Размер шрифта:

Цветовая схема:

02 шілде, 2020439

Режиссер Ернар Нұрғалиев жаңа фильм түсіріліміне кіріспек

«Жаным, ты не поверишь» қара комедиясын жасаушылар жаңа туынды түсіруге білек сыбануда. «Умри или вспомни». Бұл - жаңа авантюралық мелодраманың жұмыс атауы болмақ.

Фильмдегі бас рөлді әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева сомдайды. Ол осыған дейін «Тракторшының махаббаты», «Қарлығаш ұя салғанда», «Армандастар», «Өгей жүрек» сияқты телехикаяларда, сонымен қатар «Томирис» тарихи туындысында өнер көрсетті.

Сюжет желісі бойынша Айка есімді бас кейіпкер өзінің өткен өмірін ұмытып қалады. Көше кезіп, қайтыс болудан оны бейтаныс ер адам құтқарады. Бір мезетте қыз өткенін еске алудың амалын табады. Оның жолы - үнемі қауіпте жүру. Ол үшін Айка Ес есімді бейтаныс жігіттен көмек сұрайды. Алайда жігіт бұл істе оған көмек қолын созуға асықпайды. Бірақ қыз жігітті үнемі оның «құтқарушысы» болуға мәжбүрлейді. Содан қыз ақырындап өткенін еске түсіре бастайды. Сөйткенде, оның өмірінде оны сүйетін ер азаматының бары анықталады. Енді Айка мен Естің жолы екіге айырыла ма? Әлде....

«Умри или вспомни» картинасының премьера күні де белгілі – сәтін салса, биылғы жылдың 24-ші желтоқсанында қазақстандық прокатқа шығады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, фильм түсірілімдерін Art Dealers Movie кинокомпаниясы жүзеге асырмақ. Компания биылғы жылдың наурызында «Жаным, ты не поверишь» атты алғашқы толықметражды картинасын таныстырған еді. Елдегі жағдай қалыпқа келіп, кинотеатрлар жұмысын жандандыратын болса, комедия көрермен назарына қайта жол тартады деп жоспарланған.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы