Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 қазан, 2020267

«Құйын» картинасы Түркиядан жүлделі оралды

Отандық режиссер Рахымжан Қалдыкөздің «Құйын» фильмі  Түркияда өткен «7 Vilayet Kisa Film» 7-ші Халықаралық қысқаметражды кинофестивалінде жүлдеге ие болды. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында хабарлады.  

Жас режиссер Рахымжан Қалдыкөздің «Құйын» дебюттік картинасы бағдарлама шеңберінде адами құндылықтар тақырыбында ұсынылған жеті қысқаметражды фильмнің арасынан суырылып, төрт жүлделі орынның үшіншісін қанжығасына байлап қайтты. Мәдениет және туризм министрлігінің Кино жөніндегі бас басқармасы және Бурса қаласының сауда-өндірістік палатасының қолдауымен ұйымдастырылған «7 Vilayet Kisa Film» 7-ші Халықаралық қысқаметражды кинофестивалі биыл эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына орай оффлайн форматта өтті. Режиссер марапаттау рәсіміне өзі қатысты.

«Аллаға шүкір! Турцияның Бурса қаласында өткен халықаралық кинофестивальде жүлделі болдық. Аллаға сансыз шүкірліктер мен сансыз мадақтар болсын. Не жасасам да Алла үшін, елім үшін. Қазақ елі жасасын. Қазақ жігіттерінің еңсесі әрдайым тік болсын», - деп жазды Рахымжан Қалдыкөз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Айта кетейік, «Құйын» фильмінің сценарийін Маман Шығыс жазды. Операторлары – Диас Кемелбай, Азизәли Әбішев пен Еркін Марғұлан. Басты рөлдерді Жанбол Файзиев, Әсел Серікбай, Диас Беркінбайлар сомдады. Картина Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен түсірілді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы