Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 маусым, 2021447

Рүстем Жаныаманов түскен фильмдер топтамасы

Отандық үздік киноленталар  мен телехикаяларда өзінің ерекше ойынымен және өзгеше харизмасымен көп көрерменнің үздік деген бағасын алып жүрген актер Рүстем Жаныаманов жайында не білеміз? Егер актердің өмірлік жолы мен кино өнеріндегі шығармашылығы қызық болса, біздің дайындаған топтамамызға назар салыңыз.

Рүстем Жаныаманов – отандық кино және театр актері, сонымен қатар театр режиссері. Актер 1987 жылы маусым айының алтыншы жұлдызында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін бітірген. Алматы қаласында орналасқан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Режиссура» факультетінде білім алып, 2012 жылы тәмәмдаған болатын. Темірбек Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясының «Режиссерлік» бағыты бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Атабаевтың шеберханасында еңбек етті. 2012 жылы Ж.Досмұхамедова атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Дарио Фоның «Еркін жұп» пьесасын сахналап, театр сыншылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. 2017 жылы мемлекеттік қуыршақ театрында режиссерлік аспектіні дамыту мақсатында алғаш рет Ж.Омаровтың «Құлын мен қасқыр» және  Р. Отарбаевтың «Жусан иісі» спектакльдерін қойды. Қазіргі таңда мемлекеттік қуыршақ театрының қоюшы-режиссері қызметін атқарады. Актердің түскен фильмдері көрермен арасында қызу талқыланып, ерекше назарға алынып жатады. Жаныамановқа берілген рөлдер көптеген ерекшелігімен және әрқилығымен өзгешеленеді. Сол себепті де, оның түскен барша киноленталары танымалдылыққа кенеліп келеді. Ендеше назарыңызға Рүстем Жаныаманов түскен фильмдерді ұсынбақпыз.

«Ана жүрегі»

Райгүл есімді судья қызметінде жұмыс істейтін әйел жалғыз ұлы Арманды ешкімнің көмегінсіз тәрбиелеп өсіреді. Ол ұлына барлық билігін жүргізіп, болашақта үйленбеуге мүмкіндік бергісі келмейді. Бірақ Райгүлдің жоспары барынша жүзеге аспайды. Ұлы Арман өміріндегі шынайы махаббатын кездестіріп, анасына қарсы тұрады.

55 жастағы Райгүл Ахметқызы-қатал әрі өктем әйел, қаладағы құрметті судья. Ол жұмыста табысқа кенеліп қана қоймай, ұлын жалғыз өсі асырап, ешкімнен кем қылмай өсіреді. Арман 30 жасында жетістікке жетіп, ірі компанияның директоры болған мейірімді әрі адал жігіт. Жігітте  ең бастысы - жеке бақытынан басқа бәрі бар. Ананың тарапынан болған қатты тәрбие мен қаталдықтың арқасында Райгүл ұлын қыздардан қорғап, үйленуге өз рұқсатын бермейді. Бір күні Арман ересек баласы бар жалғызбасты ана Анармен танысып қалады. Оның тағдыры өз анасы Райгүлдің тағдырына ұқсас, сөйтіп жігіт  Анар қызға ғашық болады. Арман бұл оның бүкіл өміріндегі махаббат екенін дәлелдеуі керек және ананың қызғанышын жеңуі керек. Бұл қиын миссия Арманның қолынан келеді ме? Жалғыз махаббатына арналған Анарға қолы жетіп, анасы Райгүлдің батасын алу мүмкіндігін ала алады ма?

Басты рөлдерді сомдағандар қатарында: Лейла Ханинга – Бекназар, Серік Шәріп, Жанель Мақажанова, Олжас Тоғымбет, Зируза Тасмағамбетова, Бақытжан Әлпейісов, Жәния Джуринская, Айзада Сатыбалдиева, Айым Сейтметова, Тынышкүл Сұлтанбердиева және басқалары бар. Продюсерлері: Гүлнұр Мамасарипова және Аиса Кисабекова. Операторы – Қаршыға Оспанов. Сценарий жазғандар: Санжар Омаров және Әсем Көбеева.

«Көк тарландары»

Еліміздің отан қорғаушыларының құрметіне орай түсірілген киноленталарымыз бен отандық телехикаялар саны біршама. Осы секілді өнер туындыларының қатарында «Көк тарландары» картинасы да бар. Бұл жолы әуе десанттарының қызметіне байланысты түсірілген лента қатардағы жолдастардың өміріндегі қызықтар мен қиындықтары туралы айтады. Көрермен назарына «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында қазанның бірі күні ұсынылған  болатын. Туған елі мен халқы  үшін түн ұйқысын төрт бөлген отан қорғаушыларының сарқылмайтын күш-жігері мен жанқиярлық ерлігі дәл осы кинокартинада көрсетіледі. Барлығы он алты бөлімнен құралған отандық телехикаяға режиссерлік еткен еліміздегі талантты режиссерлердің бірі, танымал киноактер әрі дарынды сценарист Ержан Рүстембеков. Ал картинаға продюсерлік еткен Ернар Мәліков. Ол «MG Production» кинокомпаниясының бас продюсерлік қызметін атқарады. Сценарий авторлары: Данияр Күмісбаев, Ерлан Нұрмұхамбетов және Ержан Рүстембеков. Екінші режиссері – Ерлан Нұрмұхамбетов. Композиторлық қызметте - Арман Мұқатай. Дыбыс режиссері – Айым Ибрагимова. Монтаждаған – Дмитрий Козлов, ал қоюшы суретші – Виталий Ивашкин. Фильмнің директоры – Рустам Юсупов. Сериалдың түсірілімдері үшін еліміздің Қапшағай қаласы таңдалып алынған. Қапшағайда орналасқан Қазақстан Республикасының Қарулы Аэроұтқыр әскерінің отыз бесінш гвардиялық десанттық шабуылдаушы бригадалық базасы арнайы осы сериалдың түсірілімдері үшін алынған болатын. Басты рөлдерді: Олжас Жақыпбек, Мерей Маханов, Жалын Тілеуберген, Ұлан Болатбек,  Айнұр Бабаева, Рүстем Жаныаманов, ышанбек Жұбанаев және  басқалары сомдап шыққан болатын.

«Күн сақшылары»

«Күн сақшылары» отандық телехикаясы 2013 жылдың қазан айының бірі күнінен бастап көрермен назарына ұсынылды. Бұл «Хабар» телеарнасы мен «Ел арна» отандық каналдарының бірлескен жобасы болды. Бұл шытырман оқиғалы-мистикалық жанрда түсірілген еліміздегі алғашқы сериал. Сюжет Sun City кафесінде бір шаңырақ астында өз еркімен жұмыс істеу мақсатымен жиналған әртүрлі адамдардың тағдырларына негізделген. Режиссер ретінде Санжар Сұлтанов шақырылды, ол бізге «Уақыт күтпейді» және «Хакер» сияқты фильмдерге режиссерлік еткен. «Күн  сақшылары» толығымен қазақ тілінде түсірілген болатын, екінші көрсетілімді орыс субтитрімен шығуды жоспарлаған. Кафе қызметкерлерінің өмірі мен жұмысы туралы сериал түсіру идеясы продюсер Ахат Ибраевқа даяшылардың қиын күндерін бақылап, бір фаст-фудта тамақтанып отыған кезінде келген. Телесериалдың актерлерінің айтуынша, команда «интернационалды». Құрамда орыс тілінде де, қазақ тілінде де сөйлейтін кейіпкерлер бар. Картинаның режиссері ұзақ уақыт бойы шетелде оқығандықтан, ағылшын тілін таңдады. Нәтижесінде, осы жобаның арқасында ол түсірілім соңында бірден екі тілде сөйлеп кеткен. Продюсер Ахат Ибраев бұған дейін «Санжар мен Қайсар» және «Нұркеновтар отбасы» отандық жобаларын түсірген. Продюсердің айтуынша, кейбір актерлерді кастингке дейін байқап, оларға рөл ұсынған көрінеді. Мысалы, ол тізімде актер  Шәріп Серік те бар. Ол "Nauryz jam" - ға қатысқан кезде осы жоба үшін арнайы шықыртылған көрінеді. Ал Жанат Тынбаев пен Аружан Жазылбекова «Санжар мен Қайсар» телесериалында өздерін жаңа қырынан таныта білген.  «Sun City» кафесінің өзі Алматыда орналасқан, бұл бас кезінде жай ғана ақ бос кеңсе болған. Кейін түсірілім тобы декорацияларды арнайы өздері жасаған. Мысалы, олар тіпті Волга көлігін тауып, оны терезе арқылы кіргізкен көрінеді. Түсірілімдер бір айдан астам уақытты құраған. Сценарий авторлары: Ахат Ибраев, Рустам Ниязов және Валерия Плотникова. Сериал операторлық жағынан ерекше түсірілген, көрермен үшін бұл қазақстандық кинодағы жаңа көзқарас болғаны рас. Операторлық қызметте – Саят Жанғазинов. Композиторы- Никита Карев. Басты рөлдерді сомдаушылар: Шәріп Серік, Артур Төлепов, Нұржан Тұтов, Жұлдыз Маханова, Аружан Жазылбекова, Жанаргүл Жаныаманова және тағы басқалары.

«Жаңғақ ағашы»

Фильмнің басты кейіпкері Ғабит есімді жігіт сұлу бой жеткен  Айсұлуға үйленуді жоспарлайды. Ежелгі дәстүр бойынша Ғабит достарымен қалыңдықты ұрлауды шешеді, ал қалыңдықтың келісімі алынды, бірақ тек оның ата-анасы жастардың бұл ниеті туралы ештеңе білмейді. Осы жерден Ғабит, Айсұлу және олардың достарының оқиғалары басталады, алайда оларың бұл хикаясы үйлену тойымен аяқталады ма? Кинолентаның сценарий авторы және режиссері – Ерлан Нұрмұхамбетов. Операторлық қызметте – Мұрат Нұғманов. Фильмдегі басты рөлдерді сомдағандар: Рүстем Жаныаманов, Балнұр Асыл, Нұржан Жұманов және Әсілбек Мұсабеков.

«Класстастар»

Мектепті бітіргеннен кейін арадан 20 жыл өткен соң, бұрынғы сыныптастары ескі мектебінде кездесуге туған ауылына оралады. Тағдыр оларды әр түрлі жолға бағыттаған, бірақ балалық шақтың достары үшін тек бір нәрсе мәңгі өзгеріссіз қалады. Уақыт адамдардың өмірін өзгерткенменде, олардың өмірлік құндылықтары  – отбасы, достық және махаббат тақырыптары мәңгі адал кейпінде қалады. Міне, сол туралы айтылған шынайы және әсерлі оқиға. Бір топ сыныптастар мектеп бітіргеннен бері алғаш рет кездесетініне қарамастан, олардың барлығын ортақ өткен өмір біріктіреді, бұл оларға қайта байланыс орнатуға өз септігін тигізетіні рас. Сыныптастардың  кейбіреулері үшін бұл кездесу ностальгиялық саяхат болады, ал кейбіреулер үшін жаңа өмір тарауының бастауына айналады…

Киноның түсірілім тобы мен авторларына тоқталар болсақ. Фильмге танымал режиссер Ернар Нұрғалиев режиссерлік етті. Сценарий авторы – Алишер Утев. Продюсерлері – Асель Садвакасова және ахат Ибраев. Операторы – Алехандро Чавес, ал әдемі музыкамен әсемдеген композитор- Павел Ли. Монтажын картина режиссер Ерлан Нұрғалиевтің өзі жасаған. Кинокартинаның тұсау кесері 2018 жылдың наурыз айының он бесінші жұлдызында өткен болатын. Басты рөлдерді сомдаған актерлер қатарында: Олжас Абай, Рүстем Жаныаманов, Дәурен Айдарқұлов, Әсел Қалиева, Асель Садвакасова және Рая Адығанова және басқалары бар.

«Ғазиз жүрек»

«Ғазиз жүрек» отандық телесериалы өз көрермендеріне отбасылық құндылықтар мен адал махаббат тарихын көрсетеді. Адамгершілік қасиеттері мен біреудің жолын алдап-арбау секілді қу тірліктер ортасында қалған сериал кейіпкерлерінің шытырманға толы өмірлік жолы баяндалған телехикая. Өз махаббатының жолында өзін құрбан еткен басты кейіпкердің бұл шешімі өз өміріндегі барша қиындықтар мен ауыртпашылықтардың бастамасы болады. Сценарий авторлары – Антон Федоров және Асқар Ұзабаев. Қоюшы – режиссері  ретінде қызмет еткен Артем Ганцев. Операторы – Әлібек Шәменов, ал қоюшы суретшісі – Нұрболаты Құлмахамбетов. Басты кейіпкерлердің рөлінде бой көрсеткендер: Рүстем Жаныаманов, Айдос Рысхан, Айнұр Ілиясова, Ибрагим Сайырков, Бахтияр Қожа, Нарғыз Айдарова, Аман Ғұмаров. Сериалдың бас продюсері – Ринат Сафаров.

«Жаным, ты не поверишь!»

Қызықты шытырман оқиға жас ерлі –зайыпты жұптардың ұрыс-керісінен басталады. Жас жұбайлар өздерінің тұңғыш баласын күтуде, күн сайын олардың ұрыстары жиілеп кетеді. Ал фильмнің басты кейіпкері Дастан әйелінің үнемі шығаратын жанжалына төтеп бере алмай, достарымен қайғысын бөлісіп, өзін құтқаруды сұрайды. Оның кәсіпкер және  учаскелік полиция қызметкеріне кем дегенде бір күнге қала сыртына шығып,  демалыс алуды шешеді. Достар балық аулауға баруға шешім қабылдап, күтпеген жерде кенеттен және түсініксіз оқиғаларға тап болады. Олар өздерімен орын алған бұл жағдайлар мен оқиғаларды ешқашан ұмытпайды. Картина режиссері –Ернар Нұрғалиев, ал опраторы – Азамат Дулатов. Сценарий жазғандар: Алишер Утев, Ернар Нұрғалиев және Жандос Айбасов. Продюсерлік еткендер: АзаматДулатов, Ернар Нұрғалиев және Жандос Айбасов. Басты рөлде ойнағандар: Ерлан Прімбетов, Еркебұлан Дайыров, Әсел Қалиева, Рүстем Жаныаманов, Дулыға Ақмолда және Данияр Алшынов.

«Келінжан – 1, 2»

Еңбек ауылының тұрғындары Күләштің отбасы кенже ұлдары асқарды үйлендіреді. Шаңыраққа үй жұмысына үйренбеген, отабсындағы ерке қаланың қызы Асылым бойжеткен келін болып түседі. Бірақ Асылым ауылға келін болып түсуге дайын емес еді, дегенмен қыз өз серігі Асқарды сүйеді.

Дәстүрлі қазақ отбасына келін болып түскен Асылым бұрын соңды ауылда ешқашан өмір сүріп көрмеген. Енесі мен және үлкен абысындарымен не туралы, қандай тақырыпта сөйлесетінін де білмейді.  Ол ешқашан үй шаруасымен айналыспаған және сиырды қалай саууды да білмейді. Асылым қатал енесінің тапсырмаларын орындауға тырысады, бірақ оның қолынан сәтті шықпайды. Ол өз енесінен көмек күтеді. Шаңырақта тағы екі үлкен келін бар, олар Асқардың үлкен ағаларының әйелдері. Олар өздерінің келіндік міндеттерін орындауға тырысқанмен де енелерінің көңілінен шыға алмайды. Абысындар кіші келін Асалымға көмектесудің орнына, тек жергілікті өсектерді жинап, оларды бір-бірімен талқылап жүреді. Жаңадан түскен жас келін Асылым бұл отбасында өмір сүру оңай болмайтынын түсінеді. Ендігі оның болашақ тағдыры қалай болады?

Отандық телехикаяның продюсері – Гүлнұр Мамасарипова, ал режиссері – Ернар Нұрғалиев. Фильмнің басты кейіпкерлері: Сара Амангельдиева, Назар Сұлтанбаев, Дариға Бадыкова, Лейло Бекназар – Ханинга, Рүстем Жаныаманов, Нұргүл Мыңғатова, Үсербай Дәулет. Операторы – Шерхан Таңсықбаев. Сценарий авторлары: Бекзат Жұмажан және Гүлнұр Мамасарипова. Композиторы белгілі музыкант –Ринат Гайсин.

«Где мое кольцо?»

Кинолента махаббат хикаясынан бастау алады. Басты кейпкер өз сүйіктісіне тосынсый дайындайды. Бірақ бәрі де оның ойлағанындай бола қоймайды. Гүлдер дүкенін ашқан ол көп уақыт бойы өз жеке кәсібін ашауды армандаған. Алайда сүйіктісі Жұлдыз тосынсый ретінде үйленуге ұсыныс күтеді. Ал енді ғана ашылған гүлдер дүкеніне қауіпті ұрлықшы баса көктеп кіреді. Шытырманға толы оқиға осы жерден өрбиді. Ол қымбат жүзікті дәл осы дүкенге жасырады. Бірақ уақыт өткен соң ол жүзік тапсырысқа жіберілген гүлдердің бірінде болады. Ал ұрлықшы сол жүзік қайтарылмайынша, дүкен иесінің сүйіктісін тұтқынға алады. Оқиға енді қалай жалғасын таппақ?

Кинолентаның продюсері белгілі әнші – Айқын Төлепберген. Романтикалық комедияға Дархан Саркенов режиссерлік етті. Басты рөлдерді сомдағандар: Айқын Төлепберген, Құмар Лұқманов, Жұлдыз Өмірғали, Рүстем Жаныаманов, Гүлнар Сильбаева, Құралай Анарбекова және Нышанбек Жұбанаев.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы