Размер шрифта:

Цветовая схема:

03 наурыз, 2021356

Телебағдарлама туралы түсірілген алғашқы отандық сериал

Елімізде алғаш рет отандық телебағдарлама туралы телесериал түсірілді. Фильм танымал телевизиялық жобаның ішкі кухниясын, қызықтары мен қиындықтарын көрсететін болады.

Сценарий авторлары қатарында: Жамал Жақсытай, Диляра Нүкен, және Диана Рахым бар. Жобаға продюсерлік еткендер: Мұхтар Барлыбаев, Әйгерім Жабаева және Нұрсұлтан Садманов. Телехикая Төребек Бейсебаевтың режиссерлігімен түсірілген. Операторлар қатарында Қанатжан Мырзағалиев пен Жанат Өмірәлі бар.

Телесериалдағы басты рөлдерді Алтынай Нөгербек, Әсел Акбарова, Қуаныш Керімқұлов, Аян Өтепберген, Гүлназ Жоланова, Нұрқанат Молдахан және Роза Мұқатаева сомдаған.  

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды телебағдарламасы туралы түсірілген туынды ақпан айының жиырма бесінен бастап көрермен назарына ұсынылды. Бағдарлама көптеген жылдар бойы қазақ елімен бірге таңды аттырып, таңертеңгілік уақытта пайдалы әрі қызықты ақпараттар мен жаңалықтар даярлайды. Осы уақытқа дейін қазақстандықтар үшін ерекше бағдарламаға айналған бұл жоба талмай еңбектенетін ұжым мен шығармашылық топтың еңбегі. Телесериал бағдарламаның дәл сол ұжымына арнайы арналып түсірілген. Кадр сыртында жүретін авторлардың жеке тарихы мен оқиғалары туралы баяндайды. Осылайша, телехикая бағдарлама авторлары мен көрермен арасындағы байланыстың одан әрі дамуына айтулы үлесін қосқаны рас.

Жаңа жоба дүйсенбі мен жұма күндері арасында сағат тілі 21:30 болғанда «Qazaqstan» телеарнасында көрсетіледі.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы