші – Жасұзақ Мақсат, суретшінің көмекшісі – Рай Ержан, дыбыс инженері –Сәрсенов Нұрбол, кастинг режиссері – Дүйсенбай Жамиля, екінші режиссері – Апарғожа Бауыржан.

«Жайна+» веб-хикаясы

Режиссері: Евгений Паламарчук

Бөлім саны: 10

Орташа ұзақтығы: 19 минут

Орташа қаралым саны:  196 мың

Желіге жарияланған уақыты:  14 тамыз 2020 – 7 сәуір 2021

«Жайна+» фильмінің алғашқы эпизоды желіге 2020 жылдың 14 тамызында Salem episodes ютуб арнасында жарияланды. Бірінші бөлімі 661 331 қаралым жинап, екінші бөлімі 1 жарым айдан кейін ғана жарық көріп, 222 280 рет қаралған. Кейінгі бөлімдерінің де таралуы шамамен осыдеңгейде болды. Ең соңғы бөлімі осы жылы 7 сәуірде желіге салынды. Жалпы веб-хикая қазақ тілінде түсірілген, тек ауызекі әңгімеде қолданылатын орысша сөздер ішінара кездесіп қалады. Оның негізгі қозғайтын тақырыбы – қыз баласына қоғамның көрсететін қысымы, олардың теңдігі.

27 жасқа келіп, туған күнін достарымен тойлап жатқан басты кейіпкер Жайнаға айтылған тілектердің барлығы тезірек сүйгеніңді тап, ана бақытына ие бол дегенге саяды. Болашақ жарын өзі де кездестіргісі келетін Жайнаның жолында көптеген жігіттер кездеседі. Оның қол астында жұмыс істейтін Ақберген оны бақытты етуге дайын екенін айтады, алайда ол жігіттің ажырасқандығын алған тартқан Жайна оның ұсынысынан бас тартады. Осылайша бас кейіпкер әртүрлі жігіттермен кездесіп көреді. Өзі сүйетін, өзін сүйетін шын бақытын іздеп табуға тырысады. Алайда оған кездескен азаматтардың біреуі жеке мүддесін көздеген гей, енді біреуі көңілдес іздеп жүрген отбасылы адам, тағы біреуі ақшаға қызыққан жігіт болып шығады. Қарбалас жұмыстың, түрлі мақсатты көздеген жігіттердің арасынан Жайна өзіне уақыт тауып шын сүйгенін таба ала ма?  Сондай-ақ фильмде басқа да қоғамдағы әйелге қатысты мәселелер қозғалады. Мысалы, Жайнаның жақын құрбысының есімі – Ұлболсын және ол осы есімнен қалай қысылатынын айтып отырады. Анасының басты кейіпкерді тұрмысқа шықпады деп уайымдап, әр сөйлескен сайын жігіт тап деп қыстай беруді де елімізде әйелдің жеке өміріне араласу, оның тағдырына үкім айту қалыпты құбылыс екенін көрсетеді. Басты рөлдерде Жайна – Индира Шынболатқызы, Ұлбосын – Айкерім Қайратқызы, Майра – Шынар Асқар, Ақберген – Саят Мақұлбаев, Айдын – Еламан Есентаев ойнайды. Сценарийін блогер Перизат Мырзахмет жазған. Түсірілім тобының құрамына келетін болсақ, бас продюсер – Данияр Саламат, қоюшы режиссер – Алмат Есім, қоюшы оператор – Дастан Молдабеков, қоюшы суретші – Бекжан Байкенжеев, атқарушы продюсер –  Ерболат Әлқожа, монтаж режиссері – Бексұлтан Ануаров, костюм жөніндегі суретшіг – Гаухар Ахтаева, грим жөніндегі суретші – Данияр Садығұлов. Сонымен қатар веб-картина Мархаба Сәбидің әдемі әуеендерімен әрленген.

«Пизнесмен Канат» веб-хикаясы

Режиссері: Дархан Саркенов

Бөлім саны: 3 (жалғасы бар)

Орташа ұзақтығы: 16 минут

Орташа қаралым саны:  1,1 миллион

Желіге жарияланған уақыты: 14 мамыр 2021

«Пизнесмен Канат» веб-хикаясы таза қазақ тілінде түсірілген және 3 эпизоды ғана шықса да кең аудитория жинаған фильмдердің бірі. Бұл хикаяның танымалдығын мұндағы басты кейіпкер қазақтілді аудиторияға кең танылған әзілкеш Қанат Әбжаппаровтың өз рөлін сомдауымен байланыстыруға болады. Әртістің өнерін бағалайтын, әзілді сүйетін қазақстандықтар жаңа туындыны көруге уақыттарын аяп қалып жатқан жоқ. Небары 14 күнде Қызалорда қаласында түсірілген туынды әлі қазақстандық ютубтың трендінде тұратыны сөзсіз.

Жалпы хикаяның оқиғасы Қанат Әбжаппаровтың былтырғы яғни 2020 жылғы карантин кезінде ешқандай концертке шыға алмай, отбасына жеткілікті ақша таба алмай жүрген кезін суреттейді. Әрине, актер өз протатипін сомдағанымен кинодағы оқиғалар ойдан құрастырылған. Ақша тауып, жұмысқа кірмесең ауылға барып тұрайық деген әйелінің ұсынысынан қорыққан Қанат бизнес ашуға бекінеді. Өйткені оның қалтасында көк тиыны қалмаған еді, ол тіпті шарасыздықтан көшеде қайыр сұрап отырған жандардың ақшасын ұрлап кететін жағдайға жеткен еді. Әркімнен қарыз сұрап жүргенде ол сәті түсіп, ақыры қаланың ортасынан өз атымен аталатын супермаркет ашады. Енді бқрын бизнеспен айналысып көрмеген актерге өз ісін дөңгелетіп алып кеті үшін көп күш пен тәжірибе керек болады. Қарызға белшеінен батқан әріптесіне досы Қайрат Әділгерей мықты маркетолог әкеп, көмектесуге бел байлайды. Актердің өзі де комик болғандықтан ол туралы фильм комедия жанрында түсірілген. Басты рөлдегі актерлар  Қанат Әлжапбаров, Зарина Кенжеәлі, Әділбек Сапаров, Асылхан Ерниязов, Жазира Шармаханова, Қайрат Әділгерей, Асқар Оразәлиев, Ерден Нұрбек. Негізгі идея авторы – Абдусаид Шайхисламұлы, фильм продюсерлері – Сержан Серикбаев, Абдусаид Шайхисламұлы.

«Көрші» веб-хикаясы

Режиссері: Евгений Паламарчук

Бөлім саны: 5 (жалғасы бар)

Орташа ұзақтығы: 17 минут

Орташа қаралым саны:  274 мың

Желіге жарияланған уақыты: 23 сәуір 2021

«Көрші» веб-хикаясының алғышқы эпизодының Salem episodes ютуб арнасында пайда болғанына бір ай ғана уақыт болды, осындай аз уақыт өткеніне қарамастан 581 619 қаралым жинап үлгерді. Әрине, бұл қазақ тілді вер-картиналардың ішінде көш бастап тұрған көрсеткіш деп мақтана алмаймыз. Алайда жанры комедия емес, өткір әлеуметтік мәселелерді көтеретін фильм үшін бұл өте жақсы нәтиже деп айтуға болады. Оның басты тақырыбы тағы да әйел, гендерлік теңдік проблемасы, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық, күйеудің әйеліне қол көтеруі, көзіне шөп салуы секілді мәселелері айқын көрсетілген. Сондай бұл жас бойдақ жігіттің өзінен бірнеше жас үлкен тұрмыстағы 2 баласы бар әйелге шынайы ғашық болып қалуын баяндайтын алғашқы веб-туынды.

Сюжет бойынша, басты кейіпкер Индира ауқатты бірақ адал емес күйеуі, 2 қызы бар өзімен-өзі үй шаруасында отырған әйел. Ол жылдар бойы күйеуінің өзіне дөрекі сөйлеуіне, кейде көңіл бөлмеуіне көз жұма қарағанымен, бір күні оның көңілдесі бар екенін екенін біледі. Мұндай қорлыққа шыдамаған ол жолдасы Асылбекке ажырасқысы келетінін жеткізеді. Алайда қатігез күйеуі оны аямай ұрып-соғады. Осындай отбасылық драмаларға куә болып жүріп, уәделескен қызы бар еңбекқор Руслан ересек әйелге ғашық болып қалады. Жас баланың сезіміне салмақты қарамаған Индира мен жүріп жүрген қызына сатқындық жасап жүрген Русланның арасында ортақ сезім жалғаса ма? Хикая осы турасында болмақ. Негізгі рөлдерде актерлар Жанель Мақажан, Бекзат Жүнісов, Дәркен Есімбеков, Назерке Ермекқызы ойнайды. Ал фильмнің түсірілім тобы режиссер Евгений Паламарчук, креативті продюсер / сценарий авторлары – Майя Искакова, Перизат Мырзахмет, қоюшы оператор – Данияр Бахтияров, digital продюсер – Алтынай Идрисова, продюсер – Жазира Мурадова секілді киногерлерден құралған.

«240 часов» веб-хикаясы

Режиссері: Дамир Тастамбеков

Бөлім саны: 7

Орташа ұзақтығы: 15 минут

Орташа қаралым саны:  250 мың

Желіге жарияланған уақыты: 4 ақпан 2021 – 1 сәуір 2021

Аталған кино өнім басқа орыс тілінде түсірілген отандық веб-хикаялармен салыстырғанда аса танымалдыққа ие деп айта алмаймыз. Дегенмен бұл жаңа бағытта, жаңа тақырыптарды қамтыған, қоғамның шындығын көрсететін туынды болғандықтан, жеке тоқталып өтуді жөн көрдік. «240 часов» деп аталатын ютуб арнаның жазылманы 38,2 мың жазылманы бар. Өте қысқа сюжеттен тұратын хикаяның басты кейіпкері Диана ауқатты әкесімен және болашақ өгей анасымен бірге тұрады. Әкесінің жаңа ғашығын жақтырмайтын ол оған түрлі қиын сынақтар мен пранктар жасайды. Бір күні пранк жасаймын деп жүріп жаңадан ашылып жатқан салонда жарылғыш зат бар деп полиция қызметкерлеріне жалған ақпарат таратқан ерке қыз қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 240 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегіледі. Сол жерде жүріп өзіндей тәртіп бұзған жастармен танысқан оның басынан түрлі оқиғалар өтеді. Өзінің қулағы мен айтқан өтіріктерінің кесірінен біршама қиындықтарға тап болады. Қызыққа толы хикая көрерменге «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» екенін, жасаған жамандығың өз алдыңа қайтып келетінін  астарлап жеткізеді.

Басты рөлдерде Диана – Дәмелі Тастанбекова,  Жандос – Ілияс Жапаров, Рүстем – Тамерлан Бейсенов,  Санжар – Мұсахан Жұмаханов, Зере – Ақерке Сүлейменова, Марат (әкесі) – Рүстем Жаныманов, Әлия – Роза Мұқатаева, Әділ – Аңсар Берлібек сомдайды.  Музыкалық сүйемелдеу: IHI feat Moreart – Тыгыдык, Sonatina No 2 F Major Allegro & Rondo – Joel Cummins|Beethoven, Madi, Ali Okapov - Seni Korsem, Daricorn – Температура, Soulbirkez - Blaida Blai, Dudeontheguitar – Kelmid.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы