Размер шрифта:

Цветовая схема:

22 сәуір, 2020688

«Тақиясыз періште» сериалы қайта оралды

Көрермен көңілінен шыққан фильмдердің қашанда маусымға бөлініп, бірнеше бөлімге созылатыны ғажап емес. Міне сондай картиналардың қатарынан көрінген «Тақиясыз періште» сериалының 3- маусымы көрерменге жол тартты.

Отандық көп сериялы «Тақиясыз періште» телехикаясы қарапайым қазақ жанұясының құндылықтары мен олардың отбасылық қызықты оқиғалары жайында әңгімелейді. Бұл өз кезегінде ене мен келін, ана мен бала, туыс пен көршілердің арасындағы қарым-қатынас, олардың өзара байланыстары туралы бейнелейді. Сериалдың үшінші жаңа маусымында көрермен Алдияр есімді көптен күткен немеренің дүниеге келу мен қатар олардың шаңырағында пайда болған кішкентай сәбидің тәтті қылықтарын тамашалай алады. Қазақстанда танымал болған комедиялық Q- елі сериалына негізделе түсірілген картина көптің көңілінен шықты. Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште»  фильмінің жалғасы секілді түсірілген жобаның жетістігін алғашқы маусымдарынан-ақ байқауға болады. Оған YouTube желісіндегі сериалдың  бірден 57 миллион қаралым жинағаны дәлел бола алады. 

Актерлік ұжым біршама өзгергенімен, басты рөлдердегі кейіпкерлер еш өзгеріссіз қалған. Ананың рөлінде елге белгілі әнші - Жанар Айжанова, әкенің рөлін сомдайтын - Қуандық Шекержанов, ұлы- Төкеш Қыран, келіннің рөлінде КешYou тобының бұрынғы әншісі Ақбота-Нұр Сейтмағамбет. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы