Размер шрифта:

Цветовая схема:

04 мамыр, 2020433

Режиссер Іңкәр Әбдіраш дебюттық «Ұмай» картинасымен тағы да ерледі

Қазақстандық қысқаметрлі «Ұмай» («Мальчик у окна») кинокартинасы тағы да жеңімпаздар қатарынан көрінді. Бұл жолы отандық туынды Үндістан Халықаралық кинофестивалінің сыйлығына ие болды.

Режиссер Іңкәр Әбдіраштың дебюттық «Ұмай» туындысы Dadasaheb Phalke Film Festival (DPIFF) Х Халықаралық кинофестивалінде үздік қысқаметрлі фильмі атанды.

Dadasaheb Phalke Халықаралық кинофестивалі – бұл шығармашыл режиссердерді ұлықтап, марапаттауға арналған, сондай-ақ, олардың туындыларының ары қарай дамуына демеу беретін бірегей платформа.

Үндістанның ең беделді кинофестивальдерінің бірі жыл сайын 30 сәуір күні өткізіледі. Бұл күн - үнді фильмінің негізін салушы Дадасахеб Фалькенің туған күні. Фестиваль де осы тұлғаның есімімен аталады. Киномайталманының 1913 жылы жарыққа шығарған «Раджа Харишчандра» атты тырнақалды туындысы Үндістанның тұңғыш толықметрлі көркем фильмі болды. Жыл сайын салтанатты түрде өтетін шара биыл бірінші рет онлайн форматта өткізілді.

Отандық картина ерке актрисаның балалар үйінің тәрбиеленушісін асырап алғаннан кейінгі өмірі баяндалады. Кинолентаның басты рөлдерін актриса Гүлнар Сильбаева мен кішкентай актер Алмас Ақылбай ойнайды. Фильмге Фархат Абдраимов пен Гүлшат Смағұловалар продюсерлік етеді. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Іңкәр Әбдіраштың«Ұмай» картинасы British International Amateur Film Festival Халықаралық әуесқойлар кинофестивалінде «Үздік фильм» және «Үздік сценарий» сияқты екі бірдей аталымды жеңіп алған.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы