Размер шрифта:

Цветовая схема:

17 сәуір, 2020549

«Тойхана» трейлері дайын болды

Қазақстандық актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова жаңа фильмінің трейлерін таныстырды. «ТойХана» деп аталатын төл туындысы комедия жанрында түсірілген.

Жаңа картина не жайында? Бейнеүзіндіге зер салып қарасақ, елде тойларды өткізуге тыйым салынған. Осыдан кейін белгілі әртістер жұмыссыз қалады. Заңсыз жаппай серуендеуге де жол жоқ. Ал, заңға қайшы шыққандармен «Тоймен күрес жөніндегі орган» айналысатын болады. Ары қарай не болмақ?

Фильм сюжеті бүгінгі күнге ұқсас келетін сияқты. Оған продюсердің өзінің де таңы бар. Бірақ комедиядағы оқиғалар желісі мен елдегі қазіргі жағдайдың бір біріне қатысы жоқ, бар болғаны сәйкестік қана.

Мәселен, өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында Құралай бұл идеяны жүзеге асыруды бір жарым жыл бойы армандағанын айтады. Ал, оның «Corich Production» командасы «Ва-банк» фильмінің түсірілімін аяқталған соң, бірден осы жобаны қолға алыпты. Енді міне, дайын өнімнің қысқаша үзіндісі қалың көпшілікке ұсынылып отыр.

Продюсердің жаңа комедиялық туындысында қазақстандық белгілі әртістер - Бүркіт, Ділназ Ахмадиева, Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Айқын Төлепберген, Кентал, Сейфуллин Жолбарыс, Бейбіт Құшқалиев, Абай Бегей, Сон Паскальдар мен танымал отандық актерлер - Алмат Сақатов, Ерлан Прымбетов, Меруерт Добрынина, Мәлік Абдраманов және Құралай Анарбекованың өзі өнер көрсетеді.

Фильмге продюсердің «Брат или брак» фильмінің екінші бөлімі мен «Ва-банк» комедиясын түсірген Алишер Утев режиссерлік етті. Ал, оны таспалаған оператор Шерхан Тансықбаев болды.

Сәтін салса, фильм биылғы жылдың 1-ші шілдесінде көрерменге жол тартады деп жоспарланып отыр.

«Біз коронавирусты жеңеміз. Бірге әрі керемет көңіл-күймен. Сондықтан мұңаймаңыздар және берілмеңіздер. Сіздерді 1 шілде күні күтемін», - деп жазады ол.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы