Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 қаңтар, 2021210

Тағы бір шетелдік картинада қазақстандықтар бой көрсетті

Ресейлік «Последний богатырь» кинолентасына қазақстандықтар трюк қойды. Еліміздің Action Studio KUN-DO компаниясы танымал кинофильмнің жалғасы үшін экшн-сахналарын орындады.

Елімізде трюк өнерінің шеберлері көбейіп келе жатыр. Тағы бір қазақстандық ұжым шетелді бағындыруда. Бұл жолы көрші Ресей елінің түсірген «Последний богатырь: Корень зла» деп аталатын жаңа картинасында біздің отандастарымыз өз өнерлерін көрсетті. Қазақстандық компания Action Studio KUN-DO кинофильмдерде экшн-көріністерді әзірлеу және оны орындаумен айналысады. Бұл өнер ордасының негізін кинопродюсер Игорь Цай қалаған болатын. Алайда қазіргі таңда студияны оның інісі Роберт Кун басқаруда. Бұған дейін Action Studio KUN-DO компаниясы танымал режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетовтың «Президент Линкольн: охота на вампиров» кинофильмінде өз өнерлерін көрсеткен еді. Сондай-ақ, студия Индар Джендубаевтың «Он-дракон» және Максим Полинскийдің «Мажор» секілді кинофильмдерімен бірге жұмыс істеген болатын.  


tengrinews.kz

Роберт Кун – Action Studio KUN-DO компаниясының басшысы, актер, монтажер:

«Мені екінші юниттің режиссері ретінде шақырған болатын. Action Studio KUN-DO компаниясымен бірге ойластырылған барлық экшн сахналарын түсірдім. Біз ұсынған қызметтер кино өнеріндегі экшн жанры кеңістіктегі ең қымбат қызметтердің бірі екені рас. Бұл салада біз ұздіктер қатарында болғандықтан, шетелдік киногерлердің таңдауы дәл біздің ұжымға түскендігі қуантады. «Дисней»- шетелдік компания болғандықтан, олар қалыптасқан жүйе мен тәртіп бойынша жұмыс істейді. Оларға шетелдік сегментте тәжірибесі бар компаниялармен бірге жұмыс істеген тиімдірек»,- деді.

«Последний богатырь: Корень зла» - бұл  2017 жылы Disney және Yellow, Black & White киностудияларының бірігуімен түсірілген отбасылық фэнтезидің жалғасы.

«Последний богатырь» кинофильмінің бірінші бөлімі бар жоғы алғашқы апталарында-ақ бір миллиард ресейлік рубль сомма көлемінде қаржы жинаған болатын. Финалдық көрсеткіш екі миллиард рубльге жеткендіктен, ЕАИС нәтижелері бойынша картина ең қомақты кассалық қаржыны жинаған ленталар қатарына жайғасты.

Кинокартинаның жалғасын бірінші  бөлімдегі режиссер Дмитрий Дьяченко түсіреді. Жаңа бөлімде басты рөлдің кейіпкері Иван Белогория рыцарьларының конгресін уайымдап алаңдайды. Олар бұл шайқаста өздерінің күш пен жігерлерін танытатын болмақ. Алайда бұл соғыстың орта кезінде ежелгі зұлымдық оянып, Иван ғажайып Белогорияны құтқару үшін ескі достарымен және жаңа жауларымен күш біріктіруі керек болады.

Роберт Кун – Action Studio KUN-DO компаниясының басшысы, актер, монтажер:

«Дмитрий Дьянченко өз ісін және жасап жатқан кино өнерін өте жақсы түсінеді. Бұған «Кухня» сериалы мен «Кухня в Париже», «СуперБобровы» секілді кинофильмдері дәлел бола алатыны сөзсіз.  Бірінші бөлімнің сәтті болуы және жететін жетістігі фильмнің режиссеріне тікелей байланысты екені жасырын емес.

 tengrinews.kz

Әр экшн-эпизодтың нақты баяндауы және оның өз мағынасы болуы керек. Бір уақытта жаппай 10-ға жуық басты кейіпкерлер бір саханада түсуі керек болған жағдайда, біз әр маңызды сәтті ұмыт қалдырмауға тырысамыз. Мұндай жағдайда барлығы тек жауынгерлік хореография тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар жалпы түсірілім, географиялық орын және монтаж туралы түсініктерді ескеру қажет. Экшн сахналарында бұл маңызды орынды алады. Бұл үшін біз превиз қолданатын боламыз, оны тек қажеттілігіне қарай компьютерлік графика ретінде қолданамыз. Превиз-бұл фильмнің алдын-ала түсірілген/анимациялық көріністері, олар нақты түсірілім кезінде немесе қалай болатыны туралы көрнекі нұсқаулық ретінде қызмет етеді»,-деді.

Басты рөлдерді Виктор Хориняк, Мила Сивацкая, Елена Яковлева, Екатерина Вилкова, Константин Лавроненко және Сергей Буруновтар сомдады.


tengrinews.kz 

  Фильм 2021 жылдың 1 қаңтарында барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы