Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 наурыз, 2020500

ТОП - 10 үздік актерлер кімдер?

Отандық киноматографиямыз күннен- күнге даму үстінде. Оны біз жаңадан шығып жатқан жас таланттар мен есімдерге қарап аңғаруымызға болады. Болашағынан зор үміт күттіретін, көрермендерін сапалы картиналармен қуантып келе жатқан біз бен сіздің сүйікті актерлер кімдер. Назарларыңызға еліміздегі үздік жас актерлердің ондығын ұсынамыз.

10 - орын: Санұржан Сулейманов

Санұржан Сүлейменов -  қазақстандық кино және телевизия жас актер. 1998 жылы  9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Болашағынан зор үміт күттіретін актердің дебюті «Аңшы бала» фильмінен басталған. Ол сомдаған отандық картиналар көптеген халаықаралық кинофестивальдерде жүлделі орындарға ие болып, біршама лауреат атанған. Мәселен, «Сердце Байкала», «Құлагер», «КиноШок» және «International Film Festival» сияқты байқауларда номинациялар жеңіп алған. Санүржан «Рэкитер», «Арманның балалық шағы»,  «Арман»,  «Траторшының махаббаты»,  «Аңшы бала»,  «Жаужүрек мың бала»,  «Алдар көсе» сынды картиналарда басты және қосалқы рөлдерді сомдап үлгерген.

9 - орын: Қуаныш Жылжақсынов

1991 жылы Алматыда туылған Қуаныш комедия және драма театры. Дебюттік фильмі жастарға арналған «Нархоз» сериалынан басталады. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі «Super той», «100 минут о любви», «Бойжеткен», «Каникулы в Таиланде», «Слово офицера» сияқты фильмдерде бой көрсеткен.

8 - орын: Жеңіс Омаров

Жастар арасындағы танымал вайнер, әзілкеш Жеңіс Омаров болашағынан үлкен үміт күттірер актерлердің бірі. Инстаграм желісіндегі күлкілі 15 cекундтық видеолардан басталған оның қадамы үлкен толықметражды фильмге дейін алып келді. Ол еліміздің ең үздік режиссері Ақан Сатаев түсірген «Районы» фильмінде рөл сомдады. Кейіннен, тағы бір елге танымал режиссер Асқар Бисембиннің «Наурыз.kz» фильмінде де бой көрсетті.

7 - орын: Ербол Семқұлов

Ербол Семқұлов – театр және кино актері. 1989 жылы 18 шілдеде дүниеге келген актердің бірінші мамандығын Қ.И.Стапаев атындағы ҚазҰТЗУ-да алып, кейіннен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына актер мамандығына түседі. Алғашқы картинасы Есболат Беделханның «Запрещенные танцы» фильмі. Соңғы түскен фильмі «Сүйе білсең» туындысы. Актер спорттан да кенде емес. Семқұлов футбол ойнағанды жақсы көреді. Тіпті  ЦСКА Алматы командасының құрамына кірген. Садақ атып, атқа мінгенді ұнатады. "Nomad" каскадерлік клубында тәжірибе жинаған. Хип-хоп, поп-пинк, брэйк сияқты билердің түрімен айналысқан.

6 - орын: Нұрлан Батыров

Вайнерлердің арасынан суырылып шығып, отандық киномотографияға келген Батыровты жұрт көбіне “Безумная женщина кейпінде таниды”. Осы ұтымды образы оған «Q-елі» комдеиялық скетчомнан рөл бұйыртты. Ал тұңғыш дебюттік фильмі «Super той» болды. Батыровқа кино әлемі таңсық емес еді. Себебі, актер осыған дейін костюм бойынша суретші қызметін атқарған.

5 - орын: Шәріп Серік

1991 жылы шілденің 30 жұлдызында дүниеге келген актер заңгер мамандығын бітірген. Кино әлеміндегі дебютін 2013 жылы «Хранители Солнца»  фильмінде бастайды. Әлеуметті желілерде жастарға Шако есмімен танмымал. Оған 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Ерлер арасындағы ең үздік қосалқы рөл» атты марапаты бұйырды. Ол «Районы», «Мозготрясы», «Кеш келген махаббат», «Унесенные рейсом» сияқты танмал картиналарда рөл сомдаған. Қазіргі таңда актер өнердегі жолында нық қадамдар басып келеді. Жас актерден күтер жақсы жобалар мен жаңалықтар көп болары сөзсіз.

4 - орын: Тәуекел Мүсілім

1988 жылы желтоқсан айының 9 жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген актер, әнші және тележүргізуші. Бала кезінен спортқа құмар болған Мүсілімде ешқашан өнер жолына кету деген ой мүлде болмаған. Көлік жасау мамандығы бойынша білім алған болашақ актер өнер жолындағы алғашқы қадамын модельдіктен бастайды. Оған алғашқы басты рөл «Махаббатым жүрегімде» фильмінде бұйырды. «В поисках мамы», «Все из-за мужиков» «Қазақ аруы», «Я пышка»  сынды фильмдерде басты рөлдерде сомдаған.

3-орын: Асқар Ілиясов

Жас актерлердің үздік үштігін 1996 жылы 22 ақпанда дүниеге келген Асқар Ілиясов бастайды. Ол Борис Щукин атындағы театр институтын бітірді. 2017 жылдан бастап Мәскеу академиялық сатира театрының актері. Өзінің жастық шағына қарамай «Джуна», «Истребители», «Последний рубеж», «Все по закону», «Неизвестный», «Кәсіпкерлер», «Золотая Орда», «Мертвое озеро», «Станция судьбы» фильмдеріне түсіп үлгерген. Жақын арада көрерменге жол тартатын «Базар жоқ, Мексика!» картинасында басты рөлдердің бірін сомдайды.

2 - орын: Данияр Алшынов

Данияр Алшынов – елімізге белгілі танымал актер. Ақмола облысында туылған. Бала кезінен өте зерек әрі алғыр бала болып өскен. Болашағына зор үміт күттіретін математика ғылымын меңгерген. Бірақ, 10 сыныбынан бастап шығармашылық өнерге қадам бастайды. 2015 жылы Алшыновты алғаш жұмысы «Ничего личного» картинасынан бастап көрермен тани бастайды. Актердің толық метражды фильмдегі дебюті «Минус 550» фильмінде болды. Сонымен қоса, ол «Районы», «Келинка тоже человек» және  «Жаным, ты не поверишь» атты фильмдерінде басты рөлдерінде сомдайды.

1 - орын: Санжар Мадиев

Санжар Нұрланұлы Мадиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Киноға дейін Санжар университет кезінен-ақ  әртүрлі жарнамалық роликтерге түсе бастайды. 23 жастағы Санжардың үлкен экрандағы дебюті 2003 жылы Қуат Исаветің детективті «Обратная сторона» фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдау бұйырған. Халық арасында актер режиссер Фархат Шариповтың  «Сказ о розовом зайце» атты фильмінен кейін таныла бастады. Санжар сомдаған әрбір рөл көрерменнің есінде ерекше орын алары сөзсіз. Мадиев тек қазақстандық емес, сонадй-ақ, шетелдік киноиндустриясында да танымал. Санжар Амре Қашаубайұлы туралы "Амре" картинасында американдық режиссер Джефф Веспамен жұмыс істеп үлгерді. Санжар Мадиев сомдаған картиналар мыналар: «Золотая Орда»,  «Защитники», «Замуж в 30», «Несломленный»,  «Фэйк», «Елки-2», «Город мечты», «Книга Легенд. Таинственный Лес»  және т.б.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы