Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 ақпан, 2021354

Ticketon Awards премиясына дауыс беру басталды

Мәдениет, өнер және спорт саласы бойынша қазақстандық премияда дауыс беру басталды.

Елдегі түрлі іс-шаралардың өтуіне бірден-бір пайдасын тигізетін, елдегі ең ауқымды сервис  саналатын «Тикетон» компаниясы  жыл сайын ұйымдастыратын Ticketon Awards премиясында дауыс беру басталды. Премия мәдениет, өнер және спорт саласында жүрген өнер адамдары арасында марапатталатын болады.

Ticketon Awards премиясы осымен төрт жыл қатарынан өткізіліп келе жатыр. Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталып, оларға арнайы кубок табысталатын болады.

Биылғы жылы премияда әр сала бойынша 160 қатысушы бақ сынап отыр. Бар- жоғы 21 жеңімпаз 6 бірдей бағытта анықталатын болады. Оның ішінде кино саласы да бар.

Осы жылы сегіз бірдей отандық кинофильм үздік атану үшін бақ сынайтын болмақ. Олардың қатарында: Нұрлан Қоянбаев продюсерлік етіп, Дархан Саркенов режиссерлігімен түсірілген «My love is Aisulu» романтикалық комедиясы, Асқар Бисембин түсірген «Семейные страсти» фильмі, Жеңісхан Момышевтың «Базар жоқ, Мексика» комедиясы, Дамир Тастембековтің режиссерлігімен түсірілген «Я, пышка!» лентасы, Анвар Матжановтың «Гудбай, мой бай 2» киносы, Ернар Нургалиев түсірген «Жаным, ты не поверишь!» қара комедиясы, Олжас Ибраевтың «Любовь на миллион» фильмі мен Әділхан Ержановтың «Черный, черный человек» лентасы бар.

Байқау номинация бойынша алға шыққан көшбасшылар мен жеңімпаздарды интернет-пайдаланушылардың беретін ашық дауыстары арқылы анықтайтын болады. Тикетон сервисі арқылы билеттерді сату статистикасы, мәдениет, өнер және спорт объектілерінен өтінімдер негізінде сыйлықтың ұйымдастыру комитетінің мүшелері іріктеп алған үміткерлер әрбір номинациядағы дауыс беру номинанттары болып табылады.

Дауыс беру  «Тикетон премиясының» ресми сайтында өткізіледі: https://award.ticketon.kz/.

Award.ticketon.kz. сайтына тіркелу арқылы дауыс бере аласыз.  Дауыс беру 2 наурызға дейін жалғасатын болмақ. Сонымен қоса, ұйымдастырушылардың айтуынша, интернет пайдаланушылар күн сайын дауыс беріп, сыйлықтар ала алады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы