Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 шілде, 2021390

Сатыбалды Нарымбетовтың фильмінің түсірілімі жалғасады

Жетпіс бес жасқа келіп өмірден өткен режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің «Ұзақ жаңғырық» фильмінің түсірілім жұмыстары жалғасады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

«Кинорежиссердің мұрасын және оның есімін сақтау үшін Мәдениет және спорт министрлігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-на хат жолдады, онда «Ұзақ жаңғырық» киножобасының жаңа бас режиссері мен бас продюсерін анықтау ұсынылды. «Қазақфильм» АҚ фильмді аяқтау үшін режиссер ретінде Сатыбалды ағаның ұлы Асқар-Мұхит Нарымбетовты тағайындау туралы мәселені қарастырып жатыр», – деді Мәдениет және спорт министрі.

Фильмнің сюжеттік желісі поляк жазушысы, революциялық көсем және этнограф Адольф Янушкевичтің өмір жолын баяндайды. Оның «Қырғыз даласындағы саяхаттардан күнделіктер мен хаттар» атты жұмысы бірнеше тілге аударылған.

Ол 1803-1857 жылдар аралығында өмір сүрген.  А.Янушкевичтің қазақ жеріне саяхаты 1848 жылдан 1857 жылға дейін Көкшетау мен Ақмолаға, Памирге дейін жалғасты. А.Янушкевич оларды «Қырғыз даласынан келген хаттар» және «Күнделіктер мен хаттар» еңбектерінде сипаттады. Қазақтардың күнделікті өмірін, тұрмыс-тіршілігін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын айқын суреттеу, төл мәдениет туралы мәліметтер, тарихи дәлелдер оның достарымен және отбасымен жеке хат алмасуының арқасында бізге жеткен.

Сондай таныстарының бірі Зелинский саяхатшының жазбаларын өз өлеңінде қолдануды өтінгенде, Янушкевич тек бір ғана шартпен рұқсат берді: «Менің сүйікті қырғызым туралы тек жағымды нәрселер болсын!»

Адольф Янушкевич Қарқаралы маңында, Талды өзені мен Қарасор көлінің жағасында, Куу тауларында бір айдай болды. «Біз Попов Баянауыл ауданынан көмір жеткізіп, қалайы қыздыратын Кува тауларына жақындадық. Бұл таулардың көрінісі өте көркем: шыңдары алыстан рыцарьлық сарайлардың қирандылары сияқты көрінеді. Біз 40 миль жүрдік, жатақтарда түнедік», – деп жазады ол күнделігінде. Адольф Янушкевичтің естеліктерінде оның көптеген керемет күйлердің авторы Тәттімбет болыпен кездескендігі туралы дәлелдер бар.

Қазақтар туралы осыншама таптырмас дерек қалдырып кеткен тұлғаның күнделіктерінде сипатталған оқиғалар мен фактілерді режиссер Нарымбетов өзінің көзі тірісінде Қазақстан тарихы туралы объективті дереккөздерге маңызды қосымша деп санады. Сондықтан фильмнің жұмыс атауы таңдалды - бұл біздің ұрпаққа жеткен өткеннің жаңғырығы.

Сценарийді Сатыбалды Нарымбетов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжармен бірге жазды. Басты рөл – Адольф Янушкевичтің образын сомдау үшін актер, Польша тұрғыны Петр Полак бекітіліп қойған болатын. Фильмнің түсіріліміне арнайы қаржы бөлінген. Жобаның басты қоюшы-операторы – Ескендір Нарымбетов.

Айта кету керек, 2019 жылдың сәуірінде қаржы ресурстары бөлініп, Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмнің» түсірілім тобы «Ұзақ жаңғырық» толықметражды көркем фильмінің өндірісін бастаған еді.

Бірақ 2020 жылы коронавирус пандемиясы мен елде жарияланған карантин режимі фильмді түсіру процесіне өзгерістер енгізді. Фильмді түсіруді жалғастыруға бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды. Содан кейін түсірілім жұмыстары уақытша тоқтатылды. Фильмді қаржыландыру 2021 жылдың мамырында толығымен қалпына келтірілді.

«Біздің соңғы сұхбатымызда Сатыбылды аға өзінің болашақ жоспарларымен бөлісті. Ол Кенесары хан туралы фильм түсіріп, «Ұзақ жаңғырық» фильмін аяқтап, жарыққа шығаруды армандаған еді», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Көрнекті қазақстандық актер, сценарист, продюсер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында қайтыс болды. Ол – «Көзімнің қарасы», «Қыз жылаған» секілді әлеуметтік мәселелерді көтеретін картиналарымен, сондай-ақ «Аманат», «Мұстафа Шоқай» секілді тарихи фильмдерімен Қазақстан халқының назарын жаулаған тамаша кинорежиссер.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы