Размер шрифта:

Цветовая схема:

24 сәуір, 2020362

Тимур Бекмамбетов коронавирус және карантин туралы фильм түсірмек

COVID-19 вирус пандемиясы қазір жер шарындағы ең қауіпті вирустардың бірі болып отыр. Осы туралы атақты режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов жаңа картинанының жұмысына кірісті. 

Бүкіл әлемді жаулаған COVID-19 вирус пандемиясы адамзат тарихында айырықша есте қалары сөзсіз. Соңғы жүз жылдықта мұндай жағдай болып көрмеген. Қазір адамдар үйлеріне қамалып, бизнестер мен жеке шаруашылықтар жабылып, мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтықтан сабақ беруге көшті.  Күллі жер шарындағы тіршілік тоқтап қалғандай. Бұл жағдай әлемдік кино саласына да әсер етпей қойған жоқ. Кинотетарлардың жұмысы тоқтап, фильм көрсетілімдері де кейінге қалдырылды. Осыған байланысты кино түсірілімдері біршама бәсеңдеді. Киноиндустрия миллиондаған шығынға ұшырады.

 

Танымал киногер, продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов аталған пандемия коронавирус жайында және карантин туралы фильміне кірісті. Жоба конкурстық жүйе бойынша жүзеге аспақ. Яғни, бұл деген сөз фильмге тәжірибелі актерлерден бөлек, қарапайым адамдар да түсуіне мүмкіндіктері бар. Картинаның тағы бір ерекшелігі ол барша дүниежүзін қамтымақ. Картинаға әлемнің кез-келген бұрышындағы адам қатыса алады. 

 

Тимур Бекмамбетов, продюсер: 

 

Жер шарының жартысынан жуығы қазір карантинде отыр. Бұл қазір уақытының көп бөлігін гаджеттерде өткізетін қарапайым халық үшін таптырмас мүмкіндік. Жаһандық көлемді алған мұндай оқиға туралы кино түсіруге көмекке Screenlife форматы келеді. Бұл жүйе қазіргі уақытта кино түсіруге өте қолайлы. 

 

 

Screenlife форматы -  тек гаджет пен ноутбук экрандарында жүзеге асатын іс-қимылды көрсетеді. Шын мәнінде қазіргі карантин уақытында адамдар тек электеронды құралдарға байланған.  Халықтың карантиндегі күнделікті өмірі жайында баяндайтын фильмнің продюсері Мария Затуловская бұл идеяның бүгінгі күні өте актуалды екендігін алға тартады.

 

Мария Затуловская, продюсер:

 

Қазір баршамыз кинода өмір сүріп жатқандаймыз. Өміріміздегі барлық негізгі аспектілер онлайн форматына көшті. Мессенджерлер мен бейнеқоңыраулар, email пошталары досымызға айналды.

 

Нақты оқиғаға негізделген картина қысқаметражды фильм болмақ. Киноға түсу үшін бар-жоғы орыс немесе ағылшын тілдерінде күнделікті карантиндегі өміріңіз туралы видео түсіруіңіз шарт. Оны жобаның сайтында көрсетілген электронды мекен-жайға жіберсеңіз болғаны. Тимур Бекмамбетовтың "Базелевс" студиясы осыған дейін Screenlife форматында «Убрать из друзей» және  «Поиск» картиналарын түсірген болатын. 

 

 

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы