Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 маусым, 2020459

Режиссер Ақан Сатаев қайын ата атанды

Күні кеше ғана танымал режиссердің тұңғышы, жас актриса Марйам Сатаева өз сүйіктісіне тұрмысқа шықты. Бұл қуанышты жаңалықпен актриса өзінің әлеуметтік желісінде бөліскен болатын.

Еліміздегі белгілі режиссер Ақан Сатаевтың үлкен қызы Марйам Сатаева тұрмыс құрды. Бұл туралы танымал киногер өзінің инстаграм желісіндегі жеке парақшасында көпшілікке жария етті. 

Ақан Сатаев, режиссер, продюсер:

«Құрметті достар! Бүгін біз, Алланың қалауымен, @nazirabakayeva екеуіміздің үлкен қызымызды @marysatay мешітте Некесін қиып, күйеу баламызға @esbolat_abdiberik аманат етіп, табыс еттік. Елдегі жағдайды ескере отырып, үлкен тойсыз, тек құдаларымызбен қарапайым дастархан жайып, Сүннет бойнша жастардың қалауын орындауға тырыстық. Алла Тағала барлығымызға жақсылық пен береке беріп, жамандықтан сақтасын! Әмин!» 

(автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған).

Отандық белді фильмдерді жарыққа шығарып жүрген, еліміздің кино саласына үлкен үлесін қосып келе жатқан Ақан Сатаевтың қызы Марйам әкесінің жолын қуып киноиндустрияны таңдаған болатын. Жас актриса Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "Графикалық дизайн" мамандығы бойынша білім алады.  Кинодағы дебютін өзінің әкесі Ақан Сатаев режиссерлік еткен отандық танымал «Районы» фильмінде алған болатын. Кинокартинада жас актриса Марйам Дина есімді бас кейіпкердің рөлін сомдады.  Кинодағы карьерасы енді ғана басталып келе жатқан өнер жолын таңдаған актриса «Районы» картинасынан кейін «Органика» және «Аға» сияқты киножобаларға атсалысты. Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, қазіргі таңда «Хакер» атты кибербуллинг жайлы жаңадан түсіріліп жатқан отандық кинокартинасында басты рөлдердің бірін сомдап жатыр. Бағлан Құдайберлиев режиссерлік етіп жатқан жоба қай кезде үлкен экранға жол тартып, қалың көрермен назарына ұсынылатыны әлі белгісіз. Сондай-ақ, Марйам Сатаева еліміздегі нөмірі бірінші халықаралық Nomad Stunts каскадерлер құрамасының белді мүшесі.  Nomad Stunts - бұл 2000 жылы негізі қаланған кинокартиналар мен телевизиялық жобаларға трюктар мен жаттығулар қоюшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнгужинов негізін салған кәсіби каскадерлердің халықаралық тобы. Жас актриса Марйамның сүйіктісі де осы Nomad Stunts құрамасының мүшесі, жас актер Есболат Әбдіберік. 

@maryasatay

Ақан Сатаев - қазақстандық кинорежиссер, актер, сценарист және продюсер. SataiFilm Киностудиясының негізін қалаушы. 1971 жылы 23 желтоқсанда туған Қарағанды жерінде туған. 1994 жылы Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының “кино және телевизия” факультетінде тәлім алып, осы мамандық бойынша оқуды бітірген. Академияда оқыған кезінде 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғалары туралы Қалдыбай Әбеновтың "Аллаһ" фильмінде Азат студенттің басты рөлін сомдайды. Академияны бітіргеннен кейін түрлі көркем фильмдерге түскен. Сонымен қатар, режиссер және жарнамалық роликтердің продюсері ретінде жұмыс істей бастады. 2003 жылы Sataifilm киностудиясының негізін қалады. Киностудия 300-ден астам жарнамалық роликтерден түсіріліп, бірқатар отандық үздік атанған кинофильмдер мен жобалар жүзеге асырылған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша халықтық дауыс беру арқылы Қазақстан киноиндустриясының үздік қайраткері болып танылып, "Жылдың Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. 2016 жылы Astana Film Found қорын құрды, оның мақсаты қазақстандық жас режиссерлерге қолдау көрсетіп, сонымен қатар аз бюджетті авторлық фильмдерді кино сүйер қауымға ұсыну. Бүгінгі таңға дейін бклді режиссер Ақан Сатаев “Рэкетир”, “Адасқандар”, “Ағайынды”, “Ликвидатор”, “Жаужүрек мың бала”, “Бауыржан Момышұлы”, “Рэкетир 2”, “Хакер”,“Блогер”, “Анаға апарар жол”, “Бизнесмены”, “Томирис” және “Она” секілді кинофильмдерге режиссерлік етіп, “Каникулы off-line”, “Черный, черный человек”, “Путь Лидера. Астана”,“Бизнесмены”, “Ласковое безразличие мира”, “Она”, “Районы”, “Рэкетир”, “Хакер”, “Вопреки всему”, “Прямой эфир”, “Долг”, “Подружки”, “Болашақ”, “Айналайын” телесериалы, “Ликвидатор”, “Заблудившийся” және “Рэкетир” сынды картиналарға продюсерлік еткен болатын. Қазақстандық кино саласына елеулі еңбек қосып келе жатқандығы үшін 2012 жылы Қазақстан Кинематографистер одағының "Құлагер" ұлттық сыйлығының лауреаты атағы берілген болатын.  

2018 жылы "Анаға апарар жол" атты толық метражды көркем фильмі үшін әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты "Алтын Жұлдыз" сыйлығының бірнеше мәрте иегері. 2014 жылдың қорытындысы бойынша-халықтық дауыс беру арқылы Қазақстан киноиндустриясының үздік қайраткері болып танылып, "Жылдың Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (қаз. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері).

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды. Ақан Сатаев пен Назира Бакаева өз жанұясында бес баланы тәрбиелеп келе жатыр. Марйам- үйдің үлкені, режиссердің тұңғышы. 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы