Размер шрифта:

Цветовая схема:

21 шілде, 2021262

Режиссер Қанат Бейсекеевтің үздік жұмыстары

Қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев көп ортада өзінің ерекше фильмдері және деректі картиналарымен танымал. Бүгінде режиссер әлеуметтік тақырыптардан бөлек, шетелдегі қазақтар мен отандастырымыздың өмірін және тұрмыс- тіршілігі жайында фильмдер түсіреді. Youtube видео хостингіндегі Қанат Бейсекеев каналына жүктелетін фильмдер көрермен көзайымына айналып, сүйікті жобаларына айналған рас. Сол себептен де режиссердің алдыңғы қатарлы жұмыстары мен картиналарына, олардың мазмұны мен авторлық құрамына бір көз жүгіртіп өткенді жөн санадық.  

Отандық сценарист, режиссер әрі оператор Қанат Бейскеев 1992 жылы сәуірдің он бірі күні Қарғанды қаласында дүниеге келді. UIB университетінде журналистика факультетінде білім алып, одан кейін New York Film Academy оқу орнына құжаттарын тапсырады. Сынақ емтихандарынан сүрінбей өтіп «Digital art and photography» мамандығы бойынша өз білімін кеңейтеді. Төрт жыл бойы Америкада өмір сүрген Қанат Қазақстанға оралғаннан кейін режиссер қысқа метрлі фильмдерді түсіре бастайды. Оның алғашқы жұмыстарының бірі ретінде «Дальнобойщик» картинасын айтуға болады. Режиссердің сүйікті қалаларының бірі Алматы қаласы. Қазіргі уақытта Бейсекеев оңтүстік астанада өмір сүріп, кино саласын дамыту үстінде. Алайда режиссердің айтуы бойынша, ол әр үш ай сайын Америка Құрама Штатына барып тұрады екен. Қанаттың көп жобалары осы мерзімді дүниеге келгенін ескерсек, бұл сәтті жобалардың бастауы болғаны анық. Отандық режиссердің қатардағы жобалары көрермен тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. Осыған орай назарыңызға Қанат Бейсекеев түсірген жобаларды ұсынамыз.  

«Казах полицейский в Нью-Йорке | Kazakh Cop in New York»

Бұл режиссердің алғашқы жұмыстарының бірі. 2016 жылы Американдық полиция қызметкері Данияр Нұртаза туралы, оның қызметі мен өмірі жайында түсірілген жоба болатын. Деректі фильм 2016 жылы ақпан айының жиырма үшінші жұлдызында жарыққа шықты.

Фильмнің басты кейіпкері – Данияр Нұртаза. Ол Қазақстаннан  Америкаға қоныс аударып, өз жолын іздеген полиция қызметкері. Өзге мемлекетте жүріп, түрлі қиындықтарды басынан өткерген. Нью-Йорк полиция департаментінің полиция қызметкеріне дейін жеткен жолын ауыр әрі қызықты жол деп атайды. Оның өмірінде осыдан бір жыл бұрын ерекше оқиға орын алған болатын. Данияр Нью-Йорктегі метро станциясының жанында американдық әйелге босануға көмектескен болатын. Өмірге кішкентай сәби ешқандай кедергісіз аман-сау болып туылды. Бұл жаалық тек жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қоса бүкіл американдық жаңалықтар хроникасының басты тақырыбына айналды. Көбі мұны полиция жасаған ерлік деп санап, Даниярды бұл ісі үшін өз алғыстарын жаудырды. Фильмде отандасымыздың күнделікті өмірі, оның әріптестері мен жұмыс барысы, жергілікті халықтың қарым –қатынасы жайында толыққанды айтылады.

«Қазақстандықтар АҚШ-та» жобасының авторлары қатарында: Әлішер Елікбаев, Байғалиев Саян, Қанат Бейсекеев және Наргиз Ахметов. Дыбыс монтажын жасаған – Илья Коробейников. Фильмді қазіргі таңда төрт миллионнан астам көрсетілім жинаған.  

«Контрактник | казах в армии США»

Бұл оқиға Қазақстан жеріндегі жас жігіттің бойындщағы АҚШ – та өмір сүру ынтасының амрикандық әскер қатарына ілігуіне бір себеп болғандығын көрсетеді. «Қазақстандықтар АҚШ-та» жобасының тағы бір маңызды әрі қызықты оқиғасы. Тимур Қапанов қазіргі таңда Нью – Джерси қаласында өмір сүреді. Бұған дейін ол Америка Құрама Штатының қуатты армия әскери құрамында болған. Сол уақыттағы қиын әрі ауыр дайындықтан өтті, Ауған Қандагарындағы соғыс қимылдарының ортасында болды, денсаулығына байланысты отставкаға кетті және 32 жасында армия ардагері біртіндеп азаматтық өміріге үйренісе бастаған. Картинаның авторы және режиссері: Қанат Бейсекеев. Дыбысты монтаждау: Илья Коробейников. Монтажын жасаған - Қанат Бейсекеев. "Қазақстандықтар АҚШ-та" жобасының авторлары: Байғалиев Саян, Табиғи Елікбаев, Қанат Бейсекеев, Наргиз Ахметов. Аударманы жасаған - Индира Аккерман. Деректі фильм бір жарым милиионға жуық қралым жинаған көрінеді.

«bibissara | kazakh model in New York»

Шетелдік танымал брендтермен жұмыс істейтін қазақтан шыққан белігілі модель Бибісара Шәріпова туралы түсірілген туынды. Бибісара Шәріпова модельдік мансабын небәрі 15 жасында бастаған. Top Model Asia байқауының қорытынды финалынан кейін Нью-Йоркте жұмысқа шақырту алды. Нью-Йорк, Милан, Париж және Токиодағы сән апталығына қатыса бастайды. Көптеген халықаралық компаниялардың бет-бейнесі атанып, бірашама контрактар бойынша қызмет еткен болатын. Vogue, Harper ' s Bazaar, Elle және тағы да солай сияқты танымал журналдарында қазақастандық модель Бибісара Шәріпованың әдемі фотосессияларынан жарияланымдары жарық көре бастады. Бұл мини-фильмнің идеясы Нью-Йорктегі модельдерінің өмірі. Өз кәсібінің ең жақсылары жұмыс істеуге келетін қалаларды көрсету болды. Осы бәсекелестік ортада Қазақстаннан келген модельдің қалай өмір сүріп, нендей қиыншылықтарға кезіккенін толықтай көрсететін жоба.

«Хочу в балет. История маленькой девочки»

Балет өнері туралы ашық көрсетілетін картина киішкентай қыздың балерина болу арманы туралы айтады. Жыл сайын Қазақ ұлттық хореография академиясы бүкіл ел бойынша кішкентай таланттарды іздейді. Бірнеше ай бұрын Қызылорда облысы Шиелі кентінен келген сегіз жасар Нарқыздың арманы орындалды: ол іріктеуден өтіп, балет өміріне жолдама билетін алды. Лентаның авторлары балет өнерін және оның сахна сыртын кішкентай, мақсатқа ұмтылған қыздың көзімен көрсетуді мақсат тұтқан көрінеді. Бұл оқиғада басты кейіпкер балерина болуды армандайтын кішкентай қыз – Нарқыз Мейірбекова. Оның анасы Мирзагүл Мейірбекова баласы үшін астанаға көшіп келуге, барынша өз баласына қолдау көрсетуге ниетті екенін айтады. Сонымен қатар, академияның үлкен сахнасында өнер көрсететін тәжірибелі балериналар мен өнер адамдары да бой көрсеткен болатын. Олардың қатарында: Фархад Буриев, Айжан Мұқатова, Рикардо Амаранте, Милан Буканова, Қазбек Ахмедьяров, Байхадам Тұңғаров, Татьяна Тенет, Дилара Шамаева және тағы да басқалары бар.

Фильмнің авторлары мен жобаға қолдау көрсеткендерге тоқталсақ. Операторлары: Тахир Әлиев, Қанат Бейсекеев және Нұрбол Қуандықов. Монтаждағандар: Виктор Ким және Қанат Бейсекеев. Музыкамен әрлеген - Суннатов Ислам. Дыбысқа жауап берушілер: Илья Коробейников және Асқар Дастенов.

«USTAZ – фильм о наставниках / призвании / борьбе / вере»

Мұғалімділік жол кез-келгеннің қолынан келе бермейтін ерекше құдірет. Бұл мамандықты шын мәнінде қалайтын әрі жан дүниесімен беріліп істейтіндер көп емес. Жобаның басты мақсаты баламен жұмыс істейтін әрбір адам «ұстаз» екенін көрсету. Олар тек қана мектепте ғана емес, сондай –ақ әртүрлі орталықтарда да кездеседі.

Мұғалімдер жалақыға қызығып келетін мамандар емес және көбінің жұмыстан боастылуына да бұл себеп бола алмайды. Білімге келудің мақсаттары-альтруистік. Картина авторлары егер ақша мен мансап олардың негізгі мотивациясы болмаса, балалармен қандай адамдар жұмыс істейтінін түсінгісі келгенін айтады. Біліммен айналысатын адамдар туралы төрт әңгіме түсірілді және бұл фильмнің барлық кейіпкерлері мектептерде жұмыс істей бермейді. Мысалы, 2016 жылы жалған террроризм үшін сотталған бұрынғы физика мұғалімі Юрий Пак немесе Марина Сугакова бұрыннан жеке балалар үйін ашып, балалардың анасы болып, өз қамқорлығына алған.

Дерекі фильмнің барлық кейіпкерлері бір-бірінен өте ерекшеленеді. Олар жел, су, от және жерді бейнелейді. Туындыда оларды бүкіл ел бойынша бір оқиғаға біріктіріп, бір қарағанда бағаланбаған болып көрінуі мүмкін мамандық туралы айтылады. Ustaz фильмі-мұғалімдерге және балалармен жұмыс істейтін адамдарға алғыс айту әрекеті. Олар үшін "Мұғалім" бұл бір бос сөз ғана емес екендігін ұғындыру.

Қоюшы операторлары: Dastan AD, Әсет Жаңабеков, Кана Бейсекеев, Дәурен Байғуатов, Бақытжан Закиев, Эльдар Насыров. Ассистенттер қатарында: Зумрад Мирзалиева, Әліби Әйтенов, Мақұлбеков Жасұлан, Тимур Азимов. Шығармашылық продюсері -  Айдина Буковски. Дыбыс бойынша өңдеуші - Думан Жүсіпов. Картинаның монтажын жасаған авторлар: Кана Бейсекеев, Қайрат Нұрмұғамбетов және Әсет Жаңабеков. Редактор және желілік продюсері - Мадина Аешева. Саунд дизайнер - Диас Бектаев. Қоюшы суретшісі - Әлия Қосаева.

«ЖЕНА — ФИЛЬМ О ДОМАШНЕМ НАСИЛИИ В КАЗАХСТАНЕ»

БҰҰ және Vласти деректеріне сәйкес жыл сайын Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400 әйел көз жұмады. Тек 2020 жылдың алғашқы 8 айында ішкі істер органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша шамамен 130,000 өтініш келіп түсетін көрінеді. Оның ішінде 2,500 қылмыстық іс және 30,000 әкімшілік іс қозғалды. Бұл өте қорқынышты көрсеткіш. Бұл картинада ер адам әйелі мен балаларына қолын көтеретін отбасыларда не болып жатқанын көрсетілетін туынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық ешкіменің мәртебесі, материалдық жағдайы немесе жасы қарай бөлінбейді. Сонымен қатар, зорлаушылар мен оның құрбандардың психологиясына қатысты тақырыптар да дәл осы деректі картинада толыққанды ашылған. Әйелдер мен балаларға күш көрсету-бұл жай әлсіздік қана емес, сонымен бірге қылмыс екенін ұмыстпаңыз. .

«Просто Сабуров | о stand up, провинции и GGG»

Нұрлан Сабуров-ТНТ арнасында танымал "Stand Up" телешоуы тобының құрамына кіргеннен кейін танымал болған жас қазақстандық әзілкеш.

Нұрлан Қазақстанның солтүстігінде орналасқан Степногорск қаласында туып өскен.Осыдан екі жыл бұрын Кана Бейсекеев Нұрланмен Мәскеуде, оның бір сөзінде танысады. Осыдан кейін олар қазақстандық комедияның өмірі туралы баяндайтын фильм түсіруді ұйғарады. Бұл фильм екі жыл бойы, спектакльдер мен гастрольдерден үзілістерде, Отанға және одан тыс жерлерге сапарларда түсірілген болатын. Фильмде бой көрсеткендер: Нұрлан Сабуров, Ғалымжан Молданазар, Әділ Жәлелов, Тимур Каргинов, Геннадий Головкин. Монтажын жасаған - Кана Бейсекеев, дыбысын өңдеген - Илья Коробейников.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы