Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 маусым, 2020250

«Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» фильмі ресейлік сайтта жарияланды

Севастопольдік «Победили вместе» деректі фильмдер мен телебағдарламалардың Халықаралық фестивалі «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» акциясы шеңберінде фестивальдің әр жылдары жүлдегер атанған 75 үздік деректі фильмді ресми сайтқа жариялады. Аталмыш тізімге отандық «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» туындысы да енді.

Деректі лентада қарапайым лейтенанттан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің генералына дейін жеткен Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз елдің тұңғыш Қорғаныс министрі, әскери генерал Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі мен елге сіңірген көпжылғы еңбегі суреттеледі. Фильмде Халық Қаһарманы әскердің айбынды қызметкері ретінде ғана емес, аяулы жар, құрметті әке әрі адал дос ретінде ашылады.

Кеңес Одағының батыры жайындағы картинаны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильм режиссері - Сатыбалды Текеев, продюсері - Дархан Қожахан. Сценарийін Сатыбалды Текеев пен Нұрлан Әбдібековтер жазды.

Айта кетейік, «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» деректі лентасы «Победили вместе» деректі фильмдер мен телебағдарламалардың ХІІ Халықаралық кинофестивалінде үшін 2016 жылы «Үздік портреттік очерк» сыйлығына ие болды.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы