Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 маусым, 2020355

«Супер агенты» фильмінің Қазақстандағы түсірілімдері аяқталды

Эстрада жұлдызы әнші Бүркіттің «Супер агенты» атты экшн-комедиясы түсірілімдерінің бір кезеңі аяқталды. Келесі кезеңі бауырлас Түркия елінің Ыстамбұл қаласында жүргізілмек.

Осы айдың басында танымал қазақстандық әнші Бүркіт жаңа туындысын түсіруге кіріскенін хабарлаған болатынбыз. Енді, міне, араға екі апта салып, фильм түсірілімдерінің жартысы да бітті.

«Міне, Қазақстандағы түсірілімдеріміз аяқталды, аз-ақ қалды. #Суперагенты экшн-комедия. Екі апта тез өте шықты!», - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Фильм көңілді үштік туралы сыр шертеді. Нақты не жайында әнші кейін айта жатар. Ал, әзірге басты рөлдерді вайнерлер Серғазы Тоқтарбек пен Мейірхан Шерниязов, сонымен қатар, жас актриса Айя Садуақасовалар сомдайтынын ескеріңізге сала кетпекпіз.

Фильм операторы – Азамат Дулатов, режиссері Дамир Тастанбеков. Картина сценарийін Әли Жансейіт пен Бүркіт жазды.

Фильм авторлары жаңа туындының трейлері жақын арада шығатынын айтады. Ал, фильм премьерасын белгілдеп те қойған – биылғы жылдың 24-ші желтоқсан күні көрермен назарына ұсынылады деп жоспарланған.

Айта кетейік, «Супер агенты» комедиясы Бүркіттің үшінші төл туындысы болмақ. Осыған дейін ол «Логово» триллері мен «Загадай желание» комедияларын түсірген болатын.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @berkut_aibekjan

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы