Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 ақпан, 2020517

Тәуекел Мүсілім - «Еріксіз әке»

Тәуекел Мүсілім жаңа комедиялық киноға түсті.

«Тәуекел Мүсілім әке атанды ма?» деген сұрақ туындады ма? Жоқ. Олай емес. Әзірге, әрине. Алайда, дайындалып жүрген сыңайлы. Ал, оған дейін әке болуды  фильмде рөл сомдау арқылы үйреніп жатқан көрінеді. Бұл туралы актердің Инстаграм парақшасына жасаған репостынан белгілі болды.

Түсінуімізше, түсірілім алаңындағы қызықты сәттерден үзінді болу керек. Астына Тәуекел: «Папа поневоле» жуырда кинода» деп жазады.

Ал, әлеуметтік желідегі негізгі жазбаның иесі әзірге танылып үлгермесе де, ақырындап актерлік өмірге араласып келе жатқан кішкентай актер - Айбар Таңғыт. Ол осыған дейін «Тергеушілер» телехикаясының эпизодында кішкентай куәгердің рөлін сомдаған. Бір жыл бұрын жарық көрген қырғыз режиссері Руслан Акунның «Каникулы off-line» фильміне де түскен. Ал, жақында «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фараби жайында «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінен шыққан «Өркениет шырақшысы» бағдарламасында ұлы ойшылдың бала кезін сомдаған. Ал, бұл жолы Айбарға фильмдегі еріксіз әкенің баласы болып ойнау бұйырған тәрізді.

Фильм атауына қарағанда, кинокартина отбасылық комедия жанрында болмақ. Олай болса, көңіл көтеретін кинотуындыны асыға күтетін боламыз! 

 

Авторы: Зарина Смагулова

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы