Размер шрифта:

Цветовая схема:

11 тамыз, 2020392

«Тойхана» комедиясының шығатын күні белгіленді

Продюсер Қуралай Анарбекованың «Тойхана» комедиясының шығу мерзімінің жаңа датасы белгілі болды. Картина қыстың бірінші айында көрермендерге жол тартпақ.

«Тойхана» комедиялық фильмнің сюжеті көрермендерге салтанатты мерейтойларды өткізуге заң жүзінде шектеу қойылғаны үшін Қазақстанда болған ерекше бір оқиғаны көрсетеді. Биліктің бұл заңды шығаруына ел азаматтарының тойға деп қомақты несие алып, кейін оны төлей алмай, үлкен шығынға батып жатататыны себеп болды. Сонымен қатар әртістер мен әншілер кірістерін жарияламай, салықтарын төлеймеуі де тойларға шектеу қойылуына әсер етті. Қазақстандық эстрада жұлдыздары енді қалай күн көрмек? Шығармашылық иелерінің басына қиын заман түсіп, мамандықтарын ауыстыруларына тура келеді. Біреулер мұғалім не аспазшы болса, енді бірі спортқа бет бұрады. Ал үшіншілері топ құрып, сүйікті әртістерінің қатысуымен қауіпке қарамастан, жасырын түрде той өткізеді. Біраздан соң бұл жайында билікке жетеді. Олар қазақ тойларын ұйымдастырушысын анықтап, оны ұстау үшін арнайы операциялық топ құрады.

Фильм түсірілімдері Алматыда өткен жылдың қазан айында басталып қараша айында аяқталған болатын. Картинаның коюшы-режиссері Әлішер Утев, қоюшы-операторы болып Шерхан Таңсықбаев еңбек етті. Ал фильмдегі бас рөлдерді актерлер Ерлан Прымбетов, Меруерт Добрынина, Алмат Сақатов пен Қуралай Анарбекова сомдайды. Сонымен қатар фильмдегі бас рөлдерді Абай Бегей, Қайрат Нұртас, Айқын Төлепберген, Беркут, Ерке Есмахан, Бейбіт Құшқалиев, Ділназ Ахмадиева және басқа да қазақстандық жұлдыздар орындады.

«Тойхана» картинасы биылғы жылдың 1 шілде күні қазақстандық прокатқа шығады деп белгіленген болатын, алайда карантинге байланысты бұл дата кейінге шегерілді. Енді «Тойхана» отандық комедиясы 2020 жылдың 24 желтоқсан күні елдің барлық үлкен экрандарына жол тартады.

Айта кетейік, продюсер әрі актриса Қуралай Анарбекова осы уақытқа дейін «Брат или Брак», «Брат или Брак 2», «Ва-банк» картиналарын жарыққа шығарған. «Тойхана» комедиясы продюсердің қоржынындағы төртінші туынды болмақ. Ал қазір продюсер режиссер әрі сценарийші Әлішер Утевпен «Карантин» атты жаңа картинасын дайындап жатыр.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы