Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 мамыр, 2021218

Тимур Бекмамбетов Қожанасырдың есегі туралы мультфильм түсірмек

Тимур Бекмамбетов «Қожа Насреддин» мультфильмін түсіруді жоспарлап отыр, оның басты кейіпкері фольклорлық кейіпкер есек болады, ал фильмнің премьерасы 2024 жылдың көктеміне жоспарланған.

«Біз бәріміз – есекпіз, барлығымыз ол секілді өмір сүреміз, жұмыс істейміз, еңбектенеміз және аяғымыздың астындағы шаңды ғана көреміз, өз басымызды көтере алмаймыз.  Біздің әрқайсымызға Қожа керек, бізге өз әлемімізді басынан аяғына дейін босатып айналдыра алатын адам керек, бізге жол көрсететін Қожа сияқты жан керек ... Қысқаша айтқанда мен Қожа туралы емес, есек туралы фильм түсіруге бел будым», – деді Бекмамбетов.

Аталған картина 2024 жылдың көктемі жарыққа шығады деп жоспарланған, жалпы бюджеті 500 миллион рубльді құрайды.

Бұған дейін Бекмамбетов өзінің алғашқы театрландырылған  «Қожа Насреддин» қуыршақ театрының қойылымын ұсынды. Онда кейіпкерлер Евгений Миронов, Константин Хабенский, Виктор Вержбицкий, Игорь Золотовицкий, Чулпан Хаматова, Елизавета Боярская және Инга Оболдинаның дауыстарымен сөйлеседі.

Қожа Насреддин –  Орта Азия, Жерорта теңізі мен Балқан түбегіндегі кейбір халықтардың фольклорындағы айлакер кейіпкер. Ол халық шығармашылығындағы әзіл-сықақ миниатюраларының, анекдоттар мен ертегілердің қаөарманына айналған.

Тимур Бекмамбетов – кеңестік, қазақстандық және ресейлік режиссер, сценарист, продюсер, клипмейкер. Оның фильмографиясында «Қара найзағай» («Черная молния»), «Шыршалар» («Елки»), «Выкрутасы», «Время первых» («Алғашқылардың уақыты») сияқты жұмыстар бар.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы