Размер шрифта:

Цветовая схема:

18 маусым, 2020370

«Три»: желіде жаңа фильмнің трейлері жарияланды

«Три» деп аталатын жаңа картина оңтүстік-кореялық режиссер Руслан Пактың төл туындысы. Бұл - оның Қазақстанда түсірген тұңғыш кинолентасы. Фильм трейлерін өзінің әлеуметтік парақшасына жүктеген танымал қазақстандық актер Асқар Ілиясов кинолентаның не жайында екенін айтып берді.

Отандық актер картинада бас рөлдің бірін сомдайды. Жас тергеуші, оның тәлімгері, жантүршігерлік қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер – фильмнің бас кейіпкерлері. Жас тергеуші қызметкер – Ілиясовтың кейіпкері. Ал, фильм...

«Бұл фильм Кеңес Одағының бірінші адам жегішінің (каннибал) ісін тергеуі жайында. Оның өмірдегі шынайы есімі Николай Жұмағалиев», - деді актер.

Иә, фильм атақты кеңестік каннибал Николай Жұмағалиевтің оқиғасы негізінде түсірілген. Алайда, картинада шынайы оқиғалардың барлығы суретттеле бермейді. Ондағы бас кейіпкер – сериялық қылмыскерді ұстауға қатысқан жас тергеуші.

Триллер жанрында түсірілген туынды - Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ортақ еңбегі. Көркем фильмнің түсірілім жұмыстары Алматыда өтті. Оның режиссері әрі сценарисі кәріс ұлтының азаматы – ташкенттік Руслан Пак. Қазір режиссер таңғы балғындық елінде тұрып жатыр.

Фильмде бас рөлдерді Асқар Ілиясовпен бірге қазақстандық актерлер – Самал Еслямова, Ержан Түсіпов, Нұржан Садыбеков, сондай-ақ, белгілі ресейлік актер Игорь Савочкин сомдайды. Ресейлік актерді қалың көпшілік ресейлік «Громовы» телехикаясы, «Журов», «Банды», «Крик совы», «Левиафан» сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы таниды.

Асқар Ілиясовтың айтуынша, туынды авторлары фильмді халықаралық фестивальдерге қатыстырмақ ниетте. Алайда, онлайн түрдегі емес, оффлайн форматта өтетін кинофестивальдер болса деп отыр. Содан кейін ғана фильмді қазақстандық көрермендер назарына ұсынылмақ. Бұдан бөлек, картинаны Ресейдің үлкен экрандарына шығару да көзделіп отыр.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  трейлер кадрынан алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы