Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 маусым, 2021271

Салтанат Қалиева рөл сомдаған киноленталары

Салтанат Қалиева - танымал қазақстандық тележүргізуші, кино актриса, сондай-ақ бақытты әйелі менкөп балалы ана. Көп қызметті атқарып жүрген Салтанат Қалиева танымал фильмдер мен отандық телесериалдардан жиі байқалып жүреді. Белгілі актрисаның өмірі, актрисалық мансабы туралы бүгінгі мақаламызда айтатын боламыз.

Салтанат Қалиева 1975 жылы жиырма төртінші ақпан айында көп балалы отбасында дүниеге келген. Оның ата-анасы Салатанаттан бөлек отбасында  тағы төрт баланы асырап, тәрбие берген. Бала кезінен бастап, Калиева телевизия саласына ғашық болып өскен. Ол жаңалықтар жүргізушілерінің өзін- өздері ұстауына, ерекше дикцияға, әдемі дауыс ырғағына жалпы бәріне де қызығып өскен. Жүргізушілердің әрбір сөзін жаттап алып, баа күнінен айна алдында өзін кішкентай жүргізуші ретінде елестетін болған. Сонымен қатар, Салтанат кітап оқуды өте жақсы көрген. Ата-анасы мен бауырлары кедергі болмас үшін, ол көрпенің ішіне кіріп кетіп кітаптарды бірінен соң бірін жарыса оқитын болған екен. Танымал тележүргізуші болуды армандайтын Салтанат бойжеткен кезінде кішкентай балаларды онша ұнатпайтын Бәлкім бұған бірден бір себеп – оның көп балалы отбасыдан шығуы болған болар. Десе де актрисаның ата-анасы педагогикалық оқу орнына түсуән қалаған көрінеді. Себебі, сол замандағы ең жақсы әрі тамаша оқу әрі мамандық дәл осы педагогикалық училище болған екен. Бірақ бойжеткен өз арманынан бас тарта қойған жоқ. Құрбысына еріп ол дикторлық мектепке кастинг қабылдауына барады. Мектеп ұстаздары Салтанат қыздың бойынан ерекше  дикция мен дауыс тембріне, әрі оның камера алдында өзін-өзі еркін ұстай алатындығана ерекше тәнті болады. Осылайша, Салтанат Қалиева небәрі он сегіз жасында Торғайлық телевизияға жүргізуші ретінде қызметке алынады. Сол кезден бастап қызықты мамандықты кәсіби түрде меңгеруді жоспарлаған Салатанат алдағы уақытқа жоспарлар құрады. Өзінің қалауымен және әріптестерінің кеңесімен Алматы қаласында орналасқан қара шаңырақ Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі журналистика факультетіне кәсіби білім алуға оқуға түседі. Университет қабырғасында өмірлік махаббатын жолықтырып, тұрмыс құрады. Одан кейін шаңыраққа қарап, бала тәрбиесі мен үй шаруасы Салтанттың карьералық жолына біраз кідірістер туғызады.

Салтанат телевизиядағы карьреасын «Таң» телеарнасынан бастап, кейін араға біраз уақыт салып «Қазақстан» телеарнасына көшеді. Телекөрермендер Салтанат Қалиеваның ерекше ықылас пен және зор қошеметпен қарсы алғаны байқалып тұрды. Актриса телевизиядан мәңгіге кетпек болып қадамдар жасағанмен де, қайта-қайта оралып келе берді. Және әр кезеңде жаңа идеялар және жобалармен қайта оралатын Салтанат Қалиева өзінің авторлық су жаңа бағдарламасын ашқан болатын. Бірақ оның да мансабтық жолында көптеген қиын кезеңдер мен қиындықтар болғаны рас. Бір кезеңдебасшылықтың шешімі бойынша Қалиеваны артық салмағы үшін эфирден алып тастаған. Оның ана болғаны бәріне де аян болғанмен, оған ешқандай түсіністік танылмады. Әйткенмен де, Салтанат өз күшіне сеніп жиырма келі де артық салмақ тастаған болатын. Сонымен қатар, оның жүргізушілік қызметінде дәл тікелей эфир алдындағы байланыс кезінде Салатанттың текстері мен анонс парақтары жоғалып кетіп отырған. Дегенмен де кішкентай кезінен жатыққан есте сақтау қабілеті Салтанатқа сол кезде үлкен көмек болған көрінеді. Түлежүргізушінің жары Бағдат Қожахметов есімді телевизия саласында жүрген белігілі маман. Олар қазіргі таңда үш қыз, екі ұлдың ата-анасы. Көпбалалы ана атану Салтанат Қалиеваның телевизиядағы карьерасы мүлде кедергісін тидірмеген. Керісінше өзінің шаңырағында баланың күлкісі, қуанышы мен шаттығы көп болағаны оны жұмысындағы өсуіне тікелей байланысын тигізеді.

Біраз уақыт өте келе Салтанат Қалиева өзін отандық кино өнерінде де байқап көрген болатын. 2016 жылы Салтанат «Көзайым» атты отандық лентада бой көрсетеді. Бұл телесериалға Қалиева  актриса ретінде түсіп қана қоймай, сондай - ақ аталған жобаға продюсерлік еткен болатын. Араға біраз уақыт салып актриса «Келинка тоже человек» отбасылық комедиясына түседі. Ал 2019 жылы тележүргізуші «Гаухар» атты отандық туындының Бас продюсері болып тағайындалады. Кәсіби тележүргізушінің кино өнеріндегі жеткен жетістікреі де аз емес. Осыған орай отандық кино саласында бой көрсетіп жүрген Салтанат Қалиеваның шығармашылыған бір көз жүгіртіп, актриса сомдағана рөлдері мен продюсерлік еткен жобаларына тоқталып өтсек.

«Көзайым»

Телесериалдың басты кейіпкері – бақуатты, бай отбасыдан шыққан Еркебұлан есімді жас жігіт. Ол отбасында ерке, ортасында абыройлы, барлық дегені орындала қоятын жағдайға үйреніп алған азамат. Еркебұлан ойына келгенін жасап, көптеген шытырман оқиғаларға тап болып жүреді. Ал оның қайтарымын отбасы көреді. Ол әкесінен сыйлық ретінде қымбат көлік ала алады. Үлкен ақшаны ойына келген зат үшін жұмсап, құрта алады. Ол көптеген жол жүру ережелерін бұзып та үйреніп алған. Әкесінен сыйланған жап -жаңа шетелдік көлікте Еркебұлан барлық ережелерді бұзып, бір күні жаяу жүргіншілерді қағып кетеді. Қаладағы құрметті отбасы ұлының бұл әрекетіне наразы. Оның ерке мінезі мен шатақ іс-әрекеттерінен өзінің жанұясы да қатты шаршап кеткен. Әсіресі оның туған ағасы Сұлтан. Үйдің үлкені Сұлтан Еркебұланға қарағанда әлдеқайда сабырлы, ісі нық әрі салмақты. Өз-өзіне және жасаған әрекеттері үшін жауап бере алатын жауапты еразамат. Ол інісінің оңды – солды жүріп, әрқашан өзін де, жанұясында ұятқа қалдырып жүретін іс-әрекеттерінен шаршаған.

Сондай-ақ, оқиға желісі Көзайым есімді керемет бойжеткен қыздың өмірімен жалғасын табады. Басты кейіпкерлердің бірі Көзайым сұлу жасына қарамай ақылды және өте қарапайым студент. Жан-жағындағы жандарға әрқашан қол ұшын беріп, көмектесіп жүретін ерекше қамқор жан. Студент қыз оқуының ақшасын төлеп, анасына көмектесу үшін жастайын жұмыс істейді. Қалалық мейрамханалардың бірінде даяршы қызметінде жұмыс істейтін ол адал еңбек пен шынайы ниеттің арқасында көптеген биіктер мен жетістіктерге жетуге болатынына кәміл сенімді. Бір сөзбен айтқанда, Көзайымның өмірі ерке Еркебұланның уайым- қайғысыз өмірінен түбегейлі ерекшеленеді.

Олардың кездесуі бір мейрамханада орын алады.  Козайымды көріп, Еркебұлан достарымен бәс тігіп, өзіне қарапайым сұлуды ғашық етуге бел буады. Алайда, Көзайымның өміріндегі ол жалғыз ер адам емес еді. Қыздың жүрегін жаулау үшін тағы бір құпия жан күреседі. Ешқашан жеңіліп көрмеген Еркебұланның бұл сайыстағы қарсыласы кім? Оның ойынмен басталған сезімі шынайы көңілге айналуы мүмкін бе? Оның отандық романтикалық телесериалдан тамашалап, біле аласыздар.

Телехикаяның түсірілім жұмыстары 2016 жылы болып, 2017 жылы «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіле бастады. Тұсаукесерлік премьерасы сол жылдың наурызайының жиырма бесінші жұлдызында өткен болатын. Көпсериялы мелодрама - Bas dala group шығармашылық бірлестігінің жаңа жобасы болды. «Көзайым» отандық телесериалында көрермендерді махаббат, достық және отбасы туралы қызықты оқиғалық желілер күтеді. Фильмнің түсірілімдері Алматыда басталып, 2016 жылдың маусым-тамыз айларында жалғасын тапқан болатын. Оған RinGo тобының солисі Батыр Байназаров, Маржан Қалыбек, әнші Нұрболат Абдуллин, Ерік Жолжақсынов, Салтанат Қалиева, Айгүл Иманбаева, Азат Сейтметов, Сәбит Әбдіхалықов және басқалар қатысты.

Салтанат басты кейіпкерлер ағайынды Еркебұлан мен Сұлтанның анасы рөлін смомдап шыққан. Өзіне сеніп тапсырылған кейіпкерін шынайы сезініп, көреременге барлық эмоцияны жеткізе алғандығы Салтанат Қалиеваның мықты тележүргізушіден бөлек, керемет кино актриса екендігін толықтай дәлелдей алады. Телехикаяға режиссерлік еткендер: Ақжол Абилов және Мақсат Оспановтар. Операторлық қызметті атқарған Ерзат Батай. Сценарий авторы – Данияр Күмісбекова. Композиторы – Батыр Байназаров.

«Гауһар»

«Basdala group» киностудиясы 2019 жылдың мамыр айында осы заманның талантты әрі белді жазушысы Талғат Кеңесбаевтың жазған «Гауһар» повесі желісімен көп сериялы көркем фильмін түсірген болатын. Картинаның режиссері белгілі отандық киногер әрі режиссер Жасұлан Пошанов. Сериалдың сюжеті мектепті үздік бітіріп, грантқа түсу үшін қалаға баратын Гауһар есімді қыз туралы баяндайды. Бірақ күтпеген жерден оны зорлық-зомбылыққа ұшыраған ауылдың шетіндегі қараусыз қалған үйден табады. Ауыл ақсақалдары қыздың ұятынан айырылған етіп көрсетіп, барлық ауыл болып одна бас тартады. Гауһар мұндай қорлыққа шыдамай, өз - өзіне қол жұмсауға бел байлайды. Алайда оған өмір жаңа бағыттар мен жолды ашады. Дене шынықтыру мұғалімі Алан оған үйленгісі келеді, осылайша оны қорлық өмірден құтқарып қалады. Олар қалаға көшіп, бірнеше жыл бақытты өмір сүреді. Бірақ бір күні Гауһар бір кездері оны зорлаған адаммен бетпе-бет келеді. Осы сәттен бастап барлық кейіпкерлердің өмірі түбегейлі өзгереді. Жоба жұмысына қоюшы-оператор Владислав Зажерило, жоба сценаристі - Қанат Рамазан. Отандық туындының Бас продюсер- Салтанат Қалиева. Телехикаядағы рөлдерді: Азамат Сатыбалды, Болат Ұзақов, Гүлбахрам Байбосынова, Саят Мерекеұлы, Сағат Жылгелдиев, Әсет Иманғалиұлы сомдайды. Түсірілім Алматы қаласы мен Жамбыл облысы, Қордай ауданында орын тепкен Сұлутөр ауылында өткен болатын.

Салтанат Қалиева «Гауһар» туындысының продюсері:

«Біздің  көрерменге жеткізер жалғыз мақсатымыз, ол: «әрқашан жамандық жеңіліп, жақсылық озық болады»,- деген үндеуді түсіндірі, жеткізу. Қоғам бай және кедей болып бөлінуі мүмкін болса да, барлық адамдарда проблемалар бірдей екенін көрскіміз келді. Телесериал арқылы жағымды адами қасиеттерді, мейірімділікті насихаттау", - деп бөлісті жобаның продюсері.

«Келинка тоже человек»

Отбасылық комедия ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы баяндайды. Олардың өмірі әрқашан түсініспеушілік пен өшпенділікке, жек көрушілік пен наздануға толы. Ене келінін түсінбесе, келіні енесін түсінуге тырыспайды. Күнделікті өмірі әртүрлі дау-дамайға айналған сол үйдің атасы мен баласы әйелдерінің неліктен соншалық ұрыс –керіс туыдыратынын түсінбей әлек. Келіні мұндай өмірден шаршап ерекше қасиеті бар әйелге көмекке жүгінеді. Ол келінге өзгеше дүние ұсынады. Міне барлық қызықты шытырман оқиға дәл осы тұстан басталады. Дәлірек айтсақ, ене мен келіннің өмірі мен рөлдері алмасып кетеді. Келіннің күйін кешкен енесі оны бағалай түссе, ененің кейпіне енген келіні басында рахаттанғанмен де, кейіннен енесін ерекше сый-құрметін көрсетеді. Оқиға әріқарай қалай жалғасатынын білігіңіз келсе отандық картинаны тамашалаңыз. Фильмді көреремен назарына ұсынған белді әрі мықты режиссер Асқар Узабаев. Сценарий авторлары қатарында: Сәбит Рахымбаев және Әуезов Әуездер бар. Кинолентаның шығуына үлкен ат салысқан әрі басты рөл кейіпкері Әсел Сәдуақасова. Операторлық жұмысты атқарған мықты киногер - Максим Задарновский. Кинопремьерасы 2017 жылдың жиырма үшінші ақпан айында өткен болатын. Басты рөлдер бұйырған киноактерлер: Әсел Сәдуақасова, Әмина Малғаждар, Данагуль Темирсултанова, Әбунасыр Серіков,  Салтанат Қалиева, Данияр Алшынов және де басқалары.

«Инелік»

 «Инелік» отандық телесериалы ақ халатты абзал жандардың жауапкершілігі мол, маңыздылығы зор қызметтері туралы баяндайды. Дәрігерлердің тек жұмыстары ғана емес, отабсылық өмірлері, жеке проблемалары мен кезекті уайымдары жайында сөз қозғайды. Сонымен қатар отандық телехикаяда тек дәрігерлер мен медбикелер жайында емес, одан бөлек ем қабылдап жүрген науқастардың тағдыры жөнінде де айтылады. Телехикаяда қырыққа жуық ауру түрлері мен онымен күресу жолдарыанықтау барысы баяндалады.

Отандық  өнім телехикаяның сценарийлік желісі бойынша,  басты кейіпкер Кәмшат есімдің дәрігердің ұстанымы бәрінеде төтет беріп, жұмысына адал болуына көмектеседі. Оның пайымдау бойынша, дәрігер өз саласында инеліктей жылдам, еңбекқор, шыдамды, керек болса бар  жер шарын аралап өтетіндей күш-қуаты мен әл-ауқаты болуы шарт. Ал телесериалдың басты мақсаты- осы секілді туындылар арқылы медицина қызметкерлерінің ауыр еңбек жолын көрсете отырып, қоғамның оларға деген құрметі мен марапатын арттыру болып отыр. Олардың барша қасиетін дәріптеп, көпке көрсеткен жақсылықтарын насихаттау. Қазақстандық кино жобаның түсірілімдері үшін Алматы қаласында орын тепкен Текелі қаласы таңдалып алынған болатын. Басты кейіпкерлерді сомдайтын актерлер мен актрисалар қатарында: Салтанат Қалиева, Нарқыз Тамабай, Ақберген Жұмабай, Захира Рахымжан, Назгүл Қарабалина, Сұлтан Алтынбай және тағы да басқалары ат салысқан. Кинорежиссері ретінде Мұрат Жұмабаев таңдалып алынған. Дәрігерлер туралы шығармаға ерекше сценарий жазған – Қанат Рамазан. Қоюшы операторлық қызметте – Владислав Зажерило. Әуенмен әсемдеген белгілі композитор әрі ерекше музыкант, талантты орындаушы Арман Дүйеснов. Дыбыстың режиссерлері: Олег Шитов және Екатерина Шамсутдинова. Монтажын жасағандар: Ермек Закарин және Арслан Мұхамеджанов. Ал қоюшы суретші қызметінде – Сәуле Ерденова. Кастинг бойынша директоры – Гүлнар Құрманбекова.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы